Прозадағы көркем ой. Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 8 сабақ.
Прозадағы көркем ой
Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі
Оқу мақсаты:
10.А/И2. Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;
10.Б/С1. Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;
Жетістік критерийлері:
10 А/И2 мақсаты бойынша:
Авторлық идеяны анықтайды;
Өмір шындығын таниды;
Авторлық идея мен өмір шындығын айқындайды.
10 Б/С1 мақсаты бойынша:
мазмұндас шығармамен салыстырады;
тарихи құндылығын бағалайды;
көркемдік құндылығын бағалайды.
«Галереяда ой шарлау» стратегиясы арқылы қабырғада ілінген тұжырымды оқып, ой қорытып, сабақтың мақсатын анықтайық.
Қазақ даласының кіндігі - Ұлытау көшпенділер аңызының аяқталған жері іспеттес. Кекілбаев шығармасы оңай оспақ адамның ойы қорыта алмайтын, қорғасын салмақты тереңге тартатын ұлы әңгіме болса, Ұлытау әлемді жұмса - жұдырығында, ашса - алақанында ұстаған баба көшпенділердің мәңгілікке дамылдаған қасиетті өлкесі. Мүк басқан тастар, бел-белестер ұзына созылып, ұшқасып жатқан Ұлытаудың шоқ тоғайлары аракідік жарқ етіп көзге түседі. Дала желімен мұңдасқан мазарлар, бабалардың тұрпаты мен тұлғасын, өр рухын ғасырлардың тезінен уатпай жеткізген балбалдар, баба қиялдың, баба сананың тастағы өрнегі - бәрі-бәрі қазақтың қасиетті Ұлытауында жатыр.
Тапсырма №1
Жұптық тапсырма. «Дөңгелек үстел» стратегиясы арқылы авторлық идея, тарихи шындық пен көркем шындық ұғымдарын жұпта талқылаңыз.
1.Әңгіменің авторы мен тақырып арасындағы байланыс?
2.Оқиға қай жерде өтті?
3.Оқиғаны қалай өрбітеді?
4.Оқиғада басты шешім жасаушы кім?
5.Оқиғаның негізгі идеясы неде?
6. Шығармада көркемдік шындық басым ба әлде тарихи ма?
Тапсырма №2
Топтық тапсырма. Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесіндегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындаңыз.
1-2 топтар. Авторлық идея мен өмір шындығының байланысын айқындаңыз.
3- 4 топтар. Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» мен І.Есенберлин «Қаһар» шығармасындағы тарихи және көркемдік құндылығын бағалаңыз.
Бағалау критерийлері:
-Авторлық идеяны анықтайды;-Өмір шындығын таниды;-Авторлық идея мен өмір шындығын айқындайды.-Тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.Тапсырма №3
Жеке тапсырма. Бекіту сұрақтары:
Әңгімеде қандай кезең суреттелген?
Тарихи құндылығы неде?
Жазушының негізі айтар ойы, көтерген мәселесі не?
Әңгіме өзіңе қандай ой салды? Алған әсерің қандай?
Бағалау критерийлері:
-Авторлық идеяны анықтайды;
-Өмір шындығын таниды;
-Авторлық идея мен өмір шындығын айқындайды.
-Тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.
Кері байланыс:
Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім.
Мен ................ түйдім.
Мен ............... ұсынамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?