Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Прозадағы көркем ой

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 ҚГБ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1 Тарихи және көркемдік құндылығы

 Сабақ мақсаты

10.3.1.1 - шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

 Бағалау критерийі

Шығарманы осы тектес шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

 Тілдік мақсаттар

 

Сөздер мен сөз тіркестер:

Пән лексикасы және терминология: аңыз, көркемдік, құндылық

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......

 Құндылықтар

адамгершілік

 Пәнаралық байланыс

тарих, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-8

9-10

Қызығушылықты ояту

Сұрақтар қобдишасы

Оқушылар сілтеме бойынша Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романының «Махаббат» бөлімінен үзінді тыңдайды, жұптағы бір оқушы пайымдау және талдау сұрақтарын құрастырып, қобдишаға салады, келесі оқушы сұраққа жауап береді.

Сұрақ үлгілері:

  • Оқиға қайда болып жатыр?
  • Оқиғаның баяндалуы туралы не айтасыз?
  • Ханым мен күтушілердің бір-бірімен қарым-қатынасы қандай ?
  • Ханым мен әмірші арасында қандай алшақтық байқалады?
  • Ханым осы алшақтықтың себебін қайдан іздейді?

Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды.

https://kitap.kz/audiobooks/angyzdyng_aqyry

Сабақтың ортасы

11 - 18

19 - 27

28 - 32

33-36

1-тапсырма. «ЖАК» әдісі

Оқушылар алдын ала М.А.Құнанбаевтың «Медғат-Қасым» дастанын оқып келеді. Дастан үзінділері бойынша жеке ауызша комментарий жүргізу.

Тапсырманы орындау жолдары:

  • мұғалім ауызша комментарийді әр оқушыдан жекелеп сұрауына болады;
  • оқушыларды жұптастырып, бір-біріне айтқызуға болады;
  • әр оқушы аудиоға жазып, мұғалімге жіберулеріне болады; жеке ауызша комментарий әдісі бойынша оқушыларға дастаннан үзінділер беріледі.

Қадамдары:

  • өзін таныстыру;
  • шығарма, автор;
  • үзіндінің тарауы, үзіндіге дейін, үзіндіден кейін болатын оқиғалар;
  • үзіндінің шығармадағы алатын орны;
  • комментарий кезінде үзіндінің мазмұнына емес, ондағы көтерілген мәселелерге тоқталыңыз;
  • кейіпкерлер, жер-су т.б. атаулары;
  • автор көп қолданған сөздер.

2-тапсырма. Т. «Индекс карточкалары» әдісі

Оқушыларға Ә.Кеілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Мағауия Абайұлы Құнанбаевтың «Медғат-Қасым» дастаны бойынша тапсырмалары бар карточкалар таратады.

1-топ.

1-беті: «Аңыздың ақыры» романы және «Медғат-Қасым» дастаны бойынша негізгі идеяларды атап, оларды жинақтаңыз.

2-беті: Аталған екі шығарманың қай түсініксіз болған тұстары? Нені түсінбегеніңізді тізбектеп, сұрағыңызды жазыңыз.

2-топ.

1-беті: «Аңыздың ақыры» романының «Аңыздың ақыры» бөлімі мен «Медғат-Қасым» дастанының көркемдік құндылықтарын анықтаңыз. Шығармалардың тарихи құндылығы бойынша сұрақ дайындаңыз.

2-беті: Шығармалардан алынған үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырыңыз.

3-топ.

1-беті: «Аңыздың ақыры» романының «Аңыздың ақыры» бөлімі мен «Медғат-Қасым» дастаны қандай сарынға құрылғанын анықтаңыз. Шығармалар мазмұнына сәйкес афоризмдер мен мақал-мәтел айтыңыз.

2-беті: Ә.Кекілбаев пен М.А.Құнанбаевтың шығармаларының тарихи және көркемдік құндылығын салыстырып, баға беріңіз.

3-тапсырма. С. «Шеңбер бойынша жазу» әдісі

Жазушының «Аңыздың ақыры» романы философиялық толғаулардан сыр шертер шығармалар қатарынан орын алады. Романда стильдік өрнек психологтық өнермен сабақтастық табады.  

Романның көркемдік болмысын, идеялық қазығын

 айқындап тұрған қасиеттер жазушының сирек сезімі мен ауқымдылыққа құштар ойы, айшық-бедерге үйір қою тілі...

Оқушыларға жоғары берілген «Аңыздың ақыры» романының тарихи және көркемдік құндылығына қатысты тұжырым жазылған парақ таратылады. Әр оқушының өз парағы болады. Оқушылар 2 минут ішінде тұжырымға байланысты 1-2 сөйлем жазады. Парақтар шеңбер бойында келесі оқушыға жылжытылады. Олар алдыңғы сөйлемді оқып, өз ойын қосып жазады. Осылай парақтар жылжып, ең соңында әркімнің өз парағы өзіне келеді. Соңында бір оқушы жазғанды топ алдында оқиды. Егер маңызды деп табылған ақпарат қалып қойса, онда жазулар толықтырылады.

Өздік бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарманы осы тектес шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

М.А.Құнанбаевтың «Медғат-Қасым» дастанына комментарий жасайды

«Аңыздың ақыры» романы мен «Медғат-Қасым» дастанының идеяларын салыстырады

шығармалардың көркемдік құндылығын салыстырып талқылайды

тарихи құндылық бойынша сұрақ дайындайды

үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырады

шығармалардың тарихи және көркем құндылығын айтып, баға береді

Ұсынылған тұжырымға байланысты 1-2 сөйлем жазады.

сөйлемдерді маңызды ақпаратпен толықтырады

презентация

М.А.Құнанбаевтың «Медғат-Қасым» дастаны

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия

Пікірлер қоржыны

Үй тапсырмасы

Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романына қатысты қосымша ақапараттармен жұмыс жасау.

Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?

Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу