М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі
____________
«___» ________ 2018ж.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақтың Қанышы | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 10 Қазақ әдебиеті | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы: М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/Ж 10.1.4.1 – көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру, Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе үзінділерін оқыту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. | ||||||||||
Дескрипторлар | Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады, ойы жүйелі, сенімді жазады. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, сауаттылығы жоғары. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру, білім алу. Тәрбие: ата-ана қадірін, отбасы қадірін түсіну, қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынас орнату. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Философия, мәдениеттану, тарих | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Сәлемдесу. Түгендеу. Ұйымдастыру кезеңдері. Ми шабуылы.
ББҮ(KWL) кестесі:
Оқушылар ББҮ (KWL) кестесімен жұмыс жасайды. Олар Қаныш Сәтбаев өмірі жайында, «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе авторы Медеу Сәрсеке жайлы не білетіндерін естеріне түсіріп, «БІЛЕМІН» бағанын, сабақ мазмұны бойынша не білгісі келгенін «БІЛГІМ КЕЛЕДІ» бағанына толтырады, сабақ соңында «ҮЙРЕНДІМ» бағанына өз ойын жазып, нәтижелерін жұбымен бөліседі. Мұғалім сабақ тақырыбы, оқу мақсаты таныстырады. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. | ||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | 1-тапсырма. Әр топқа оқуға мәтін үзінділері беріледі. «ЖИГСО» стратегиясы бойынша топ мүшелері ауысып, бір-біріне түсіндіреді. Топ басшысы бағалап отырады. І топ: «Бала Қаныш» Бала кезінде тас сырына үңілген Қаныштың ертеңгі геолог екенін ұстаздары сол кезден – ақ болжаған. Сабаққа өте зерек болған. Суретті де жақсы салған екен. Ол жайлы ақын Дәулетбек Сағатұлы «Бала Қаныш» атты өлеңінде былай деп толғайды: Қарауытып қалды артта алыс қала Көз алдында көлбеңдейді таныс дала, Шүмек – шүмек тері тамшып келе жатты Жол қапшығын арқалап Қаныш бала. Барар жері жақын ба, алыста ма, Құр бекерге білекті түрмеп еді. Ашылмаған ғажайып, жұмбағы мол Алуан – алуан тас сырын білмек еді … Қанат бітіп, қатайып жас жырына Айға атылған қарамай жастығына Келе жатты қағылез қара бала Он үшінде үңілген тас сырына. ІІ топ: «Студент Қаныш – болашақ геолог» Ол 1921 жылдан бастап, Томск технология институтының «Палеонтология және тарихи геология» бөлімінде оқып, қазақтан шыққан тұңғыш академиктің жолы да осы кезден басталса керек. Кейіннен ол кісінің 740 еңбегі бар екенін, мыңнан астам ғылыми жұмыстардың жетекшісі болғанын білдік. Бұл біз үшін үлкен – жаңалық. Дала – Қаныш, ауылдар, қала –Қаныш, Бала Қаныш көптігі дара жарыс Бәріне де солардың дем береді, Күлім қағып, жол сілтеп, дана Қаныш. Шығыс жақтан қызыл мыс таң кіреді Бірге келер Сарыарқа нәрлі лебі, Кен иесі – Қанекем, жер иесі, Жезқазғаным – Қаныштың жан жүрегі. ІІІ топ: «Қаныштың бойындағы ерекше қасиеттер» Елге сыйлы Қаныш қарапайым, кішіпейіл, жанашыр, үлкендерге демалысында сәлем беріп тұратынын біз бұрыннан білетінбіз. Жаяу Мұса ақын – нағашысы болып келеді. Сол кісі ауырып қалғанда көңілін сұрап барады. Сырқаттанып жатқан қарт ақын, оған «қыранды ал» деп сыйға тартады, қанша қызығып тұрса да Қаныш алмайды.
Көрген жоқ Қаныш өз басын ғана ойланып Отырған емес жан күйттеп титтей жайланып, Күн сайын тастар шағылып, қанттай жататын Күн ұзақ алмас қашаулар тынбай қайралып, Далаға Қаныш, Қанышқа дала жарасқан Қосылған талай, қоштасқан талай тарасқан, Қондырамын деп, дәм беремін деп үйінен Талайын көрдік қазақтың оған таласқан. ІV топ: «Қаныштың қиялындағы қала» «1936 жылдың шілде айы. Шаңқай түс. Кеңгірдің Наушабай аталатын төменгі саласында жайлауда отырған Бекболат ауылының үлкен – кішісі үй сыртынан естілген автомобиль гүріліне елеңдеп есік алдына жүгіріп шыққан: кішкене фордигін зыр қақтырып тағы да келіп қалған Сәтбаев екен, жалғыз емес, қасында бір топ кісілері бар… — Қаныш шырағым, сен өзі кейінгі кезде біздің Наушабайға келуді жиілетіп барасың. Күн құрғатпай десем өтірік болар, әйтеуір биыл сағындырмай соғып жүрсің. Немене, мұның да астынан бірдеңе таптың ба? – деп сұрады Әбдірахман қарт тегене толы қымызды алдына ала беріп. — Мұның кереметі астында емес, үстінде болайын деп тұр, Әбе. Шынымен білгіңіз келсе, ауыл адамдарын шақыртыңыз. Наушабайда енді бірер жылда қандай өзгеріс болатынын айтып берейін .Мына кісілер соның жобасын жасауға келген мамандар, москвалық жігіттер, — деп Қаныш Имантайұлы қасындағы серіктерін таныстырды. Бәрі жиналған соң: - Бұл жерге менің анық білетінім – нақ осы дөңеске, сіздің ауыл қонып отырған биік жарқабақтың үстінен үлкен қала салынады … … Бұл Қазақтың Қанышының қиялында туған қала 18 жылдан кейін қала мәртебесін алған бұрынғы Кеңгір поселкесі, қазіргі Жезқазған қаласы еді … » Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды. І топ: «Менің балалық шағым» тақырыбында бала күніңіздің естеліктерін, сол кездегі арман-тілектеріңізді, қиял әлемінің көрінісін сипаттап эссе жазыңыз. ІІ топ: Томск технология институтының кен факультетінің геологиялық барлау бөлімінде оқыған Қаныштың орнына өзіңізді қойып, алыстағы отбасыңызға хат жазыңыз. ІІІ топ: Адам бойындағы асыл қасиеттер туралы ой қозғап, өлең шығарыңыз. ІY топ: «Қиялдан туған қала» тақырыбында әңгіме жазыңыз. Дескрипторлар:
Топтық бағалау жүргізіледі. | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. «3-2-1» әдісі. Оқушылар бүгінгі сабақтағы 3-маңызды ақпаратты айтады, 2-ұсыныс білдіреді, 1-сұрақ қояды. | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?