А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.
Айгүл Кемелбаева «Шашты» әңгімесі
Оқу мақсаты:
10.2.4.1 - көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.
Сабақ мақсаты:
Әңгімедегі көтерілген мәселені талдау, шығармашылық жұмыс жасау.
Бағалау критерийі:
Көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады.
Топқа бөліну:
1-топ: Өз елің – алтын бесігің;
2-топ: Ат – ер қанаты;
3-топ: Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық;
4-топ: Жүйрік атқа жел қамшы.
1-тапсырма. ТЖ
«Фишбоун» әдісі
Берілген үзіндіні оқи отырып, талдау жасаңыз. Ол үшін балық кескіндемесіндегі мына бейнені қолданыңыз, талдау барысында арнайы реттілікті сақтаңыз.
Негізгі проблеманы анықтаңыз.
Оны қалыптастырған себептерді табыңыз.
Айғақтар мен дәлелдерді келтіріңіз.
Қорытынды ұсыныс жасаңыз.
Бұл ізденістеріңізді балық кескіндемесіне түсіріңіз
Айғақтар мен дәлелдемелер
Негізгі проблема
Қорытынды
ұсыныс
Оны қалыптастырған
себептер
Дескрипторлар:
Негізгі проблеманы анықтайды;
Себептерін табады;
Айғақтар мен дәлелдер келтіреді;
Қорытынды ұсыныс жасайды.
2-тапсырма. Ж
«Кейіпкерге хат» стратегиясы
«Шашты» әңгімесінің кейіпкерлері жылқышы атаға немесе Кенжебекке хат жазыңыз.
Берілген кейіпкерлерге олардың іс-әрекеті туралы сұрақтарды топтастырып, хат жазу керек. Сұрақтар жоғары деңгейде құрылуы тиіс.
Егер ... , не болар еді? Неге...? Неліктен ...?
Осы сұрақтарға өздеріңіздің мүмкіндігіңізше балама жауап ұсынуыңыз қажет.
Мүмкін,... ... болған шығар?
Хат соңында кейіпкерге ұсыныс жазыңыз.
Дескрипторлар:
Хат құрылымын сақтайды;
Жоғары деңгейдегі сұрақтар қояды;
Өз сұрақтарына балама жауап ұсынады;
Кейіпкерге ұсыныс тастайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?