Ғибратқа толы ғұмыр. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.
Тақырыпты болжап көріңіздер!
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Қазақтың ҚанышыСабақ тақырыбы:
Ғибратқа толы ғұмыр
Оқу мақсаттары:
Т/Ж 10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;
А/И 10.2.4.1 - көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме) жазу.
Сабақ мақсаттары:
Шығармадағы басты кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау;
Романдағы көтерілген мәселелерге талдау жасау, эссе жазу.
Бағалау критерийлері:
Кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне қатысты сұрақтарға жауап береді;
«FILA» кестесін толырады.
1-тапсырма. «Шеңбердегі сұрақтар» әдісі
1-қадам. Оқушыларға сабақтың мазмұны бойынша, яғни, кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне байланысты сұрақтар жазуға арналған ұсақ қағаз қиықтары таратылады.
2-қадам. Оқушылар қағаздарына сұрақтар жазады, бұл жерде сұрақтың деңгейінің өте күрделі немесе өте жеңіл болып кетпеуін ескереді.
3-қадам. Сұрақтарды шеңбердің ортаңғы аймағына лақтырады.
4-қадам. Барлығы орындарынан тұрып ортада жатқан сұрақтарды алады. Олардың ішінен проблемалық сұрақтарды топ болып іріктейді.
5-қадам. Кезегімен немесе қалаулары бойынша сұрақтарға жауап береді.
Дескрипторлар:
- кейіпкерлер жүйесіне және олардың сөздеріне талдау жасайды;
- кейіпкерлердің шығармадағы рөлі мен әрекеттерін анықтайды;
- проблемалық сұрақтар құрастыра алады;
- сұрақтарға тапқырлықпен жауап береді.
Бағалау. «Мадақтама сэндвичі» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің жауаптарын бағалайды, ұсыныс білдіреді.
Кері байланыс. Мұғалім тарапынан сұрақтардың құрылымына, жауаптардың мазмұнына талдау жасалады, кері байланыс беріледі.Топқа бөліну.
Оқушылар «Қазақтың Қанышы» роман-эссесі кейіпкерлері арқылы 4 топқа бөлінеді:І топ: ҚанышІІ топ: ИмантайІІІ топ: ӘлимаІV топ: Жаяу Мұса2-тапсырма. Топтық жұмыс
Оқушылар қаламгердің «Қазақтың Қанышы» роман-эссесін жазу мақсатын талқылайды. Оқушылар жазушының бұл шығарманы жазу себебін ескере отырып, «FILA» кестесін толырады.
Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.
F /Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;
I /Пікір/– кейіпкер туралы өзінің ой-пікірін білдіру;
L /Сұрақ/– кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар дайындау;
A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілдерін анықтау.
Дескрипторлар:
- шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинайды;- кейіпкер туралы өзіндік ой-пікірін білдіреді;- кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар дайындайды;- автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілдерін анықтайды;- топтық жұмысқа белсенді қатысады. Топтық бағалау. 1-2, 2-3, 3-4, 4-1 топтар дескрипторларға сүйене отырып, бір-бірінің жауаптарын бағалайды.3-тапсырма. Жеке жұмыс.
Оқушыларға төмендегідей тақырыпта 120-150 сөз көлемінде эссе жазу тапсырылады:
«Қазақтың Қанышы» роман-эссесінде Медеу Сәрсеке болашақ ғалымды қалай сипаттайды? Сіз бұл сипаттамамен келісесіз бе? Жауабыңызды дәлелдеңіз.
Кері байланыс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды