Прозадағы көркем ой. Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 6 сабақ.
Ә. Кекілбаев
«Аңыздың ақыры» повесіСабақ тақырыбы
Сабақ мақсаты
Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіндегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдайды.
Бағалау критерийлері
Көркемдегіш құралдарды анықтау;
Көркемдегіш құралдардың қызметін талдау;
Айшықтау амалдарының қызметін талдау;
Жылулық шеңбері
«Болжау» әдісі
Неге топқа дәл осылай бөліндік деп ойлайсыздар?
Топ атаулары арқылы сабақтың мақсатын анықтай аламыз ба?
«Аңыздың ақыры» шығармасының көркемдік ерекшелігі неде деп ойлайсыздар?
Жұптық тапсырма
«Ойлан-жұптас-талқыла» әдісі арқылы шығармада қолданылған көркемдегіш құралдар мен амалдар туралы жұптық талқылау жүргіңіз.
Топтық тапсырма
Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіндегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін ажырату үшін талдау кестесімен жұмыс жасаңыз.
Жеке тапсырма
Берілген үзіндідегі қолданылған көркемдегіш құралды және қандай мақсатта қолданылғанын анықтаңыз.
Қорықпа, – деді әлдебір қырылдақ дауыс, – барар жерің бәрібір жердің асты... Әмірші айран-асыр. Бұл қалай? Баяғыда тілін кестіріп тастамап па еді? Пышағы жалаңдаған жендеттің қан-қан бір кесек етті көзінше жерге лақтырып тастағаны қайда? Ендеше әлгі жексұрын дауыс қайдан шықты? Әлде оған құдірет қайтадан тіл бітірген бе? Әлде тілін кескеніңмен адамды мылқауға айналдыра алмайтын болғаның ба? Бәлкім, әлгі дауыс мына шебер жігіттің емес, өзінің – Әміршінің даусы шығар? Әміршінің көзі шарасынан шығып барады. Қарсы алдындағы құбыжық соқырдың қан-сөлсіз қаймыжық ерніне бір жымысқы күлкі ілігіпті. Әмірші шегіншектеп шалқалай берді. Оны бір жұтпа батпақ астынан обып барады. Ол, ең болмаса, жан тәсілім алдында тұяқ серпетіндей дәрмен таба алмай тырбанып жатыр...
Кері байланыс
Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім.
Мен ................ түйдім.
Мен ............... ұсынамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?