А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесінің жанрлық ерекшелігі мен композициясы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.
Жинақы мәтін ықшамдап жазу
Көркем шығарма еш уақытта сюжетсіз болмайды. Сюжет–авторлық мақсат та, фабула – сол мақсатқа жетудің құралы. Сюжет шығарма стилімен, көркемдік дүние құрылымының ортақ заңдылықтарымен тығыз байланысты. Көбіне-көп сюжет шығармадағы оқиғалар ретінде көрінеді.. Фабула мен сюжет бұл «Сюжеттің жаны мен жүрегі – тартыс. Ал тартыстан сюжет құрап қалыптастыру – композиция». Композицияны үлкен құрылысқа теңесек, оның іргетасы, қабырғасы, есік-терезесі, шатыры болатыны сияқты көркем шығармада оқиғаның басталуы (экспозиция), байланысы (завязка), дамуы (ситуация), шарықтау шегі (кульминация) , шешімі (развязка) болады. Сюжет өз міндетіне толық жету үшін, біріншіден, іштей тиянақталуы, яғни суреттелген тартыстың даму сипаттары, себеп-салдарлары толық ашылып көрсетілуі қажет. Екіншіден,оқырманды өзіне баурап алып,суреттелген оқиға дамуындағы әрбір эпизодтың, әрбір детальдың мәніне ойлана үңілдіруі қажет.Сюжеттің көркемдік тартымдылығына қол жеткізу үшін қаламгерлердің қолданатын құралдары сан қилы. Қаламгерлердің бірі оқырманды бірден баурап әкететін аса өткір жағдайларды таңдайды, екінші бірі оқырмандар зейінін әуелі кейіпкердің тосын әрекеттеріне аударып алып, сол төңіректе, сол әрекеттердің себептері жайында ойландыра отырып, кейіпкер әрекеттерінің негізгі себептерінің мәні туралы ойландырады. Сюжетке тән бұл ерекшеліктер белгілі бір оқиғалар желісі суреттелетін шығармаға қатысты. Сюжет экспозиция, байланыс, әрекет дамуы, шарықтау шегі, шешім сияқты бөлшектерден тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилог та кездеседі. Бұл бөлшектердің әрқайсысы шығарма құрылымында өзіндік мән иеленеді.Шығармадағы негізгі тартысқа дейінгі кейіпкерлердің қалыптасу деңгейі және олардың мінез – құлық, әрекеттерінің кейбір басты тұстарын суреттеу – экспозиция деп аталатыны белгілі. Экспозиция үнемі шығарманың басында кездесе бермей, кейде шығарманың соңында да кездеседі. Қалай болғанда да, экспозицияның міндеті біреу, ол – кейіпкерлер қалыптасқан ортаментаныстырып, олардың кейінгі әрекеттерінің заңдылығын дәйектеу. Байланыс – шығармадағы әрекеттердің басталғандығын, қарама – қайшылықтардың туындауын бейнелеу. Қарама –қайшылықтардың туындауын ашу арқылы байланыс оқырманды шығарманың тақырыбын дұрыс түсінуге бағыттайды. Шығармада суреттелетін әрекет дамуының ең жоғары шиеленіс биігіне жеткен тұсы шарықтау шегі деп аталады. Шарықтау шегінің мазмұндық мәні шығармадағы проблемалардың ең жоғарғы ұшығына келіп тірелуінде жатыр. Сюжеттің келесі бір бөлшегі – шешім немесе шешілу шығармада бейнеленген тартыстарды тарқатады немесе оның алдағы шешімінің түрлі ықтимал жолдарын аңғартады. Пролог пен эпилог – кейбір шығармаларда ұшырасатын бөлшектер. Пролог – шығармадағы негізгі сюжет дамуына кіріспе іспетті. Алдағы әрекет дамуынан алдын – ала хабардар ете отырып, пролог шығармадағы әрекет, оқиғалардың себептерін ашып көрсетеді. Фабула – көркем шығармада суреттелген оқиғалар қатары. Фабула (лат. Фабула — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді: Оқиғаны мазмұндау, баяндау тәсілімен, яғни оны өмірде болып жатқан рет-ретімен емес, авторлық шегіністер, орын ауыстырулар арқылы беру. Айтушының болып жатқан оқиғаға қатыстылығымен. Мұның бірнеше жолы бар: алғашқысында автордың оқиғаға қатыстылығы сезілмейді,енді бірде айтушы оқиғаның ортасында жүреді. Шығарманың белгілі бір формада баяндалуы, мысалы, естелік,күнделік, т.б. фабулалық тәсілдерді қолдану арқылы автор оқиғаның баяндауын бірде үдетіп, бірде бәсеңсітіп отырады, кейіпкер көңіл-күйінің қалтарыстарын ашып, образды жан-жақты ашады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?