Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 2 сабақ.
Аңызбен өрілген көркем сөз
Шыңғыс Айтматов
«Боранды бекет» романы
Сабақтың мақсаты
Әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау
Бағалау критерийі
Мәтінді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, ойларын білдіреді.
Оқиға орнын анықтап, уақыт пен кеңістікке талдау жасайды;
Мәтіннің түрін және оның үзіндідегі рөлін анықтайды
Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы ең өзекті мәселесі- адамзат баласының сана-сезімінің рухани катаклизмі... Осыған қатысты берілген ойды шеңберде тұрып талқылаңыздар
Жеке адамның мәңгүрттенуі
Халықтың мәңгүрттенуі
1-шеңбердегілер ішкі шеңбер, 2-шеңбердегілер сыртқы шеңбер болып бірігіңіздер. Жеке шеңберде талқылағандарыңызды басқа шеңберге түсіндіріңіздер
Жеке адамның мәңгүрттенуі
Халықтың мәңгүрттенуі
...Яғни, адамның рухани мәңгүртке айналуы. Аңыздық деректегі жарық дүниеге алып келген өз анасын атып өлтіру мәңгүрттенудің жеке адами трагедиясы болса керек. Ал бүтіндей бір халық, ұлт өзінің тегін, тілін, ділін, дінін ұмыта бастау-мәңгүрттіктің қоғамдық, ұлттық трагедиясы
Бүгінгі күні осы үзіндіде көтеріліп отырған мәселе қаншалықты маңызды деп ойлайсыз?
Бағалау критерийі
Мәтінді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, ойларын білдіреді.
Топтық жұмыс
Үзінді бойынша композициялық талдау жасаңыз
1.Үзіндідегі уақыт (ғасыр, күн, сағат, мезгіл) пен кеңістік (оқиға болған орны), оқиға орнының қызметі
2.Мәтіннің түрін және оның үзіндідегі рөлі мен оқырманға әсерін анықтаңыз
Бағалау критерийі
Оқиға орнын анықтап, уақыт пен кеңістікке талдау жасайды;
Мәтіннің түрін және оның үзіндідегі рөлін анықтайды.
Жеке жұмыс
Тапсырма. «Ой түйін» әдісі. Сөйлемді аяқтап, берілген сөздердің көмегімен ойыңызды білдіріңіз.
Адамның өмір бойы өзімен бірге болатын жалғыз қазынасы...
Себебі...
Сонымен қатар...
Біз бұдан...
Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?