Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Бекітемін: ӘБ жетекшісі
САБАҚ: Қазақ әдебиеті | Мектеп: Алматы қаласы ФМБ НЗМ | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 10-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы | |||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | А/И 2. Автор бейнесі | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары | А/И 2. Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау; | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Шығарманың идеясын анықтайды; Өмірмен байланыстырады; | |||||||||||
Құндылықтар | Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. | |||||||||||
АҚТ қолдану | Слайдатар арқылы ақпаратты визуалды қабылдайды, жаттығулар жұмысын интерактивті тақта бойынша орындайды. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология:, Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Менің ойымша, өз сөзіме дәлел ретінде, негізінен, әсіресе, . . . деп ойлаймын, т.б. | |||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Ж.Аймауытов шығармашылығы | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | Ұйымдастыру жұмысы
Сабақтың мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 15 мин 15 мин | Қызығушылықты ояту «Сауал доп» Білу және түсіну деңгейі Оқушылар сандар жабыстырылған допты бір-біріне лақтырады. Допты қағып алған оқушының алақаны қандай санды басады, мұғалім сол сол санға қатысты сұрақтар қояды 1.«Қызын бүркітше бүріп жатқан 2 орысты анасы екпінмен келіп итеріп тастап, балапанын басқан ана құстай баласын бас салды» деген көріністің аяғы немен тынды? 2.Қазақтың бас араздығынан кек туатыны қай көрініс арқылы сипатталған? 3.Ақбілектің көрген зәбірін, арының аяқ асты болуын қай көріністер арқылы байқаймыз? 4.Ақбілекке екі офицердің таласуы, Қарамұрттың жирен офицерді дуэльде атып өлтіруінің себебі неде? 5.Ақбілектің басына түскен қайғысы неде? 1-тапсырма ПОПС формуласына салып Ақбілек өмір сүрген кезеңнің көрінісі қазіргі уақытта кездеседі ме? түйін жасаңыз
ПОПС формуласы Біздің ойымызша, ... Себебі, біз оны былай түсіндіреміз... Оны мына мысалдармен дәлелдей аламыз... (2-3 аргумент) Соған байланысты біз мынадай қорытынды шешімге келдік... Дескриптор: Сұраққа жүйелі жауап береді Попс формуласын нақты толтырады 2-тапсырма «Әдеби - диагностикалық консилиум» Топтық тапсырма
Дескриптор: Сыни пікір білдіреді Нақты, дәлелді жауап береді. | Интербелсенді тақта, суреттер
| ||||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия 3 минут | Үш сауалға жауап...
1.Біз бүгін білдік(нені?) 2. Біз жақсы орындадық(нені?) (не сәтсіз, не түсініксіз?)Топ жақсы орындады (нені?) 3.Тағы не білгіңіз келеді және өзіңіз не ұсынасыз? | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||
Оқушылардың барлығы тақырыпты мәтін құрай алады, кейбірі лепті сөйлемдерді қолдана алады, жекелеген оқушылар интонациялық ерекшеліктерін сақтап айта алады. | Оқушылар бір-бірінің жауаптарын критерийлер арқылы бағалайды. | Интербелсенді тақтадан слайд пен суреттер көрсетіледі Оқушылар денсаулығын күту мақсатында көз жаттығуы жасалады. Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық сезімі оянады | ||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
1-мәтін. Ең кішкентай домбыра Гиннес рекордтар кітабына енді
Қытайда тұратын қазақ жігіті Болатбек Кәрімханұлы жасаған шынашақтай домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлайды.
Домбыраның ұзындығы – 4 сантиметр 5 миллиметр, ені – 1 сантиметр 4 миллиметр. Оны жасаған 29 жастағы Болатбек Кәрімханұлы Қытайдың Алтай аймағына қарасты Буыршын ауданы Егізтөбе ауылында дүниеге келген. Мамандығы – электрик. «Ауылда қарапайым тоқшы (электрик) болып жұмыс істеп жүрмін», - деді Болатбек «Азаттық» тілшісіне. Өзінің айтуынша қолөнермен бала күнінен әуестенген. «Мен ағаштан бұйымдар жасаумен бала күнімнен айналыстым. Бірақ орта мектепті бітіргеннен кейін басқа мамандық бойынша білім алдым, қазір сол алған білімім бойынша жұмыс істеп жүрмін», - деді ол. Болатбек интернетті жиі қарайтынын айтты. «Торапқа (интернетке-ред.) шықсам басқа ұлттардың аспабы бар екен де, тек қазақтың домбырасы ғана жоқ екен. Қазақ болғаннан кейін қазақтың домбырасын таныту қажет. Басында Гиннестің рекорттар кітабына енгізу үшін үлкен домбыра жасамақшы болғанмын. Бірақ оған көп қаржы кетеді екен. Ал менде ондай дүние жасауға ақша жоқ. Сонан кейін неғұрлым кішкентай етіп жасауды қолға алдым. Онда да Гиннестің рекордтар кітабына енудің талаптарына сай етіп жасауға кірістім», - дейді шебер жігіт. Шебердің айтуынша домбыраны жасауға бір ай уақыт кетіпті. «Алдымен домбыраның сыртқы қабын жасадым. Сонан кейін барып домбыраның өзін жасадым. Дауысы дұрыс шығу үшін қаражидек ағашын алып, әрбір бөлшегін жеке жонып, бір-бірімен қиюластырып шықтым. Сыртына қазақы ою-өрнектерді қондырдым», - деді «Азаттық» тілшісіне Болатбек телефон арқылы.
Болатбек Кәрімханұлы Гинннестің рекордтарын саралайтын комиссияның Қытайдағы өкіліне өткен жылдың қараша айында домбырасын құжаттарымен қоса тапсырыпты. «Осыдан бір ай бұрын шамасында домбырамның Гиннестің рекордтар кітабына №01-1201-09541 болып тіркелгені туралы сертификат алдым. Қуанышымда шек жоқ. Жіберуін жіберсем де, уақыт өткен сайын күдерімді үзе бастаған едім», - деді шебер. Ол болашақта егер қаржыдан көмектесетін адам болса, таудай домбыра жасауды ойлап жүргенін айтты.
1-тапсырма. Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасаңыз. Берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын анықтап, сөйлем құрастырыңыз.
қолөнер -
неғұрлым -
қаражидек -
өкіл –
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. Берілген сұрақтарға өз сөзіңмен жауап беріңіз.
Болатбектің домбыра жасауына не себеп болды?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Болатбек неге кішкентай домбыра жасамақшы болды?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оның келешектегі жоспары қандай?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма.
Мәтіндердің стильдік ерекшелігіне талдау жасаңыз.
Стильдік аспектілер | 1-мәтін | 2-мәтін |
Стиль түрі |
|
|
Стильдік сипаты (стильге тән тілдік тұлғалар) |
|
|
Мәтін түрі |
|
|
4-тапсырма
Мәтіндердің құрылымына талдау жасаңыз.
Мәтін құрылымы | 1-мәтін | 2-мәтін |
|
|
|
Домбыраның ұзындығы – 4 сантиметр 5 миллиметр, ені – 1 сантиметр 4 миллиметр. Оны жасаған 29 жастағы Болатбек Кәрімханұлы Қытайдың Алтай аймағына қарасты Буыршын ауданы Егізтөбе ауылында дүниеге келген. Мамандығы – электрик.«Ауылда қарапайым тоқшы (электрик) болып жұмыс істеп жүрмін», - деді Болатбек Азаттық тілшісіне. Өзінің айтуынша қолөнермен бала күнінен әуестенген.«Мен ағаштан бұйымдар жасаумен бала күнімнен айналыстым. Бірақ орта мектепті бітіргеннен кейін басқа мамандық бойынша білім алдым, қазір сол алған білімім бойынша жұмыс істеп жүрмін», - деді ол.Болатбек интернетті жиі қарайтынын айтты.«Торапқа (интернетке-ред.) шықсам басқа ұлттардың аспабы бар екен де, тек қазақтың домбырасы ғана жоқ екен. Қазақ болғаннан кейін қазақтың домбырасын таныту қажет. Басында Гиннестің рекорттар кітабына енгізу үшін үлкен домбыра жасамақшы болғанмын. Бірақ оған көп қаржы кетеді екен. Ал менде ондай дүние жасауға ақша жоқ. Сонан кейін неғұрлым кішкентай етіп жасауды қолға алдым. Онда да Гиннестің рекордтар кітабына енудің талаптарына сай етіп жасауға кірістім», - дейді шебер жігіт
2-мәтін. 2 мыңнан астам музыкалық аспап жасаған шебер
Шығыс Қазақстанда ағаштан түйін түйіп, киелі өнер, ата-баба дәстүрін жалғастырып келе жатқан шебер тұрады. Амангелді Смағұлов өз өмірінде 2 мыңнан астам қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жасап шығарыпты. Оның арасында кәдімгі темір жолда пайданылатын "шпалдан" жасалған домбыра да бар.
