Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, нұсқаулық.


Шығармадағы көркемдеуіш құралдарын талдауда басшылыққа алуға болады. Оқушылар осыған жуық талдау керек.

Үлгі:

Автордың эпитетті қолданудағы мақсаттарының бірі – табиғат көріністерін, тұрмыстық жайларды, жеке құбылыстар мен заттарды оқырман сезіміне әсер етерліктей етіп беру. Мысалы, “Шаңқай түске қарай көтерілген күныстық аптабымен күйдірмей, қалың ағашқа, жайқалған көк шалғынға, құйқалы топыраққа мол қызуын сіңіріп балқытып келеді” (3, 18-б). Сөйлемде көңілге жайдары шуақ төгетін жаз көрінісі сұлу сөздермен нақты берілген. “Алатаудың қарағай орманды көп жықпылдарында ұйып тұрған көкшіл мұнар сұйылып, күлгін тарта бастады. Кешкі күннің қиғаш сәулесі тау жоталарын қызғылт-сарғыш ерекше бір нәзік нұрға малған” (3, 13-б). Талас жоқ, осы сөйлемдердегі эпитеттің сөйлемге әдемі ажар беріп тұрғаны даусыз. Алғашқы сөйлемде жазушы қарағай орманды жыпқылдарында ұйып тұрған көкшіл мұнардың табиғат аясындағы керемет үйлесімді суретін берсе, келесі сөйлемде тау жоталарын нәзік нұрға малған күннің қиғаш сәулесін көз алдыңызға елестетесіз. Алатаудың сұлу келбеті әсем суреттелген.

Эпитеттер кейіпкер портретін беру үшін қолданылған: “Жанымдағы шоферіме көз тоқтап қарап ем – бетінің аздаған секпілі бар, етжеңді жүзінен сәбилік аңқаулық байқалатын, шип-шикі бала екен”. (3, 125- б).

“Жас кезде өмір қайнаған базар секілді. Дос та көп, жолдас та көп. Достың досы саған да дос болып жүретін кез. Сондай бір сапырылысқан тұста аз-кем күн аралас-құраластау болғанымыз бар. Түрі де есімде: ұзын бойлы, арық, ақсары жігіт. Жүйкесі жұқалау ма-әзіл сөзге қызарып кететін. Оған бөтен елдің адамына қарағандай, көңілін аулай сөйлеп, аяңқырып жүретінбіз” (3,6-бет). “Ұзын бойлы, арық, ақсары жігіт сөздері кейіпкердің сыртқы бейнесін бейнелеуде ерекше қызмет атқарған.

а) Адамның бет пішінін сипаттайтын эпитеттер:

Көз: отты көз, адырақ көз, дөңгелек көз, кілегей қой көз, қара көз, көк көз, қоңыр көз, қуақы көз, күлім көз, мөлдіреген нұрлы көз, нұрлы көз, нұры сөніп бара жатқан көз, нұры өткір қара көз, шүйіріңкі көз, шүңірек шегір көз, шегір көз, тіке көз т.б.

“Молдабек адырақ көз, қарасұр бетін тыржыңдатып, балаларды күлдіртіп отыратын қуша шал еді” (3, 96-б).

ә) Адамның дене пішінін, тұлғасын сипаттайтын эпитеттер

Дене: алып дене, әдемі дене, қыбырлаған сұсты дене, сүйегі салбырап босап қалған дене, тершіген ыстық дене, шаршаған дене, босаңсып, ауырлаған дене, зор дене т.б.

Тұлға: бейқам ірі тұлға,ер тұлғалы,ірі, сымбатты, жұмыр тұлға, сұлу тұлға, берік тұлға, сұңғақ бойлы талдырмаш қыз, ұзын бойлы т.б.

Автордың сөз қолданыс ерекшелігінің бірі – адам портретін жасауға қатысатын эпитеттердің ішінде “көз”, “жүз”, “өң”, “ерін”, “дене” сөздерімен тіркесетін сөздерді көп қолдануы.

б) Сұлулықты сипаттайтын эпитеттер: ойнақы ажар, әсем көрік, сұлу әйел, сұлу қыз, нәзік бейне т.б.

3)Эпитеттер кейіпкердің жағымсыз бейнесін беруге жұмсалған:“ Стол үстінен еденге дейін шашылған күл-қоқыс, сигарет қалдықтары, қағаз қиындысы, мүсін жасайтын қоңыр қошқыл сылақтың үгінділері, сейіліп бітпейтін темеке түтіні мүсіншінің жұмыс десе, дүниенің бәрінұмытатын жансебіл адам екенін байқатады ” 

4) Автор эпитетті кейіпкерлерін мінездеуде де орынды пайдалана алған. Мысалы, “ Үлкен жалпақ бетті болғанмен өңі жұқа, лезде қуарып, не қан тепсініп шыға келеді” (3, 15). “Бұл сөйлеп шыққаннан кейін бір жылмаңдаған саржалақ жігіт ұстай алды” (3, 16). Келтірілген мысалдардың алғашқысында эпитеттер арқылы “үлкен жалпақ бетті”, “өңі жұқа” ішіндегісі лезде сыртына шығатын, жаны таза, ақкөңіл образ сомдалса, екінші сөйлемде ұшқалақ адамның бейнесі сомдалған.

Жазушы шығармаларындағы кейіпкер мінезін ашу үшін қолданылған эпитеттер төмендегіше болып келеді: мейірімді шырай; ойлы пішін; сенімді пішін; шімірікпейтін арсыз кескін; байсалды қалып; жарқын мінез; жұмсақ өң, жымысқы қу; қалтыраған сараң; тиянақсыз қу; тік мінез т.б.

5) Эпитеттер арқылы тұрмыс-тіршілікті суреттеген. “Бұрын колхоздың кеңсесі болған ұзынша кірпіш үйдің есігін қамыс албармен қоршап қойыпты. Қай жерде екені белгісіз, дәл аяқ асты маңынан бақпа үйректің қарқылдаған үні шығады” (3,63-б).

Жиырма шақты үй болып дәл осылай көл жағасына қаз-қатар қонушағын ауылдың жыл сайын айнымайтын дағдысы. Күн шыға ауылдың биесі байланады, одан кейін бригадир шал жаудай жағаласып жүріп жұмысшыларды оятады, содан кейін құрт сығып отырып дауыс қылатын Ақсары кемпірдің айқайынан мен оянамын. Ақсары кемпірдің Жорабек деген жалғыз ұлы Ермек көкемдермен бірге соғысқа кеткен. Ақсары бұрын өмірдің тауқыметін көп көрген, содан ашынып, айқайлап сөйлеуді, кейде өзі байқамай әлдекімді балағаттап тастап, артынан «жаңа не деп қойдым» деп қасындағы адамнан өз сөзін өзі сұрап отыруды дағды қылып кеткен, ал жеңіл ауыз жұрттың сөзімен айтқанда, шала ауысқан кемпір” (3, 97-б). Т.Әбдіков кейіпкерлердің тұрмыс-тіршілігін, ауыл тынысын нақты суреттеу арқылы оқырмандарын жалықтырмай, қызықтыра білген.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу