Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, нұсқаулық.


Сабақты жоспарлауда оқушыларды бағалауда көмектеседі.

Қалыптастырушы бағалау кері байланыс арқылы оқудың нәтижелі болуына ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, ол оқушыға білім мен түсінуді жақсартуға, білім алуға түрткі болуға, өзін-өзі бағалау қабілетін жетілдіруге жәрдемдеседі. Қалыптастырушы бағалау күнделікті сынып жұмысы үрдісінде ағымдағы білімі мен қабілеттерді меңгеру денгейін анықтауға арналған. Бұл мұғалімдер мен оқушыларға оңтайлы жұмыс істеуіне қолайлы.

 Оқушыларды қорытынды бағалауға дайындау мақсатында ағымдық жұмыстардың тапсырмалары,  мазмұны, құрылымы мен формасы қалыптастырушы бағалауға бағытталады. Тоқсандық баға қойғанда тек қорытынды бақылау жұмысының нәтижесі  ғана емес, қалыптастырушы жұмыс те ескеріледі. Орта мектепте қолданылмайтын критерий мен рубрикалар тоқсандық баға қоюда есептелінбейді.Үй жұмысы да қалыптастырушы жұмыс ретінде қолданылуы мүмкін.

 

Бағалау құралдары:

Рубрикалар мен тексеру парағы.

Рубрика – бұл қалыптастырушы жұмыс кезінде қолданылатын бағалау құралы. Олар алдын ала жоспарлаған тапсырмалар мен критерийлердің арасындағы «көпір»  болып табылады. Рубрикалар критерийлерге негізделген, орта мектептегі қалыптастырушы жұмыстың тапсырмаларында қолданылады және Дипломдық Бағдарламада қолданылуы мүмкін, себебі оқушылар жеңіл қабылдайды әрі қарапайым.

Тексеру парағы – оқушылардың бір-біріне көмектесу үшін қолданатын және мұғалім беретін тапсырманы нәтижелі орындау барысында өз жұмысын бақылай алатын бағалау құралы. Кез келген тапсырманы орындауда тексеру парағын пайдалануға болады.

Рубрикалар мен тексеру парағы оқушылар үшін белгілі бір тапсырмаларды орындаудағы талаптарды білуде, өз жұмыстарын бірнеше рет тексере алуға қолжетімді болып табылады және орындалған жұмысты мұғалім тексергенге дейін өз беттерінше бағалауға мүмкіндігі болады.

Қорытынды  бағалау  оқу курсы бойынша оқушылардың ілгерілеуін өлшеу үшін қолданылады. Қалыптастырушы  жұмыс оқу тәртібінің  бәрінде қолданылады. Қорытынды бағалаудың мақсаты – оқушылардың пән бойынша  оқып үйренген белгілі бір бөлімді, тақырыпты аяқтағаннан кейінгі білім жетістіктерін анықтау.Тоқсан ішінде немесе бөлімді аяқтағаннан кейін міндетті түрде қорытынды жұмыс алу қажет. Бұған қорытынды бақылау жұмысын және үй жұмысын қосуға болады.

Қалыптастырушы бағалаудың әдістәсілдері Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту үдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді «Қол сигналы», «Бағдаршам», «Қорытындылауға арналған карточка индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызекі баға», портфолио, журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар және тағы басқа түрлерін қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың 18 және одан да көп әдістәсілдерін сабақтың әр түрлі кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде, мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады. Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс орындалған жақтарын көрсетеді. Қалыптастырушы бағалау әдістерінің басты ерекшелігі оқушылардың түсіну қабілетін бағалауда, сондай-ақ оқушылардың аналитикалық құралдар мен мысалдарды қолдануында танымдық прогрессін анықтау. Мұндай бағалаудың қорытындыларын оқыту деңгейін жаксарту барысында қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалау әдістерін бірнеше түрге жіктеуге болады. Әдістердің бір түрі мұғалімнің сабақ түсіндіру және жаттығулар орындау барысында қолданылады.

Мұғалім қалыптастырушы бағалау өткізгенде дағдыларды анықтауда тиімді тәсіл ретінде топтағы жұмысты қолдана алады.Оқушыларды жетістік критерийлерімен алдын ала таныстару керек.Мұғалім топтық жұмыста әр топтың оқушыларың тындайды және бақылайды: оқушылардың көбі жетістік критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жете алады. Мұғалім осы оқушылардың аттарын жазып алу керек. Одан кейін мұғалім әлі де оқу мақсатына талпынатын оқушыларды бақылап және қосымша сұрақтарды қоюы қажет:

-Сіздер осы туралы не ойлайсыздар ?

– Маған сіз өз тобыныңызда нені талқылағанды түсіндіре аласыз ба?

Егер де оқушылар практикалық жұмыс орындаған болса, онда сұрақтар осы тапсырмаға қатысы бар болу керек:

– Сіздер қазір не істеп жатырсыздар?

– Сіз қалай ойлайсыз, одан кейін не болады?

– Сіз осы тапсырмада ерекше бірдеңені байқадыңыз ба?

* Топтық жұмыс жасау кезінде мұғалім барлық топтардың жұмысын бақылауға тиіс. Топтағы жұмысты бақылауды және тапсырма орындауға қатысуды қатарынан атқаруға болады. Жауаптары бағалағаннан кейін мұғалім, әлі де оқу жетістіктеріне талпынатын оқушылары бар топқа қайта келіп, оларға оқу мақстына жету үшін тағы да бір мүмкіндік беруі керек. Осы жағдайда оқушыларға келсілерді ұсынуға болады:

* Жаңа идеяны құрастыру;

* Екі идеяны салыстыру;

* Идеяны бағалау;

* Топтағы талқылау негізінде қорытынды жасау;

* Сұрақтарға жауап беру;

Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етедіОқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін- өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін – өзі бағалау – өзіне – өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі.

Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай:

1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?

2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?

3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме ?

4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ?

Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек.Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды.Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады.Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп,нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе,соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.

Ø Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;«Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. Сондай ақ түрлендіру,дамыту,толықтыру керек.Әртүрлі қалып пен мәнмәтінде қарастыра білу керек.Ø Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі;Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек.Ø Оқушылардың өз жұмыстарын талдауға мүмкіндіктері мен біліктері

М

П

И

-кемшіліктер

+ жақсы

S қызықты жауап

Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау және бірін бірі бағалау парақтарын ,өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу