Прозадағы көркем ой. Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 6

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Прозадағы көркем ой

Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау.

Сабақтың мақсаты

Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіндегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдайды.

Бағалау критерийлері

  • Көркемдегіш құралдарды анықтайды;
  • Көркемдегіш құралдардың қызметін талдайды;
  • Айшықтау амалдарының қызметін талдайды

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер:

Менің ойымша...;

Салыстыра қарғанда...;

Өмірмен байланыстыратын болсам...;

Бұл оймен келісемін/ келіспеймін, себебі...

Осыған дейін меңгерілген білім

Шығармадағы адами және ұлттық құндылықтар көрінісі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Жылулық шеңбері. Оқушылар жаңа күнге бір-біріне сәттілік тілейді, көркемдегіш құралдары(эпитет, метафора, теңеу, метонимия) бойынша 4 топқа топтасады.

«Болжау» әдісі арқылы болжау жасайды:

  • Неге топқа дәл осылай бөліндік деп ойлайсыздар?
  • Топ атаулары арқылы сабақтың мақсатын анықтай аламыз ба?
  • «Аңыздың ақыры» шығармасының көркемдік ерекшелігі неде деп ойлайсыздар? СЖ

Сабақтың мақсатын анықтайды. Сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлрі таныстырылады.

http://freepapers.ru/9/krkemdegsh-raldar/140982.889392.list2.html

Сабақтың ортасы

2 минут

20 минут

12 минут

Тапсырма №1. Жұптық тапсырма.

«Ойлан-жұптас-талқыла» әдісі арқылы шығармада қолданылған көркемдегіш құралдар мен амалдар туралы жұптық талқылау жүргізеді.

Тапсырма №2. Топтық тапсырма. Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіндегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін ажырату үшін талдау кестесімен жұмыс жасайды. ТЖ

1-топтың тапсырмасы

Мәтіннен үзінді

Қолданылған

көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі

Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдардың қызметі

Тасбақаның дауылы басылғаны таяуда ғана емес пе еді. Бес күн бойы қарсы алдынан тандырдың деміндей бет шарпыған қызыл жел ұрған да тұрған. Әлдеқандай долы дүлей қара жерді тас-талқанын шығарып, күл қып уатып, сосын бір алапат табаққа салып ап, елеп, кебегін желпіп ұшырып жатқандай, жер мен кек түгел шаңға айналып кеткен-ді. Қара құрым қалың қол бірін-бірі көре алмай, кеуделерінен төмпештей ұрғылап кері итеріп баққан қызыл желд і бетке ұст ап ілбіген д е отырған. Күллі дүние түлен тигендей тулап шыға келген-ді. Аспан қайда, жер қайда - ешкім ажырата алмастай... Құлақ сарсытып ұлып тұрған жел... Күллі кеңістікті бір өзі ием-деніп, асыр салып ойнақтап жүрген шаң-тозаң... Енді дүние қайта орнына келместей... Сол бір шаң-тозанға айналған қалпы біржола күлі көкке ұшатындай. Әумесер жел бұл мініп келе

жатқан сары күймені де жер бетінен жұлып ап, төбесінде бедірейіп жатып алған сұп-сұр кеңістіктің әлдебір тұңғиығына жітіріп жібергісі келгендей, екілене жұлқылайды.

2-топтың тапсырмасы

Мәтіннен үзінді

Қолданылған

көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі

Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдардың қызметі

Пәлен ай бойы үдере тартып келе жатқан ауыр қол ақыры жау астанасына да жақындады. Алдарынан арқырай мөңкіген тау өзені жолықты. Арғы бетте өкшелері жалтыраған қара сирақ диқандар маң-маң басып дән сеуіп жүр. Кең қойнауды шырқ айнала қоршаған таға таудың баурайының бәрі бұйра-бұйра ну жыныс, үлпілдек ақ

жолақ, ақшыл жолақ, сарғыш жолақ, қызғылт жолақ, жасыл жолақ - теңбіл-теңбіл. Ертеңгі пісетін шырын жемістердің дәмін сездіретіндей бір түрлі күмілжі тәтті иіс кісіні еліттіріп, басқа шабатындай. Сол бір пейіштей көркем қойнауға быжынап көп шатыр қонды. Барлық кернейлер тартылып, барлық дауылпаз дабыл қақты. Әлгі тұнып тұрған тыныш қойнау мен манаурап жатқан марғау т ауларға жан біткенд ей, жан-жақтан

дүбір мен дүсір көбейе бастады. Бұйра жы-ныстардың арасындағы бұғылар мен еліктер сытылып шығып, өзеннің арғы бетіндегі ұлан-асыр кең жазыққа қарай лап қойды. Жан-жақтан тартылған сұр жебе онсыз да жүректері ұшып безіп бара жатқан жүйрік хайуандардын соңынан суылдап қуып берді. Талайы омақаса құлап, опат тапты.Қалың қолға оңай ет табылды. Өзеннің арғы бетіндегі қара сирақ диқандар да, қара жолақ айғыз-айғыз аңыз басына қолдарындағы соқала-ры мен кетпендерін, тұқым толы дорбаларын тастай-таст ай қаша жөнелді. Бірақ олардың соңынан оқ жауған жоқ. Тау баурайындағы сыбдыр күшеймесе басылар емес. Олар, шамасы, қалың-қалыңның арасымен арғы қауіпсіз баурайға жылысып бара жатқан жымысқы жыртқыш аңдардын дүсірі болса керек.

3-топтың тапсырмасы

Мәтіннен үзінді

Қолданылған

көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі

Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдардың қызметі

Осыдан он жыл бұрын күнгей еліне жорыққа атт анарда диуанда пікір екі жарылды. Бұның үлкен ұлы: «Ол елдің мол алтынына ие болсақ, күллі әлемд і біз билейміз»,-деп құлшынса, әмірлері: «Қара шыбындай қаптаған көп халықты бағындырып ап, билеп-төст ер болсақ, көп ұзамай олар өзімізді жұтып қояды. Ұрпақтарымыз ана тілін де ұмытып қалады», – деп тартыншақтағанды. Сонда ол құран аштырып еді: «Пайғамбар, заң білмес, жөн білмес бұзақыларға қарсы соғыс аш», – деген сүренің үстінен шықты.

Күнгей елінің алтыны кейбір әмірлерінің қисайған ауыздарын қайта түзеткенді. Қара шыбындай қаптаған елді де жеңуге болатынына сол жорықта көздері жетіп қайтқанды. Ал машырықтың алтыны күнгейдің алтынынан көп болмаса, аз емес. Оны тиыннан тиын балалататын мұның елі жақсы біледі. Ендеше, дәл қазір жаңа жорыққа шығардай кім табыла қояды. Кім? Ол мынау тығырыққа кеп тіреліп қалды. Тұма бұлақ сылдыр-сылдыр ағып жатыр. Қашан келсең де, мынау тылсым кеңістің әлдебір жерінен жапырақ козғар леп тауып тұратын биік ағаштар басындағы судыр-судыр да сол қалпы. Бәрі де бұған: «Ойлан, ойлан», – дейтіндей. Бой сергітем деп келгенінде, қайдағы-жайдағының

бәрін есіне түсіретін осы бір қалтарыс оңашаға, ондағы өсекшінің аузындай ылғи сыпсыңдап тұратын осы бір жапырақ сыбдыры мен су сылдырына ыза боп кеткендей,орнынан тұрып, жалғыз аяқ соқпаққа түст і. Сумаң соқпақ енді оны қайтадан сарайға

баст ады. Манағы маужырап тұрған тып-тыныш дүниені әлдебір түлен түрткендей.

4-топтың тапсырмасы.

Мәтіннен үзінді

Қолданылған

көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі

Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдардың қызметі

Көп ұзамай әкесі шарыққа бұның өзін отырғызды. Көздің жауын алатын әдемі құмыра жасауға саз топырақ пен су, қара көрік лапылдата маздатқан сексеуіл шоғынан да басқа ән бойындағы бұлшык, еттің бәрін солқылд ат а сорып шығатын қара күш, көз етіңді суырып алғанша міз бақпай қарайтын жіті жанар, тоқсан тарау жұлын-жүйкеңнің

бәрін шүйкедей иіріп, түбіттей түтетін үміт пен күдік, ынта мен ыждаһат, соның бәріне ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын қатыгез қанағатсыздық пен көнтері көнбістік керек екенін бала сонда ұқты. Бір кезде өзі отыратын бұрыштағы қоқыр-соқырдың арасында жатқан ескі ашамайдың үстіне енді әкесі жайғасыпты. О да бір кездегі өзіндей бұнын әр кимылына міз бақпай қадалып қапты. Оның жүзінде бір кездегі бұның жүзіндегідей таңырқау, тамсану жоқ. Әке көзінің өткір сұғы бұның өн бойына ине боп шаншылып жатқандай. Кәрі шебер балапан көңіл баласының ұп-ұлпа жүйкесін сол бір шаншудай қадалатын сұсты жанарымен ширықтырмақ. Әйтпесе, албырт жастың ыждаһаты да лақтың түбітіндей, иірілуден гөрі түтілуге оңтай тұрады. Жаппар шын шеберді шыңдайтын өзгенің көзі екенін сол әкесінің ертеден қара кешке міз бақпай қараған мір жанарынан ұқты. Әкесінің шеберханаға бөгде жұртты неге кіргізбейтінін де енді түсінді. Шебер де он екі мүшесіндегі ен сұлулықты шәйімен қымтап, көлденең көзді оқыс жалт еткен ай дидарымен ынтық қып қоятын кермиық кербез сұлудай, кез келген тіміскі көзге сыр шаша бермеске керек.

Бағалау критерийлері:

  • көркемдегіш құралдарды анықтайды;
  • көркемдегіш құралдардың қызметін талдайды;
  • айшықтау амалдарының қызметін талдайды.

Тапсырма №3. Берілген үзіндідегі қолданылған көркемдегіш құралды және қандай мақсатта қолданылғанын анықтайды.

Қорықпа, – деді әлдебір қырылдақ дауыс, – барар жерің бәрібір жердің асты... Әмірші айран-асыр. Бұл қалай? Баяғыда тілін кестіріп тастамап па еді? Пышағы жалаңдаған жендеттің қан-қан бір кесек етті көзінше жерге лақтырып тастағаны қайда? Ендеше әлгі жексұрын дауыс қайдан шықты? Әлде оған құдірет қайтадан тіл бітірген бе? Әлде тілін кескеніңмен адамды мылқауға айналдыра алмайтын болғаның ба? Бәлкім, әлгі дауыс мына шебер жігіттің емес, өзінің – Әміршінің даусы шығар? Әміршінің көзі шарасынан шығып барады. Қарсы алдындағы құбыжық соқырдың қан-сөлсіз қаймыжық ерніне бір жымысқы күлкі ілігіпті. Әмірші шегіншектеп шалқалай берді. Оны бір жұтпа батпақ астынан обып барады. Ол, ең болмаса, жан тәсілім алдында тұяқ серпетіндей дәрмен таба алмай тырбанып жатыр...

Сауалдар:

Беілген үзіндіде қандай көркемдегіш құрал мен амалдар қолданылған?

Автордың ол тәсілдерді қолданудағы мақсаты қандай?

Бағалау критерийлері:

-көркемдегіш құралдарды анықтайды;

-көркемдегіш құралдарды қолданудағы автор мақсатын анықтайды;

-айшықтау амалдарының қызметін талдайды.

http://adebiportal.kz/upload/iblock/5c9/5c9305b450bfd33831da984c5e1fd24f.pdf

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.

Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім.

Мен ................ түйдім.

Мен ............... ұсынамын.

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

БағалауОқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу