М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе (Биге шықты дөңгелеп). Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақтың Қанышы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе (Биге шықты дөңгелеп)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

 Сабақ мақсаттары

Даралау және жинақтау әдістері арқылы шығарма кейіпкерлеріне талдау жасау.

 Бағалау критерийлері

Даралау және жинақтау әдістері арқылы шығарма кейіпкерлеріне талдау жасайды.

 Құндылықтарды дарыту

Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді. Әл-Фараби

 Пәнаралық байланыстар

Тарих, география пәндері

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, слайдтармен жұмыс жүргізіледі.

Бастапқы білім

Жаңа сабақ

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Сәлемдесу;

Оқушылардың назарын сабаққа аударту;

Қ.Сәтбаев туралы ақпаратпен танысып, сабақ тақырыбына болжам жасайды.

1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған.

Мұғалімдер семинариясында Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайберді ұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген.

Бұл – Қаныш Сәтбаев. Оқушылар ғалым туралы өз білгендерін де айтады.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.

https://kk.wikipedia.org/wiki/

Сабақтың ортасы

30 мин

1-тапсырмада оқушылар тірек-сызбалар арқылы жұмыстанады. Әрқайсысы тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

Екі жұлдыз, бір тілек арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.

Берілген үзінді кейіпкерлеріне талдау жасау. ТЖ

1- топ тапсырмасы.

F /Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;

I /Пікір/– кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі;

L /Сұрақ/– кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар;

A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі .

Дескрипторлар: шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинайды; кейіпкер туралы өзінің ой- пікірін білдіреді; кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар құрастырады; автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілін көрсетеді.

Деректер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет

Оқу басталуға екі-үш күн қалғанда Әбікей ағасы немере інісін училищеге апарды. Меңгерушісі Овсянников шашы едірейген, ұзын бойлы кісі екен. Қаныштың Ақкелін мектебін екі жылда жедел бітіргендігі туралы куәлігін қолына алып:

– Үздік бітіргенің бек қуантады, шәкірт Сәтбаев! – деп қарсы алдында

монтиып тұрған жасөспірімге барлай қарайды. – Ал, қане, қымбаттым, бір өлең оқып жібер. Қаныш қызараңдап ағасына қарайды. Әбікей Зейінұлында үн жоқ, жайбарақат отыр. 

– Мұныңыз қалай, қымбаттым? Ұмытып қалдың ба? Түсінемін, жаз

қызығы, жайлауға шыққан ауыл, кең дала...

– Қандай өлең тыңдауға ықылас етесіз, мәртебелі мырза? – 

дейді Қаныш кенет Овсянниковке жасқана қарап.

– Мені Яков Игнатьевич деп атауыңызды өтінемін. Кімнің шығармасын жатқа білесіз, рақым етіңіз, соны оқыңыз. Ұстазы Григорий Васильевич үйреткендей, Қаныш қақшиып тұра қалып, самбырлаған ашық дауыспен:

– Русский стихотворец Федор Иванович Тютчев, «Весенняя 

гроза», – деді де, рұқсат күткендей ересектерге қарады. 

– Неге бөгелдіңіз?  Люблю грозу в начале мая, Когда весенний, первый гром, Как бы резвяся и играя, Грохочет в небе голубом... Балақан мүдірген жоқ, заулата жөнелді, әр ырғаққа, тыныс белгісіне мән бере, мәнерлі үнмен оқыды. Әр сөзін тақ-тұқ, мәнін жеткізе айтады. Әлгінде қаһарлы сияқтанған меңгерушінің жүзі де жыли бастады.

– Алғашқы таныстық үшін жарап тұр! Ризамын, қымбаттым, бек ризамын!..

2-топ тапсырмасы

Дескрипторлар: Кейіпкерлердің қасиеттерін ашып көрсете алады; оларға баға береді, мақал-мәтелмен образын ашады.

