Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 2 сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
Оразақын Асқар
«Шетте жүрген бауырларға» өлеңі
Оқу мақсаты:
Т/Ж 10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;
Сабақ мақсаты:
Өлеңнен алынған үзінділерге талдау жасай отыра, шығармашылықпен айналысу.
Бағалау критерийлері:
Өлеңнен алынған үзінділерге талдау жасайды, шығармашылықпен айналысады.
1-тапсырма
Әр топқа Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі беріледі. Өлеңнен алынған үзінділерді қара сөзге айналдырып, өз ойларын қосып, өңдеп жазады.
Дескрипторлар:
Үзінділерді қисынды қолданады;
Қара сөзге айналдырады;
Өзіндік ойын қосады.
Бағалау
Тапсырманы орындағаннан кейін топтар бір-бірін дескрипторлар бойынша бағалайды.
2-тапсырма
І топ: Өлең негізінде иллюстрациялық сурет салу, түсіндіру;
ІІ топ: Заң шығарушы орган ретінде оралмандарға арналған заң әзірлеу;
ІІІ топ: Шетелде жүрген қазақтарға арналған бағдарлама дайындау.
Дескрипторлар:
Мағыналы сурет сала алады;
Оралмандарға арналған заң әзірлейді;
Бағдарлама дайындай алады.
Бағалау
Тапсырманы орындағаннан кейін топтар бір-бірін дескрипторлар бойынша бағалайды
Кері байланыс
«3-2-1» әдісі
Оқушылар бүгінгі сабақтағы
3-маңызды ақпаратты айтады,
2-ұсыныс білдіреді, 1-сұрақ қояды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?