Қазақ өнерінің құпиясын ішіне бүккен домбыраны жасау ағаштың үнін тыңдаудан басталады. Нағыз шебер болашақ музыкалық аспаптың дауысын сол кезден бастап сезе білуі тиіс. Қалған іс қолдың шеберлігі мен ептілігіне байланысты. Амангелді Смағұлов осылайша мыңдаған ағашқа жан бітірді. Шебер алғашқы музыкалық аспабын бар-жоғы 6 жасында жасапты.
АМАНГЕЛДІ СМАҒҰЛОВ, ҰЛТТЫҚ АСПАПТАР ЖАСАУДЫҢ ШЕБЕРІ:
- 6 жасымда болатынмын. Шоқпарға ұқсас ағаш жататын. Әлгіні балтамен шапқыладық. Ішін оятын құрал жабдық жоқ. Ішіне қыздырылған тас салып ойдық. Бетіне шай жәшігінің фанерін шегелеп, құлап жасап ішек тартып домбыра жасаған түріміз бар.
Алмынау шебердің мектепте оқып жүрген кезде теміржол астына төсейтін шпалдан жасаған домбырасы. Өлшемдері кәдімгі домбыраға сәйкес келмесе де, дыбысы тамаша. Амангелді Смағұлов өзінің алғашқы шеберханасын 1988-жылы ашқан. Содан бері бұл өнерден қол үзбей еңбек етіп келеді. Қазір домбырадан басқа қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық аспап түрлерін жасайды. Дайын болған туындының алғашқы сыншысы шебердің жұбайы екен.
СӘУЛЕ ЖҰМАТАЕВА, ШЕБЕРДІҢ ӘЙЕЛІ:
- Жасап әкелген аспабын екеуміз бірге сынап көреміз. Ойнап көрсетеді. Мынаның дауысы қалай, ананың дауысы қалай деп. Мен музыка мамандығын меңгергендіктен өзімнің ой-пікірімді айтам. Мынау әдемі шығыпты, мынау күйге келеді, мынау әнге келеді деп айтам.
Амангелді Смағұлов биыл Атырау қаласында өткен домбыра жасаушылардың республикалық байқауында 3-орынды иеленіп қайтты. Есімі елге танымал шебер Ұлан аудандық мәдениент үйінде әнші болып қызмет етеді. Оның мақсаты - ұлттық өнерді ұрпаққа жеткізу.
2-мәтін бойынша тапсырмалар:
1-тапсырма. Фразеологияық сөздікпен жұмыс жасаңыз. Берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын анықтап, сөйлем құрастырыңыз.
топ жару -
__________________________________________________________________
айды аспанға бір шығарды -
__________________________________________________________________
күдерін үзе бастау -
__________________________________________________________________
2-тапсырма. Берілген сұрақтарға өз сөзіңізбен жауап беріңіз.
Амангелдінің домбыра жасауына не себеп болды?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оның алғашқы сыншысы кім ?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Нағыз шебер қандай болады?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма.
Мәтіндердің стильдік ерекшелігіне талдау жасаңыз.
Стильдік аспектілер | 1-мәтін | 2-мәтін |
Стиль түрі |
|
|
Стильдік сипаты (стильге тән тілдік тұлғалар) |
|
|
Мәтін түрі |
|
|
4-тапсырма
Мәтіндердің құрылымына талдау жасаңыз.
Мәтін құрылымы | 1-мәтін | 2-мәтін |
|
|
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?