М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 10 сабақ.
Сәлемдесу.
Оқушыларға қызыл, жасыл, сары қағаздардан жасалған ұшақтар ұшырылады. Ұшақ түстеріне қарай оқушылар үш топқа бөлінеді. Ұшақ қанатында жазылған тілектерді оқып,бір-біріне сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту:
Ой сергек
Суреттегі қоғам қайраткерінің бүгінгі сабаққа байланысын анықтайды.
Тапсырма.
ТЖ.
Оқушылар Қаныш Сәтбаев туралы жазылған пікірлермен танысып,талқылайды.
Әдеби қауым М. Сәрсекенің Сәтбаев туралы ғұмырнама туындыларымен алғаш танысқанда-ақ оны деректі жанрдың шебері деп таныған-ды. Жазушы осы бағаны халқымыздың көрнекті ғалым перзенттері Е. А. Бөкетов және Е. Б. Бекмаханов туралы деректі кітаптар жазумен ақтады («Біртуар Бөкетов» және «Ноқталанған тарихшы»). Екі ғұмырнама да 2005-2010 жж. «Қазақстан», «Фолиант» баспаларынан қазақша және орыс тілдерінде жарияланып, 2007, 2010 жж. Мәскеудің «ЖЗЛ» топтамасынан жарық көрді. Әлемге әйгілі осы серияда қазақ тұлғаларынан XX-XXI ғасырларда небәрі 10 тұлға жарық көрсе, соның үшеуінің иесі – Медеу Сәрсеке. Демек, жазушының жүрдек қаламы – ҚР ғана емес, Ресей федерациясында лайықты түрде бағаланған. Жә, қаламгердің осы саладағы зор еңбегі ҚР үкіметі мен Жазушылар одағы басшылары тарапынан лайықты бағаланды ма? Жоқ. Мысалы, 2000 жылы жазушының «Қазақтың Қанышы» романы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылғанда сол іске төрелік жасауға тиіс комиссия Абай атындағы бір сыйлықты бес жазушыға бөліп берді де, «әлемнің 112 елінің кітапханаларына сатып алынған Медеу Сәрсекенің «Сәтбаевы» содан нәумез қалды»
Серік НЕГИМОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Тапсырма
ЖЖ.
Оқушылар шығармалардың идеялық мазмұнын айқындай отырып, төмендегідей тапсырманы орындайды.Ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, «Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!» шығармаға әдеби сын жазыңыз.
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Бағалау критерийі | Тапсырма № |
| |||
Бағалау және салыстыру | 1
|
| |||
|
Кері байланыс.
- Сабақта алған 3 маңызды ақпарат
- Қиындық келтірген 2 мәселе
- Сабақта ұнаған 1 аспект
Үйге тапсырма: М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесін оқып келуге
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?