М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, нұсқаулық.


Талдау (анализ) - көркем шығарманы тексергенде қолданылатын тәсілШығарманы әр қырынан алып карастырып, оның қасиет ерекшелігін, жеке бөлек-бөлшектеріне тән өзгеше сипат белгілерді арнайы зерттеп, танып-білу. Айталық, шығарманы идеялық мазмұн, тақырыпты баяндау ерекшеліктері тұрғысынан, немесе, сюжеттік, композициялық құрылысы, жанрлық сипаты жағынан талдауға болады. Сондай-ақ, кейіпкерлердін характерін бейнелеу принциптері тұрғысынан, сөздік, тілдік кұралдарды пайдалануы, егер поэзиялық шығарма болса ырғактык интонациялык өзгешеліктері, әр түрлі шумақ, тармақ, ұйкастарды қолдану жағынан талдауға болады. Шығарманы осындай бірнеше қырынан тексергенде жеке ерекшеліктердің өзіндік сипат белгілерін де олардың бір-бірімен байланысында аңғаруға мүмкіндік бар. Әрине, шығарманы боршалап, бөлшектеп, талдап карастырғанда оның мағыналық көркемдік бірлік түтастығынан туатын әсері бір сәт әлсірейді. Оның есесіне шығарманың күрылыс-бітімін-дегі әншейінде көзге түспейтін, байқала бермейтін сипат белгілері айкын танылады. Ал оларды көре білу, түсінудін шығарманы тұтас кабылдағандағы алатын әсерімізді толықтырып, байыта түсетіні сөзсіз. Олай болса Талдау дегеніміз - жеке қасиет ерекшеліктерді арнайы карастырып, танып білу арқылы бүтінді айқын сезінуге себін тигізетін, соған қызмет ететін тәсіл. Әдетте шығарманың ерекшеліктері, іріліұсақты бөлшектері, олардың өз алдына оқшау тұрғандар сипат-белгілері көбірек козге түседі, оларды байқау жеңілірек болады. Ал енді сол бөлшектердің шиеленісе байланысуынан, жалғастық үйлестігінен туатын шексіз мол жаңа сапалы өзгешеліктерді, үндестік, бірлестік белгілерін, жаңаша мағынаәсерлерді каншама тебіреніп сезінсек те талдап көрсету, танып білу, айтып жеткізу қиынға соғады. Өйткені қандай да жеке айшык, бөлшектің өзіндік бастапкы тұрақты сипат белгісін байқау бір нәрсе де, ал олардың біте қайнасып бірігуі, өзара жанасып байланысуы негізінде пайда болатын туынды сипат белгілерді көріп білу екінші нәрсе. Ол үшін сансыз болшектердің бір-біріне сәуле беріп. әсер етіп, мағыналык, көркемлік сапасы күбылып, өзгеріп шығатын қалпын жақсы сезініп, үтып түсіну керек. Әдеби шығарманы талдау үшін, көркемдік касиет-белгілерін нактылы сипаттап беру үшін калай да онын өзгешелік-ерекшеліктерін түгелдей де, жекелеп те ашып карау керек. Әдеби шығарманы кай тұрғыдан алып талдағанда да (айталык такырып. сюжеттік желі. композициялык құрылысы. тіл кестесі) онын жеке бөлім-бөлшектерін (компоненттерін, сипат ерекшеліктерін) айырып ажырату үшін жүйесін тауып, бір-бірімен қабыстырып жалғастырып бөлшекті бүтінмен үштастыра қарастыру шарт. Әдеби шығарманың көркемдік, тілдік нақтылы ерекшеліктерін зерттегенде, ұсақ, көзге түсе бермейтін сипат белгілерге зер салғанда, сол аркылы көркем шығарманың бойындағы, құрылыс-бітіміндегі зор мөні бар қасиеттерін айқынырақ бағдарлауға ұмтыламыз, әлгі көркем туындыны немесе оның комақты бөлшектерін түгелдей сипаттайтын өзгешеліктерді аңғаруға үмтыламыз. Жеке белгі-сипаттарды ажыратып талдағанда, болшектердің коспа жігін еппен ашып жүйесін тауып, саралап, айшығы көп өрнектің арқау жібін үзіп, ыдыратып алмау керек. Шығарманы талдағанда оның көркемдік қуатынан толық өсер алатын өткір сезімталдық қандай қажет болса, шығарманың құрылысындағы мазмұн мен түрдің біріккен түтас бітім-тұлғасындағы қат-қабат байланыстарды, сипат белгілерді көре білу де сондай қажет. Сонда ғана Талдау қисынды, ұтымды болады және тек серіп отырған шығарма жүйесіні біртұтастығын көріп-білуге, сезінуге, түсінуге яғни синтез жасауға тс лық мүмкіндік туады.

 Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.

     Сюжеттің басталуы (латынша-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі-ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тәікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге меңзеу, дерек, дәйек түрінде ғана қалды.

     Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.

     Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау шегіне жетеді.

     Шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың шоғырлану шоқтығы.

     Шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»,адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты көріністердің соңғы сахнасы.

     Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу