М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.


« Оның тұлғасының өзі ерек. Бойы екі метрге жуық болғаны белгілі. Басы да үлкен болған. Әлгі бойының ұзындығын айтатын ағылшынның премьер-министрі Уинстон Черчилль тағы бір сөзінде бас киімінің өлшемін сұрайды. Сонда Қанекең: «Егер сіз екеуміз бас киім айырбастасақ, екі жағымыз да өкінбес едік», – деп сыпайы жауап берген екен. Тағы бірде әлдебір кеңшар директоры «қатардағы жұмысшыдан ет комбинатының директоры деңгейіне дейін көтерілген адам» деп таныстырғанда да сабырлы қалпынан танбай, «әйтеуір мақтап жатыр ғой» деп, күліп қана отыра берген көрінеді. Қаныш Имантайұлы ғылымның бір-бірімен қабыспайтын әр саласынан терең хабардар болған. Білімдарлығымен, оқымыстылығымен, данышпандығымен тарихта қалған тұлға.» 

Жұптық жұмыс.

1-жұп.

Қаншы Сәтбаевтың балалық шағы туралы жазылған тұсын оқып, композициялық талдау жасаңыз. Қанышты бала кезіндегі мінез-құлқындағы ерекшелігі туралы айтыңыз.

2-жұп.

Қ. Сәтбаевтың тарихи тұлғалармен кездесуін, Қанышпен қандай байланысы болғанын айтыңыз. Қандай қорытынды шығардыңыз?

3-жұп.

Қ. Сәтбаевтың өмірінің соңы кездері туралы айтып беріңіз. Сізге қандай әсер қалдырды? Сізге қатты әсер еткен Қаныш Сәтбаевтың өмірінің соңғы кездерін атаңыз. Неге сізге әсер етті?

4- жұп

Қаншы Сәтбаевтың қазақ ғылымына қосқан үлесі туалы баяндаңыз.

Топтық жұмыс.

1-топ.

Қателескен, сүрінген тұстарындағы Қаныштың іс-әрекетін талдаңыздар. Шығарманың композициялық құрылымының қай тұсында көрініс табады? Идеясы қандай?

2-топ.

Қаныштың ширыққан тұстарын шығармадан мысалдар келтіре отырып, талдау жасаңыз. Шығарманың композициялық құрылымының қай тұсында көрініс табады? Идеясы қандай?

3-топ.

Қаныштың ізденген, күрескен тұстарына талдау жасаңыздар. Шығарманың композициялық құрылымының қай тұсында көрініс табады? Идеясы қандай?

4-топ.

Қаныштың жеңіске жеткен кезеңдерін сипаттап айтыңыздар. Шығарманың композициялық құрылымының қай тұсында көрініс табады? Идеясы қандай?

Кері байланыс.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу