А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.
Айгүл кемелбаева
«шашты» әңгімесіОқу мақсаттары:
10.2.1.1 - әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау
Сабақ мақсаты:
Әңгімеден алған үзінділердің композициялық ерекшеліктерін талдау
Бағалау критерийлері:
Әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдайды.
1-топ: «Шашың өлең шөптей қаулай өсіп, / еліңе шашты болып келдің, / Аллатағала жар болып, / ұрпағың шашыңдай көп болып, өсіп-өнсін! / Әумин!»
2-топ: Жеңгелері / ұл баланы / сол мезеттен бастап / Шашты / атап кетті.
3-топ: Әз Тәуке хан тұсында / шоқбелдеу* таққан / Шашты айтулы / азамат болып, / аты ел аузына ілікті.
4-топ: Жорықта қол бастады. / Баяғы теке түрікпенді шауып, / қыруар жылқысын қайтарып алып, / түрікпеннің сұлу қызын / қоса әкелді.
1-тапсырма. «Табыс кестесі» стратегиясы.
ТЖ
Әр топқа екі мәтін беріледі. Мәтіндердің барлығы «Шашты» әңгімесінен алынған.
Оқушылар екі мәтінді оқып, салыстыру жүргізуі керек. Ол үшін оқушылар табыс кестесін толтырады.
Дескрипторлар:
Мәтіндерді салыстырады;
Қажетті ақпаратты анықтайды;
Оқиғаларды байланыстырады;
Өз көзқарасын білдіреді.
2-тапсырма. Ж
«Ерторының немересін түрікпеннен аман келтірген қас тұлпар Қыпшақбоз қаза жетіп өлгенде жігіт ағасы болған Шашты алғандарына жоқтау айтқызып, шиге орап кебіндеп көмді» деген үзіндіні негізге ала отырып, қазақ халқы үшін жүйрік аттың орны бөлек екендігі туралы «Жүйрік ат - бірде ат, бірде қанат» деген тақырыпта 10 минуттық эссе жазыңыз.
ЭССЕ немесе ой толғаныс стратегиясы – тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 10 минут ішінде тоқтамай жазады.
Дескрипторлар:
Үзіндіні орынды қолданады;
Эссе құрылымын сақтайды;
Өз пікіріне нақты деректер келтіреді.
Кері байланыс
«ПИРАМИДА» әдісіӘлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?