М.Мағауин «Шақан - шері» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, нұсқаулық.


«Әдеби сын дегеніміз — əдебиеттану ғылымы мен қоғамдық ғылымдардың тоғысқан түйінінен пайда болып, күнделікті əдеби процесті зерттейтін, оған баға беріп, оқырманның рухани əлемі аясында қызмет атқаратын əлеуметтік сананың сан қырлы саласы», — деп, Д.Ысқақұлы толыққанды тұжырым жасайды.

Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол – бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіре отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын Әдеби сынының мақсаты мен міндеті де күшейе түскен. Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс Әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағын айтудан ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Құлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушыдың өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынның принциптік сиапты айқындала түсті.

Сын жанрларын айқындаудың басты белгілерінің бірі – оның зерттеу объектісі. Әдеби сын қарастыратын негізгі объектілер – шығарма, жазушы, әдеби процесс. Осы үш түрлі объектіге орай, соларға сәйкес келетін рецензия, шығармашылық портрет, мақала жанрлары қалыптасқан. Сынның басқа жанрлары негізінен осы үшеуінің төңірегінде топталғандай, осылардың түрліше жағдайдағы көріністері іспеттес. Зерттеу объектісі аннотацияда, рецензияда, пародияда – біреу. Ол – жекелеген шығарма, кітап. Творчестволық портрет, эпиграмма, әдеби фельетон, эссе сияқты сын жанрларының негізгі объектісі – жекелеген қаламгер. Ал, мақала, шолу, әдеби памфлет, әдеби есеп, т.б. негізінен әдеби өмірдің өзекті мәселелеріне арналады. Демек, сын мақалаларының қамту аумағы да олардың жанрлық ерекшеліктерін анықтай түсуге көмектесетін өлшемдердің бірі екен.

Сынның жанрлық тізіміне әдеби объектінің көлемі ғана емес, оның сипаты да тікелей әсер етеді. Әдеби фактінің жағымды, жағымсыз болуы сыншы алдына да белгілі бір мақсаттар қояды; соған жету үшін ыңғайлы, қолайлы, объектінің табиғатына сай келетін формада өз пікірін толық жеткізуге ұмтылады. Мысалы, әдеби портрет, эссе, әдеби очерк көбіне әдебиеттің жетістіктеріне арналса, әдеби фельетон, әдеби памфлет, пародия, эпиграмма сияқты сатиралық жанрлар әдебиеттің кемшіліктеріне, жағымсыз құбылыстарына бағышталып жазылады. Жай ғана сыпайы түрде сынау (эпиграмма), қаттырақ (пародия), тым қатты, өлтіре әшкерелеу (әдеби фельетон, әдеби памфлет) қажеттіліктері сынның сатиралық түрлі жанрларын өмірге әкелді. Сонымен, әдеби сынның жанрлық түзілісі әдеби фактінің сипатына, соған байланысты сын міндеттеріне де тікелей байланысты екендігі көрінеді…

…Сын жанрларын жіктеуге септігін тигізетін осы сияқты факторлар көп (Олардың кейбіреулеріне алдағы тарауларда тоқталатын боламыз). Осындай түрлі әсерлердің нәтижесінде қалыптасқан сын жанрларының әдеби бекіген “қалыптары” (стандарттары) жоқтың қасы. Жалпылама белгілері көрініс табатын ортақ нобайы ғана бар. Зерттеу объектісінің сипатына, көлеміне, сыншылық мақсатына, шеберлігіне орай, жанр мүмкіндіктерінің кейде “азайып”, кейде “ұлғайып” отыратындығы байқалады. Әдетте, жанрлар “таза” күйінде кездеспейді. Өмір құбылыстары қаншалықты күрделі болса, оны суреткерлік тұрғыдан бейнелеу де соншалықты шексіз болатындықтан, “өмір шындығы көркем шындыққа қалай айналды?” деген басты сауалға жауап беретін әдеби сынның мүмкіндіктері де соншалықты мол. Қарастырылып отырған әдеби объектінің табиғатына жеткізу мақсатымен сыншы бірде суреткерше сөйлесе, енді бірде публицистикалық мол мүмкіндіктерді пайдаланады, тағы бірде ғылыми тілмен жазып, пікір дәлелдігін нығарлай түседі. Бір сөзбен айтқанда, жанрдың жетіліп шығуы сыншы шеберлігіне тікелей  байланысты. Майталман сыншы алдына қойған мақсатына жету үшін қажетті жанрды дұрыс таңдап, қолдана біледі; жанрлық жағынан жетпей жатқан жерлері болса, жеткізіп алады. Нәтижесінде әрбір сыншының белгілі бір жанрларға бейімділігі қалыптасады. Сөйтіп, сыншы өз жанрын, жанр өз сыншысын іздеп тапқанда ғана жалпы әдеби сынның бағы жанады. Әдетте, жиі айтылатын “жанрын тапқан” деген сияқты тіркестердің ар жағында шеберлікке қатысты көптеген мәселелер жатыр..

http://kazorta.org/syn-zhanrlary/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу