1-тапсырма. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңін оқып, автор бейнесін ашып көріңіз. Авторға қандай мінездер, қандай құндылықтар тән? Автор өмірде не нәрсені алғашқы орынға қояды? Авторға тән мінез | Шығарманың қай тұсы дәлел бола алады? | | |
Дескриптор: - Шығарманы оқып, түсінеді, автор бейнесін аша алады;
- Автор бейнесіне өлеңнен дәлел келтіре алады.
2-тапсырма. Өзіңізге тиесілі өлең үзіндісімен жұмыс жасаңыз. Әдеби-көркемдегіш құралдарды тауып, оның қай түріне жататынын анықтаңыз. Дескриптор: - Топта бірлікте жұмыс жасайды;
- Әдеби-көркемдегіш құралдарды таба алады;
- Қай түріне жатқанын анықтайды.
3-тапсырма.ТЖ «Әдеби үйірме» әдісі. Әр топ мүшелері рөлдерге бөлініп жасайды. Әр топтан рөлдер бойынша шақырылады, қалғандары толықтырады. Баяндап беруші – оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, осы оқиғаның мазмұнын дайындау. Зерттеуші – оның міндеті (мәтінге байланысты) басты кейіпкердің мінезін немесе басты оқиғаны жан-жақты меңгеру және сипаттау. Сондай-ақ бұл жаңа сөздерді меңгеру және суреттеу немесе өткен тапсырманың қалған бөлігі болуы мүмкін. Сұрақтар құрастырушы – негізгі оқиғаларды қамтитын немесе әңгіменің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды. Бастысы, оқушылар сұрақ қоюдың өлшемдерін, төменгі және жоғары деңгейлердің бөлінуі туралы ескерсе болды. Сілтемелер табушы – оның міндеті әңгіменің тақырыбын, руханилығын ашатын немесе құптайтын кез келген сілтемелерді – белгілі және аздап белгілі афоризмдер, мәтелдер табу. Бейнелеуші-суреттеуші – оның міндеті әңгімедегі кейіпкерге немесе оқиғаға ауызша суреттеу. Дәнекер – оның міндеті негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру. Дескриптор: - Өз рөліне сай жұмыс жасайды;
|