Шығарма

Кейіпкер

Кейіпкер қасиеті

Кейіпкерді бағалау

Мақал-мәтелмен образын ашу

Әбiкей Зейiнұлы осы оқу ұясына орыс тiлiнен сабақ беруге шақырылған-ды. Семейдегi мұғалiмдер семинариясын тәмамдағаннан бергi екi-үш жылда ұстаздық өнердiң бүге-шiгесiн меңгерген жiгiт ағасы жасындағы мұғалiм, әрине, ояз орталығына тап болған соң өзi құралыптас әрiптестерiнен олқы түспеудi ойлап, өз пәнiне ықыласты бұрынғыдан да күшейткен. Әмбе ол жаратылысында қатаң тәртiпке үйренген адам, мiндеттi iсiн тиянақты атқаруға дағдыланған. Ал бала тәрбиесi болса, қашаннан ыждаһатқана емес, босаңсуды, жүрдім-бардым қарауды көтер мейтiн жұ-мыс. Сірә, содан да шығар, немере iнiсiнiң келешек тағдырын өз мiндетiне алған Әбекең Қанышқа да қатаң талап қойып, алдындағы жеткiншектерден оқшауланбай, ынта-жiгерiн бiлiм деңгейiн көтеруге жұмсауды қадалаған. Інісі де өз қолына келген күннен орыс тiлiн тыңғылықты үйренуге ерекше құмартып жанын сала кiрiседi. Көркем әдебиет кітаптарын оқуға ынтасын аңғарған Әбекең інісін бірде Халық үйіне ертіп барады. Бұл үй өздері тұратын көшеде. Бұрын онда төменгі сатылы ауыл шаруашылық училищесі болған, кейіннен бұқара халық бас қосатын мәдени орынға айналыпты. Жексенбі күндері мұнда көркемөнерпаздар үйірмесінің хоры концерт береді, кейде «Жанды ойын» қояды. Соның бәрінен де балаға халық үйінің кітапхана мүйісі ұнаған. Қашан барсаң да неше түрлі газет-журнал тігінділері үстел үстінде тізіліп тұрады. Тек үйге бермейді, сол жерде оқисың. Мүйістің кітап қоры көп 

емес, бірақ Қаныш үшін жарап жатыр. Ағасының есеп карточка-сымен алатын ұзын тізбеге көп ұзамай жаңа авторлар қосылды: Толстой, Максимов, Сервантес, Жюль Верн... Ауылда жүргенде қолына түскен кітапқа мәз еді, қазір таңдап, талғап, авторларына қарап алады.

3-топ тапсырмасы. Ұсынылған мәтіндер бойынша төмендегі тапсырмаларды орындайды.

  • Үзінді бойынша сұрақ дайындаңыз.
  • Кейіпкерге мінездеме беріңіз.
  • Екі жақты түсініктеме күнделігін толтырыңыз .

Дескрипторлар: Үзінді бойынша сұрақ дайындайды; Кейіпкерге мінездеме береді; үзіндіден үзінді алып, пікірін білдіреді.

Үзінді

Менің пікірім

Ал Николай Ермилович Алексеев – бір жосын балажан адам. Қашан көрмесін, кімге болмасын, «әкебас, көкебас» деп құрақ ұшып елпілдеп тұрады. Қыр дәстүрін жақсы біледі, қазақшаға да судай. Сол себептен де қиыр шеттен келген, бұған дейін кең далада еркін өскен ауыл, село балалары Николай Ермиловичке көбірек үйір. Үйір болатын тағы бір себебі: Алексеевтің гармонь, сырнай, балалайкада бірдей ойнап, орыстың, қазақтың, татардың неше алуан халық әндерін музыка бөлмесінде сыңсытып отыратын өнерпаз қабілеті; қалайда онымен бірге жүрсең – зерікпейсің; ең құрығанда ертегі айтқызып, болмаса жұмбақ айтысып отырады; ал оның «Кодак» фотоаппаратын сатып алғаны тіпті тамаша бол-

