Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.


І топ

АҚБІЛЕК

Ӛскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күр-күр еткен Күршім бар. Алтай, Күршім — не заманнан калың найман мекені. Сол Алтай мен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал. Күн жылт етсе, тӛрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының кӛкірегін аймаласып, тыраңдасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакӛлі. Марқакӛлді алқалаған — ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі — алты ай жазы тау еркесі — киік болып, ӛзге елдерден биік болып, Марқакӛлдің самалында сайран етіп жатқаны. Марқакӛлдің суы балдай. Марқакӛлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап, кӛнек-кӛнек лықылдайды; қара саба емізіктеп, қою, салқын, сары қымыз, быжылдаған дәрі кымыз шара-шара шыпылдайды. Бір шарасын ішкен адам дәл қор қызын құшқандай боп, беті шиқан дуылдайды, аузы қобыз гуілдейді, мас болады, жас болады: жел жетпеске мініп алып, Алтай тауын дүсірлетіп, таудың тасын күтірлетіп, кӛкпар, жарыс, алыс-жұлыс, асыр салып жатқаны. Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. Жүзі айтарлық айнадай боп, кӛзі құралайындай боп, күлкісі атқан таңындай боп, бойы құба талындай боп, былқ-сылқ етіп бұраңдасып, күбірлесіп, кӛлеңдесіп, езу тартса — есің кетіп, сұңқыл қақса — шым-шым етіп, бойың босап, ойың босап, қиялың қия кезеді.

ІІ топ

БЕКБОЛАТ Кара торы, орта бойлы, кошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек кӛз жігітпін. Жасым жиырманың жетеуіне шығып тұр. Атым — Бекболат. Басымда барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстімде орысшалау пенжек, шалбар. Сүр шапан, сар сафиянға кара ала жапқан күміс белбеу аяғымда кӛнелеу қисық табаным бар. Белбеуімдегі жарғақ далбағайым шашақты сары қынды мүйіз сапты ӛткір кездігім, алдынғы капталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттігім — менің ӛнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар. Бұрын бір байдың, осы күнгі орта шарқы үйдің ортаншы баласымын, бұрын кой бес жүзге, жылқы екі жүзге, сиыр алпыска. түйе жиырмаға жеткен еді, осы күні сол малдың тӛрттен бірі де жоқ. Әкеміз неше жылдай елу басы, ауылнай, би болған. Бір ауылнай елдің басты адамының бірі. Ағам отау болып, енші алып кетті. Інім Семейде оқуда. Шешеміз жылқы жылы құрт аурудан кайтыс болған соң, әксміз бір кедейлеу адамның ақ құбаша, бауырсақ мұрын жаңа ӛспірім қызын, беріп қойған жерінен, 15 караға бата бұзып алып еді. Тоқал бұл күнде әкейдің мойнына мініп алды. Жылдағы зекет, пітір, садақасын беріп, бізді оқытуға әжеміз таңқы мұрт, жылтыр кара қожаны ұстап, сегіз жылдай жаз үй артындағы қоста, қыс қонақ үйде теңселіп, қалғып-шұлғып, сабақ оқыдық. Тіл алмай, асқа атқа ӛкпелеп, кісі боқтап, шалдуар боп, қожадан таяқты талай жесем де аяғында хат таныдым. Кӛршінің қатыны мен қожаның ӛсегі білінген соң, әкеміз шығарып жіберіп, содан кейін кӛзіміз ашылды. Оннан асқан соң-ақ қыдырған, қолы бос жігіттердің боқауызын, былапыт әңгімесін тыңдап, он беске келген соң, қыз-келіншек бар үйдің іргесін тырнап, жібін киып, есігін қиратып, түн баласында дамыл кӛрмедік. Жолдастарға еріп, ойын-сауык қуып жүріп, кылжақты, ӛлеңді, домбыраны үйрендім, еті тірі, жаксы жігіттерге еліктеп насыбай, мылтық атуды, ит жүгіртіп, құс салуды үйрендім. Тұзды ет беріп, сауға жығып, қашырып алып талай құстан айрылсам да аяғында құстың да тілін білдім, я шіркін!

ІІІ топ

Үйтқып соққан ызылдақ жел. Ай жоқ. Қараңғылық қоюланып келеді. Сабаған жүндей түйдектелген, шыңылтыр, сұрғылт бұлттар тоғытқан қойдай шоғырмақтанып, тауға қақпақ болатындай, тауды тұншықтыратындай, аш тауықша селдір жұлдыз тарыларын бір-бірлеп қылқып жатыр. Жұлдыздармен бірге үміт сәулелері де бір-бірлеп батып бара жатқандай. О кезде ызғырығы ызылдап, бойды мұздатып, сабалақ қара бұлттан түн жамылған күздің кӛзсіз қара түні ақ бас Алтайдың үстіне қара бурадай шӛгіп, сай-салаға бауырын тӛсеп, дүние қарауытып келе жатыр еді. Кӛк жүзінде жайылып жатқан жұлдыз, қойларын кӛздеп тұратын шопан атасындай — жау кӛргендей, зым-зия жоғалыпты.

ІV топ

Саялдық қара бұлттар-ау! Ақбілектің жанын тұншықтырған қара тұман аз болды дедіңдер ме, үстіне мұнша тӛнгенше, анау асқар таулардың басына тӛнсеңдерші! Күздің сарғыш жапырақтары-ау! Кімді әлдилеп, сыбырлап тұрсыңдар? Қалың бұтаның қайғысыз, қамсыз бӛденелері-ау! Несіне қара түнді жаңғырықтырып тұрсыңдар? Сұлудың жүрегін жанышқан ауыр шерді сендер сейілтем дейсіңдер ме? Қанатын қаршыға күйретіп қиқайған қостың алдына бір қолымен жер таянып, аспанға қарап отырған сүқсырдың налыған зарын тәңірсіне жеткізем дейсіндер ме?! Бұлттар-ау, серпілмейсіңдер ме?! Жапырақтар-ау, сыбдырлап жерге тӛгілгенше, шерлі сүлуға сая болсаңдаршы! Ызғырық-ау, ызылдағанша, жапанда жалғыз қалған баланың әкесіне хабар берсеңдерші! Ой, мейірімсіз шіркіңдер-ау! Сендердің тілдеріңді Алтайдың жаралы аруы бірмейді ғой! Сендердің қас- қабағыңа қараймын, сендерге еркелеймін деп есіл сұлу мұндай күйге ұшырады ғой!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу