А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесіндегі ұлттық құндылықтар. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.
Шын/жалған ақпараттар арқылы өткен сабақты еске түсіру.
Бұл әңгіме кейіпкері шашы ұзын қыз бала;
Мұнда қазақ халқының қиын-қыстау кезеңінің бір көрінісі суреттелген;
Әңгіменің авторы ХІХ ғасырда өмір сүрген;
Әңгіменің оқиғасы Өзбек даласында болған;
Басты кейіпкер жылқышы түрікпен шал;
Түрікпендерден зардап шеккен екі тұтқын: бірі-қаңлы, бірі-қыпшақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Парасат пайымыСабақ тақырыбы:
А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесіндегі ұлттық құндылықтар
Оқу мақсаты:
Т/Ж 10.1.5.1 - ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру.
Сабақ мақсаты:
Шығармадан алынған үзінділер арқылы ұлттық құндылықтардың көрінісін талдау.
Бағалау критерийлері:
Шығарма контекстерімен мазмұнды жұмыс істей алады;
Ұлттық құндылықтардың көріністеріне талдау жасай алады;
Шығармаға құндылықтар жүйесі тұрғысынан баға бере алады.
1-тапсырма. «Дастарқан стратегиясы» Топтық жұмыс.
Мұғалім аталған кестедегі үлгі бойынша берілген үзіндідегі мәліметтер мен түсініктерді анықтауға тапсырма береді. Тақтаға құндылықтар спектрі сызылған флип-чартты іледі. Әр топ стикерге жазылған кейіпкерлер құндылығын апарып жапсырады. Әрбір топ өз құндылығын ауызша айтып, берілген үзіндінің ортақ құндылығын анықтайды.
Дескрипторлар:
Шығарманы түсінеді;
Үзіндідегі кейіпкерлерге баға бере алады;
Шығарма үзіндісіндегі құндылықтар жүйесін ажырата алады;
Жұппен/сыныппен ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істейді.
Бағалау: жұптар бір-біріне дескрипторларға сүйене отырып, «Мадақтау сэндвичі» арқылы ауызша комментарий береді.
Кері байланыс.
Шығармадағы ұлттық құндылықтарды бір сөзбен атаңыз. Мысалы:
Мен үшін шығармадағы ұлттық құндылық - туған жерге деген сағыныш.
Мен үшін ең басты ұлттық құндылық - шын жүйрік тұлпарды тану.
Үйге тапсырма: Әңгіменің көркемдік тіліне талдау жасау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?