ды. Шәкірт атаулы түгелдей фотоәуесқой болып кетті... Өзі оқытатын жаратылыстану пәнін Алексеев шәкірттеріне 

ұғынықты, мейлінше ұтымды жолмен жеткізуге тырысады: Ертістің шалқар жағасын кезеді; жағалауда шоқтанып өскен тоғай ішінен гербарий жинатады; Павлодар мещандары әжуа етіп күле 

қарайтын әуесқой астроном Гришка-кезбенің шатырына ертіп апарып, жұлдыздар жымыңдаған аспан әлеміне телескоптан сығалатады; жүрген жерінен түрлі түсті тас жинату да Николай Ермиловичтің ойлап тапқан ермегі; солардың әншейін тас емес, ғылымға пайдасы зор қымбат зат екенін, минерал аталатынын да шәкірттер тұңғыш рет сол кісіден естіген; соның бәрінен де, сірә, ең әсерлісі – қала іргесіндегі Коряков тұз кәсіпшілігіне саяхат болса керек...  

4-топ тапсырмасы. Кесте толтыру

Дескрипторлар: Кейіпкерлердің әрекеттері арқылы мінез-құлқын бере алады; кейіпкерге баға бере алады.

Кейіпкерлер

Мінез-құлқы

Шығармадағы әрекеттері

Берер бағам

Әлкей МАРҒҰЛАННЫҢ естелігінен:

«Музыкамен қатар Қаныш биді де артық қадірлейтін еді. Краковяк, подиспан, полька, мазурка, вальс билерін сол кездегі қазақ жастарында Сәтпаевтардан артық ешкім билемеген. Соңғы жылдардың өзінде Кисловодта демалып жатқанда, бұл билерді Қаныш өте әдемі билеуші еді. Сондықтан Горький атындағы санаторийдің карнавалында бірінші жүлдені әрдайым оған тартатын. Қаныштың бұл өнерді жақсы көруі сонша, демалысқа барған сайын осы күнгі фокстрот, танго, хали-га-ли, ча-ча билерін үйреніп, оларды да әдемі орындайтын. Тіпті бір жылы твист биін үйренуге құмартып, оның да ырғақтарын келістіре, тым әдемі билеп кеткені есімде». Осылайша жебедей зымырап үш жыл өте шықты. Он екі жасында Керекуге келген шәкірт бала он беске толды. Бойы ғана емес, ойы да өскен. Үлкендермен жайланып отырып әңгіме шертеді. Сауық құрған мәжіліс терде скрипка иә домбыра тартып, ән де шырқап жібереді. Оқыған кітабының оқиғасын майын тамыза әңгімелеп, қайыра айтып беруі қандай?! Сөз саптауы салмақты, жүріс-тұрысында мол парасат бар. Ауылда жүргенде Нұрым апасы өбектеп, жылы болады деп кигізіп қоятын түйе жүн күпісі мен сеңсең тымағын, саптама етігін баяғыда тастаған. Қазір ол қалаша киінеді, қайырма жағалы, жез түймелері жарқыраған қара пальто, шәкірттер аса ұнататын сәнді китель, аяғында қисық табан қызыл етік, бұтында галифе шалбар, шекпелі кең көйлектің сыртынан жібек белбеу буынады, басында мақпал қара бөрік. Қатпа денесі де ширап, бойы ұзара түскен, шаш қояды. Шашы бір түрлі әдемі, толқынданып тұрады. Ой жүгіртіп сараласа, үш-ақ күндей болып зымырап өте шыққан үш жылда жөнең қаладан көрген-білгені, көкейіне түйгені аз емес.

Қорытынды. Ж

ПОПС формуласы.

«Менің ойымша, Қаныш ...»

«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»

«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

http://emirb.org/serseke-m-shifarmalari.html?page=4

Сабақтың соңы

3 мин

Қиын болды

Қызық болды

Ұсыныс

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу