Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 1 сабақ.
Сыныбы: 10
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» 1- сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
Т/Ж1Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
1. Шығарма мазмұнын қысқаша баяндап, әдеби тілдік қорымен , түсінікті тілде жеткізе алады;
2. Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдай алады.
Бағалау критерийі
Алдымен сынып 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Оқушылар 1, 2, 3, 4-ке дейін санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын шығарманың оқулықтағы беттері белгіленген соң, әр оқушы шығарма бөлігін түсініп оқуы қажет.
Топтық жұмыс ,1-қадам
- 4 логикалық бөлікке бөлінген шығарманың 4 бөлігін 4 топтың оқушылары бөліп алады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” шығарманың тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажет , өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының жауапкершілігіне байланысты.
- Сыныптағы оқушылар бастапқы топтарына барып, өздерінің оқып келген бөліктеріндегі мазмұнды баяндап береді.
2- қадам
Жетістік критерийі:
Шығарма мазмұнын түсінікті тілмен ,
қысқа әрі қызықты етіп жеткізе алса…
Оқушылар бірін-бірі «Саусақ әдісімен» бағалайды.
Бағалау
1.Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алдыңыз?
2.Шығармамен танысуда ДЖИГСО әдісі тиімді болды деп ойлайсыз?Неліктен?
3.Қай тапсырманы орындауда қиындық болды?
5. Сізге алдағы уақытта нені жетілдіру керек деп ойлайсыз?
7. Топтық жұмыста топ мүшелері өзара ынтымақтастықта жұмыс жасай алды ма?
Өзіңіз қалаған 2 сұраққа жауап жазыңыз.
Кері байланыс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?