Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


Сұрақтар қобдишасы

Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романының «Махаббат» бөлімінен үзінді тыңдайды, жұпта өзара келісіп, бір оқушы пайымдау және талдау сұрақтарын құрастырып, қобдишаға салыңыз, келесі оқушы сұраққа жауап береңіз.

Сұрақ үлгілері:

Оқиға қайда болып жатыр?

Оқиғаның баяндалуы туралы не айтасыз?

Ханым мен күтушілердің бір-бірімен қарым-қатынасы қандай ?

Ханым мен әмірші арасында қандай алшақтық байқалады?

Ханым осы алшақтықтың себебін қайдан іздейді?

Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты

Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы

Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

1-тапсырма. ЖАК

Мағауия Абайұлы Құнанбаевтың «Медғат - Қасым» дастанынан берілген үзінділер бойынша жеке ауызша комментарий жүргізіңіз.

Тапсырманы орындау жолдары:

ауызша комментарийді әр оқушы жеке жүргізуіне болады;

жұптасып, бір-біріне айтуға болады;

әр оқушы аудиоға жазып, мұғалімге жіберуіне болады.

Қадамдары:

өзін таныстыру;

шығарма, автор;

үзіндінің тарауы, үзіндіге дейін, үзіндіден кейін болатын оқиғалар;

үзіндінің шығармадағы алатын орны;

комментарий кезінде үзіндінің мазмұнына емес, ондағы көтерілген мәселелерге тоқталыңыз;

кейіпкерлер, жер-су т.б. атаулары;

автор көп қолданған сөздер.

2-тапсырма. Индекс карточкалары

Ә.Кеілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Мағауия Абайұлы Құнанбаевтың «Медғат-Қасым» дастаны бойынша тапсырмаларды орындаңыз.

1-топ

1-беті: «Аңыздың ақыры» романы және «Медғат-Қасым» дастаны бойынша негізгі идеяларды атап, оларды жинақтаңыз.

2-беті: Аталған екі шығарманың қай түсініксіз болған тұстары? Нені түсінбегеніңізді тізбектеп, сұрағыңызды жазыңыз.

 2-топ

1-беті: «Аңыздың ақыры» романының «Аңыздың ақыры» бөлімі мен «Медғат-Қасым» дастанының көркемдік құндылықтарын анықтаңыз. Шығармалардың тарихи құндылығы бойынша сұрақ дайындаңыз.

2-беті: Шығармалардан алынған үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырыңыз.

 3-топ

1-беті: «Аңыздың ақыры» романының «Аңыздың ақыры» бөлімі мен «Медғат-Қасым» дастаны қандай сарынға құрылғанын анықтаңыз. Шығармалар мазмұнына сәйкес афоризмдер мен мақал-мәтел айтыңыз.

2-беті: Ә.Кекілбаев пен М.А.Құнанбаевтың шығармаларының тарихи және көркемдік құндылығын салыстырып, баға беріңіз.

 

3-тапсырма. Шеңбер бойынша жазу

Жазушының «Аңыздың ақыры» романы философиялық толғаулардан сыр шертер шығармалар қатарынан орын алады. Романда стильдік өрнек психологтық өнермен сабақтастық табады.  Романның көркемдік болмысын, идеялық қазығын айқындап тұрған қасиеттер жазушының сирек сезімі мен ауқымдылыққа құштар ойы, айшық-бедерге үйір қою тілі...

 

Берілген парақтағы «Аңыздың ақыры» романының тарихи және көркемдік құндылығына қатысты тұжырымға байланысты 2 минут ішінде 1-2 сөйлем жазыңыз. Парақты шеңбер бойында келесі оқушыға жылжытыңыз. Ол алдыңғы сөйлемді оқып, өз ойын қосып жазады. Осылай парақтар жылжып, ең соңында әркімнің өз парағы өзіне келеді. Соңында бір оқушы жазғанды топ алдында оқиды. Егер маңызды деп табылған ақпарат қалып қойса, онда жазулар толықтырылады.

Өздік бағалау

Рефлексия. Пікірлер қоржыны

Үй тапсырмасы

Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романына қатысты қосымша ақапараттармен жұмыс жасаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу