Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Парасат пайымы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

А/И 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;

 Сабақ мақсаттары

Шығармадан көркемдегіш құралдарды тауып, олардың қызметін анықтау.

 Бағалау критерийлері

Шығармадан көркемдегіш құралдарды тауып, олардың қызметін анықтайды.

 Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық

 АКТ қолдану дағдылары

Аудио, видео құрылғылар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың

ортасы

15 минут

15 минут

Амандасу. Түгендеу. Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін таныстыру. Оқушыларды «Санамақ» әдісі арқылы екі топқа бөлу.

1-тапсырма.

Оқушыларға Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі таратылады. «Фишбоун» белсенді оқыту әдісі арқылы тақырыпты талқылайды.

Орындалу барысы:

басы – тақырыптың мәселесі;

үстіңгі сүйектері – тақырыптың негізгі түсініктері;

астыңғы сүйектері – себептері;

құйрығы – мәселенің шешімі.

Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек, олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалар болуы мүмкін.

«Кім жылдам?» ойыны

Қажетті жабдықтар: әр қырына тапсырма жазылған «ойын тасы»

Тапсырманы орындау барысы: екі топтың оқушыларына әр қырына тапсырма жазылған «ойын тасы» беріледі. Топтың әр мүшесі «ойын тасын» лақтырады. Ойын тасындағы нөмірге сәйкес өлеңнің «деталін» айтады.

Талқылауға берілетін нысандар:

1. Сюжет

2. Кейіпкер

3. Оқиға

4. Мекен

5. Тақырып

6. Әдеби көркемдегіш құралдар

Дескрипторлар:

  • «Фишбоун» әдісі арқылы тақырыпты талқылай алады;
  • Көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін біледі.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Түйін сөз...

Мен үшін жаңалық...

Мен үшін жұмбақ...

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу