М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.


1-үзінді

Айырықтың теріскей жағасына Имантай ауылы шаңырақ көтергенде небәрі екі түтін еді – Имантайдың отау үйі мен аталас ағайын Қасеннің отбасы. Бертінде бұларға тағы да екі үй қосылды. Айналасы бес-алты жылда жатаған қырқаның етегі өріске шығарар қараң-құраңы едәуір, көрікті мекенжай болып бой

көтерді. Бүгінде Кіші ауылдың түтіні бұрынғыдан да жоғары. Екі ауылдың үлкен-кішісінен бір жан Имантайға: «Би-аға, мұның не? Топырақ қауып ескі қыстауда қашан

ғы отырамыз?» – дей алмайды. Қайсысы болсын, алдына шақырса – бидің қабағын бағып, не айтасыз дегендей қол қусырып қарап тұрады... Имантай бидің қадірі өзіне қарасты екі ауылмен ғана шектелмейді, оның бірауыз сәлемін ат шаптырым төңіректегі қаржас, бабас, атығайда, бүкіл Ақкелін болысында екі айтқызбай орындау – соңғы 10-15 жылда бұлжымас рәсімге айналған өнеге. Сөйте тұра ол да кеудесін кернеген өксіктен құралақан емес-ті. Имантайдың өмірдегі зор өкініштерінің бірі – бала зары. Бәйбішесі Нұрым Тасболат қызына ол алпысыншы жылдары үйленген. Содан бері отыз жыл өтті. Жастай қосылған жарына өкпесі жоқ, өмірдің небір қызық, бақуатты кезеңдерін жарастықпен өткізіп келеді. Тағдырдың қатал жазасына не шара, ертеректе көрген Күнше есімді қыз бала ғұмырлы болмады, жүгіріп жүргенде дүниеден өтті. Ал бала зары жасы ұлғайған сайын зорайып, жүрегін сыздатады... Имантай би мен Нұрым бәйбіше осы өксікті сәби үнімен басу үшін ырым етіп, бала баланы шақырады деген жорамал үмітпен жастары елуге еңкейгенде тетелес інісі Жәміннің Әбсәләм есімді ұрпағын жөргегін құрғатпай бауырына салған. Сол жылы Үлкен ауылдан бөлініп, өзеннің теріскей жағасына, Қара мұрын қырқасының етегіне жұрт ауыстырды. Екі-үш жыл өтті. Бүкіл әулет сол күнде қазақ қауымына міндет еткен орыс рәсіміне ден қойып Сәтбаев атанғанда, Әбсәләм балақан Имантаев болып жазылды (Осы кісіден тараған неше тізе әулет күні бүгінге дейін сол уәжді бұзбай, Имекең есімін иеленіп келеді). Әбсәләм мұсылманшылық парызын өтеп, сүндет атына ие болды. Кіші ауылдың еркетотайы атанса да соңынан не іні, не қарындас ертпеді. «Баласыз үй – қу

мазар, ұрпақсыз ата – жұртта азар» қаупі кіші ауылдың иесінің жасы ұлғайған сайын көңілін құлазытып бұрынғыдан да ұлғая түсті.

Құса күндердің бірінде Имекең әлде қайдан келе жатып иесіз далаға түнейді. Айдалада жалғыз жатқаны көңілін елегізітті ме, кім білсін, әлден уақытта ақбоз атты, ақ сәлделі, ақ шапанды әулие кейпіндегі жан иесі үстіне төне түсіп: «Ей, пенде, құла дүзде жападан-жалғыз жатқаның қалай?» – деп шүйіледі білем. Жолаушы аң қуып жүріп, серік терінен адасып қалғандығын айтады. «Е, байғұсым, жоққа жеткен жүйрік көрдің бе, сағым қуған адамда ырыздық болмай тынын білсең керек-ті. Бұдан былай жалғыз жүрмін деп бе-керге налыма, жарқыным, қойныңа жаратылыстың үш шаранасын салдым, соларға емініп мау қыңды бас!» – деп ғайып болады. Әлденеге күсталанған жолаушы олай-бұлай қарманса – түлкі нің, қасқырдың жә не барыстың (кей-бір айтушылар арыстанның деседі) көзін енді ғана ашқан күшік тері екен, бейкүнә мақұлықтар қашудың орнына қолтығына кіре түседі-міс...

Таң саз бере біржола оянған би өрекпі ген көңілін баса алмай, әлгі бір ғажап көрініске жан дүниесі елжіреп біраз жатады да, едәуір бұрыс болса да, Төр туыл* жұртының батагөй қарты Құрмантай абыздың ауылына ат басын бұрады. «Жақсылықтан үмітіңді үзбе, қадірменді Сәтекем ұр пағы! – дейді абыз Имантайдың түсін қуанышқа жорып. – Ауылыңа барған соң әке-шешеңнің алдынан өтіп, төсек жаң ғырт. Алла хош көрсе – үш перзент көре-сің, біреуі түлкідей сылаңдаған көрікті қыз бала болар, екеуін бөрідей айбар-лы, арыс тандай қайратты ұлдарға жорыдым... Аққа оранып келіп аян берген, сірә, Қыдыр атаң, өзің ұзақ жасап, бақ-жұлдызың жар қырап, перзенттерің атыңды алты алашқа таратып, бақытқа шаш етектен кенеледі екенсің. Тәубе деп, хақ тағаланың шексіз құдіретіне құлшылық етуден жаңылма...»

2-үзінді

... Астындағы жүйрік торыны батагөй абыз ға ата ған Имантай ауылына жеткенше асығады. Келе-ақ көрген-білгенін сол күнде жетпісті еңсерген әкесі Сәтбай мен шешесі Күнсұлуға жеткізеді. Олар да тәубе десіп, боз бие сойғызып, құрмалдық жасау дың соңында ибалы қылығымен өздеріне сүй кім ді келін болған Нұрымға сөз салады һәм еріне кіші қосақ таңдауды оның өзіне міндеттейді. Шарасыз жағдайды жүрек ділімен түсінген Кіші ауылдың бәйбішесі төсек күндес жанды алты шақырым жердегі жақын ағайын Шор ман ауылынан таңдайды: ол – күйеуі Қанафия (Қашапеддин) Мұстафаұлы жастай өліп, жесір қалған Әли ма, имандылығымен елге танылған Иса қажының қызы еді...Имантайдың төсек жаңғыртуы – 1890 жыл. Әлиманың жасы сол күнде жиырма сегізде деседі. Аққұбаның әдемісі, қой көзде-рі адамға жылы шыраймен жымия қарайтын тәрбиелі Әлима жаңа жұр тында да үлкен-кішіге бірдей сыйлы болып, жұғымды қылығымен танылады. Үлкен шаңырақтың қадіріне лайық иба-лы мінез көр сетіп, кең пейілді, қолы ашық, абы сын-ажынға жа-ғымды жан болған. Ауыл-аймағы оны «То қал», «Кіші қатын» деп кемсітпей, «Ақ жеңе ше» атандырады. Әлиманың қадірі, әсіресе перзент көтеріп, ауыл ағасының өзегін өртеген өмір бойғы зар-күйігін іңгәлаған бала даусымен тарқат қаннан беріде өзгеше арта түседі. 1882 жы лы туып, ақсақалы төртінші мүшеліне тақаған шағында сүйген тұңғышының есімі – ҚАЗИЗА. Екі жылдан соң Әлима тағы да перзент көтереді. Жасы қырық тоғызға шыққанда төртінші мүшелінде зарығып та, сағынып та көр ген ұлына Име-кең ерекше қуанып, ат жарыстырып, палуан күрестіріп той жа-саған деседі. * Арғын тайпасының бір тармағы Сүйіндіктен тарайтын төрт ру жұрт Төртуыл деген, түп негізі – төрт ауылдың қысқарған түрі.

Қасиетті Құран кiтабын қолына ұстап отырып, азан айтып, аузы дуалы Құрмантай абыздың нәрестеге еншілеген есiмi – FАБДУЛҒАЗИЗ, арабшадан аударғанда FАБДУЛ – құл, FАЗИЗ – адал деген ұғым ның баламасы, демек ол адамның емес, Алланың адал құлы болуға тиіс. Алайда адам баласы долбарлайды, ал жаз-мыш өзiнше жасайдының керi болды: Имантай шаңырағына мол қуаныш әкелген сәби анасының сол сәтте аузына оралған Бөкеш деген ба йырғы қазақы есiммен ауыл-аймағына танылды. Тек рес-ми құжаттарына азан аты қысқарып, Fазиз деп жазылмақ.Көшіп-қонумен күн ұзатқан қазақ ауылының ежелгі тірлігі-мен аттай бес жыл өттi. О күндегі жұрт алға ентелеуді тілемеген, уақыттың шабан өгiздей сылбыр жылжығанына тәубе деген. Тұла бойы тұңғышы Қазиза жетiге шықты. Қолаң шашы екі бұрым боп өріліп, үкілі тақия киіп бұлаң өскен, кезек әлпештеген екі ана-сының қойнына алма-кезек жатып жүрген еркетотай бүлдiршiн де қазақтың етене ғұрпынан құтылған жоқ, жасы беске жетер-жетпесте Мырза ауылынан құдалар келiп, баланың шашбауына жiп тақты: сірә, Әлимаға әмеңгерлік құқын сақтамай, Сәтбай ауылына жол берген есесін қайтаруды ниет еткен; сол күннен бас-тап Қазиза қыз Шорман биден туған «төрт асыл тастың» (Бiржан сал Қожағұлұлының Сара ақынмен айтысында қолданған теңеуi) бiрi – Әужанның (Әбу-Сина, Әбуғали) Ақыш деген жасөспірім ұрпағына атастырылды. Ал бiр өзi екi есiмге ие Fазиз-Бө кеш болса бұл кезде сүндет атына мiніп, екi ауылдың ортасында оны-мұны шаруаға жүріп-тұруға жарап қалған-ды. Ырымшыл Имантай әулие абыздың баяғы жорамал сө зi не имандай сеніп, нәресте күтуден жаңылмаған. Қос қосағынан сол ойын жасырмай: «Құдай берерiнен жазбасын деңдер, тағы бiр мәрте бала сүйемiн. Бiздiң әулеттiң атағын тегiнде шартарапқа жаятын нағыз барыс сол болады», – дейдi екен. Әлиманың алғашқы күйеуі Қанафия мар құм өкпе сін денде-ген құрт ауруынан опат болған. Құдай қосқан жарына марқұм-ның қалдырып кеткен «мұрасы» да – кеуде дерті. Сол дерт байғұс әйелді жаңа жұртында да босатпай, балалы болып, бағы жанып, қадірі артқан сайын бойын меңдеп, шыр айналдырып баққан. Әсіресе, биылғы қыс. Бір күн сау болған жоқ, ыңқыл-сыңқылы көбейіп, көш-қонды, жол тауқыметін көтере алмайтын дәрменсіз халге жеткен. Оның үстіне байғұс әйелдің аяғы ауыр, босанатын мезгілі таяу-ды. Сол мезет жақындаған сайын қажыға қарасты екі ауыл жүкті ананың қасына кексе әйелдерден күтуші қойып шы-дамсыздана тосуда...

Көкек айының туарына бір тәулiк қалғанда ақ түйенiң қарны ақтарылды. Әлима ұл туды. Бұл жолы да Құрмантай абызға жаушы жiбер iледi. Жайлауға ұзап кеткен жолынан батагөй қарт кейiн қайтады. Екi ауылдың үлкен-кiшiсi Имантай бидiң қонақ үйiне жиналып, алқа-қотан отырады. Енесiн арда емген жабағының астау толы етi желiнгеннен кейiн дастарқанға бата жасалады. Исi қаржастың үлкенi сана-лып, дүйiм ел қадiр тұтатын Құрмантай ақсақалдың (Бұқар жы-рау Қалқаман ұлының ақындығы дарыған, XIX ғасырдағы Құреке аталған ұрпағы) алдына құндақтаулы нәресте келтіріледі. – Қадiрмендi Имеке, – дейдi абыз ауыл иесiне қарап, – мына балаңды ел билейтiн бек, иә болыс, мырза, әлқисса батыр деген балама есімге байламаймын. Мұның да есімін ат ұстар үл кенiң Fаб дул ғазизге ұқсатып Fабдул қоя мын. Тәу бәшіл көңiлiң разы болғай, жа да ғай-жабы құл емес, еңсесi биiк һәм мәр те белi құл атансын деген үмiтпен Fаб дул ғани атаймын... – Қарт абыз нәрес те-нiң үлбіреген бетiн ашып, ашық маңдайын емiне иiс кеп, құлағына тақай түсіп, – Ей, бейкүнә балақан, бұдан былай сенiң есiмiң FАБ-ДУЛ ҒАНИ, FАБДУЛҒАНИ, FАБДУЛ ҒАНИ болады! – деп үш мәрте қайталап, дұ ға оқып, рәсiмдi батасын жасап, бетiн сипады. Нәресте қыбыр еткен жоқ. Өзі үшін өзгеше оқиғаны сезбеген, маужыраған қал пы Нұрым шешесiнiң алдына қайтарылды. – Fабдулғани! Fабдулғани! – деп қостайды үйдегi үлкендер.

3-үзінді

Әлиманың денсаулығы ораудан тұрып, жай лауға шыққан соң да оңала қоймаған. Әлбетте, дiмкәс ананың омырауы нәрестенi жа-рыта алмаған. Балпаңдай толық, ұзара өскен қарын шашы қалың, басы бақырдай үл кен, көзiн аша алмай, жарыққа сығырая қараған қызылшақа нәрестенi тұңғыш рет жерден көтеріп, кiндiгiн кескен Кiшi ауылдың байырғы қоңсысы, жылқышы Қасеннiң келiншегi Мейiз деген мейірманды кiсi екен. Ауыл иесінің айтуымен сол ана омыраудағы өз пер зентi нiң аузынан жырып, кiшкентай Қанышты да емiз ген-міс. Әкесi кексе, шешесi саркiдiр тартқан шағында жарық дүниеге келген сәби, әрине, бүкіл ауылдың еркетотай сүйiктiсi болған. Шыр еткен дыбысы шықса-ақ қолдан-қолға көшiп, үл кен-кiшi жабыла өбектеп, есi қалмай күтеді. Әсiр есе анасы. «Өз шешемдi жете бiл мей мiн, есімде сақталмаған. Үлкендердiң айтуынша, керемет балажан кiсi болыпты. Әсiресе «Кенжетайым» деп менi ерекше жақсы көрген. Алдында жатып ұйықтап қалсам – оянып кетедi деп тырп етпей, қол-аяғы ұйығанын елең қылмай отыра бередi екен...» – деп сыр шерткен бертінде балаларына Қаныштың өзi. Сәтбай ауылының өткен ғасырдың 80-жылдарына дейiн өмiр сүрген есті егделерiнің жадында Әлима жайында бірлі-жарым айғақтар сақталған: ойлау қабiле тi өте күштi, сөзге ұста болып-ты және орайын тауып сөйлеген; әсіресе ертек пен ескi жырларды сүйсіне шырқаған; жұмбақ, жаңылт паш айтқанда қарсыластарын көп бiлетiндiгiмен, тапқырлығымен жеңеді екен. Ақ жеңешенiң ауылдастарына өз жанынан шығарып айт қан көп жұмбағының біреуі мынау: «Алыстан қара көр інді, қарайғанмен қара емес, қампайғанмен бөрi емес; арқасында азық көп, ірiмшiк емес, құрт емес, сары май емес, жент емес; жерге түстi, iн қазды, қарны өстi, сыздады, тиген жерi қызарды; бұл не?..» Қапелімде ешкім шеше алмайды, әлде өтірік білмегенсиді. Имекең нің кіші қосағы кенет жайраңдай күліп, іргені нұсқап: «Әне, бүйі кетіп барады, біреуің өлтіре салыңдаршы!» – деп жұмбағын өзі шешіп, жұртты күлдіреді екен.Бергі жылдардағы сұхбат үстінде ғалым туған анасынан гөрі үлкен шешесі Нұрымды көбірек есіне алған. Нұрым бәйбіше ақсақалының кіші әйелінен туған балаларына ғана емес, барша ауыл-аймаққа мінезі жайлы, ешқашанда қа бақ шытуды білмейтін сабырлы, сонысымен де үлкен-кішіге сыйлы, қолы ашық, мей і -рімді кісі болған. Ауылдастары оны «Нұр апа» атандырып, ерек-ше құр меттеген. Әлимаға да сал қын қабақ көрсетпеген, әсіресе сырқаты меңдеген соңғы жылдарда бағып-күтіп, одан туған бала-ларды қағажусыз өсірген.Екі шешенің ортасында тел өскен, бүкіл ауылдың сүйіктісі болған еркетотай кенже ай санап жетіле берген. Қаз тұрды. Жүрген соң кешіккен жоқ, былдырлап тілі шықты. Үлкен-кішіні сәби қылығымен баурайтын бол ды. Ат көрсе мінем деп ұмтылады, тұғырдағы құсты да қолына алам деп талпынады, қозы-лақты ұстаймын деп қуады. Қалайда ұзақты күнге дамыл көрмей тым-пыңдап жүгіруден жалықпайды.Көп жылдар өтсе де, ауылдастары жадынан кішкентай Қа-ныштың кейбір балалық қылықтары ұмытылмаған.«Қанкежан біржосын тыныш бала болды, – деп әңгімелейді оны бесікте тербеткен Нұрлан ҚАСЕНОВ. –Басы бақырдай үл-кен еді, көп ұйықтайтын. Жер басып отырған шағында, жүре бастаған кезінде басы ауған жағына құлап, зәремді алғанын қалай ұмытайын. Би атам сол күннің өзінде: «Менің осы балам не сөз ұқпайтын мау бас, не елден асқан данышпан болады. Бас бітімі өзгеше зор жаралған дейтін-ді». Тағы бір ауылдасы САДЫҚ қарт: «Менің анық біле тінім – Қаныш бала болып өскен жоқ, кішкентай кезінен онда үлкен нің мінезі болды», – деп таңырқаса, ҚАМЫШ есімді замандасы: «Ойнап өспейтін бала бола ма? Қанышпен асық та ойнадым, алысып та ойнадым. Бізден ерекшелігі – бір ойынды көп ойнамайтын, тез зерігетін. Ойын үстінде әр алуан тапқырлық жасап, зейінімен ұтып кететін...» – деген куәлік ай-тады. Ғалымның дербес мұрағатында мұндай естеліктер әлденеше. Мұқыш ШӘДЕТОВ естелігін де мынадай да оқшау ой айтылған: «Жайлауға шыққанда сиырдың өлі жүнінен доп жасап қақпақыл ойнайтынбыз, жалықсақ, әлдеқандай бір тақырды меншіктеп алып асық соғамыз. Қаныш та бізден қалмайды, тек ұзақ ойнап жарытпайды. Өзен табанынан ақ тас іздеп, көбіне өз бетімен лағып жүреді...» Әрнеге әсерленген балақай ақ тасты, сірә, бір ғана қасиетіне бола қызықтаған. Өйткені қараң ғы түскенде, иә кешті күтуге шы-дамы жетпесе, атасының кү пі сін бүркеніп, ақ тастарды бір-біріне соққыласа – көк жасыл ұшқындар шашып, айналаны от жаңбыры орап, таң-тамаша қы зыққа кенеледі. Есейе келе баланың талғамы өзгер ді. Жуа іздеп тауға шықса, сасыр алу үшін сайға құласа, көбелек қуып өзен жа ғаласа – әлдебіреу жолына әдейі шашып кеткендей-ақ түрлі-түсті әдемі тастар көзіне бірден ілігеді: жылан жонды шұбар ала, аспан реңдес жасыл көк, сынған беті шырша кескінді ирек-ирек, иә қолдан қиғандай қошқар мүйіз өрнегі бар ақшағыл, мөлдірлігі шыныдай опырылмалы жұп-жұқа тастар – бірде-бірі даланың қара қошқыл жертасына ұқсамайды, жараты-лысы жұмбақ жыныстар... Қалайша тастап кетесің? Көтере алса сол қалпында, әйтпесе бір мұртын сындырып әкетеді. Кіш кен тай Қаныштың қалтасын тесетін құрт, ірімшік, асық емес – даланың нақышы бөлек жабайы тасы. Үлкен апасы аузын бүрмелеп арнайы тіккен асық қалта да ақыр аяғында тас салатын дорбаға айналған...Сезімтал бала көңілі өзгеше ермек із дей ді. Сайын даланың бұйығы тірлігінен жалығып, қанат біте бастаған қиялы қияға сам-ғар кең өріс тілейді. Әттең, жүріс-тұрысына тежеу көп. Оған се-беп – екі ауылдың өзіне деген ерекше ілтипаты, әсіресе әкесінің өзгеше қам қорлығы. Көзінен титтей таса болса, өзінен қар ға адым қашық жүрсе, биден маза кетеді: кіші баласы әлдекімнен қағажу көретіндей күпір сезіктен сірә да арылған емес. Қаныш – соңғы қызығы әрі шаңырақ иесі. «Кенжетайым» деп марқұм анасы біліп атаған екен, бұл күнде ол шынында да кенже. Қаныш екіге толғанда Әлима қосағы дүние ден қайтты. Ара ағайынның «тағы да төсек жаңғырт» деген қамқор сөзіне Имантай құлақ асқан жоқ, қалған ғұмырын үш қарғасының жолына бағыштап, өмір кешуді жөн көрді...Ойын баласына, әлбетте, ермек көп. Қаныш та барлық сәби атаулыға тән шалдуарлық қылықтың талайын көр сет кен. Ұйықтап жатқан әпкесі Қазизаның қойнына құрбақа салып жіберіп, иә торға түскен жарқанатты қазандағы сүтке тоғытып үй ішін шошытқаны – Сәтбай ауылының үлкендері кейіннен ертегідей тамсана жыр ететін еркелік нышаны.

4-үзінді

Бұған дейінгі өмірі сайын даланың қиян шетінде өткен, үйінен қарға адым ұзап шықпаған Қанышқа, әрине, уездік шағын қала дүниенің кереметі болып көрінген. Әсіресе, жыпырлаған көп үйдің бір жерде жиын отырғаны. Бірде-бірінде пішен иә мал қора жоқ, болса да көрінбейді. Өйткені әрбір үй биік дуалмен қоршалған, кеш батты-ақ есік-терезелерін мықтап жауып ала-ды. Жер жетпегендей, бір үйдің үстіне екіншісін мінгестіре тұр-ғызғандары ғажап! Мұн дай үйлер көп емес, бірнешеу ғана. Сірә, ең биік әрі әдемісі – өздері тоқтаған көшедегі Гирбасов көпестің екі қабатты тас үйі. Шымқай қызыл кірпіштен қаланған. Ал ба-зар алаңындағы жыпырлаған дүкендер ше?! Бір-бірімен арба-сып, өздеріне жұтына қараған пір кәшік тері бала түгілі, үлкеннің өзін есінен тандырғандай. Тағы бір үлкен үйді «Айтықовтың ма-нуфактура дү кені» дейді екен – тақтай сөресінде ақ, қызыл ала, көк, жасыл түсті гүлдер шегілген маталар тау-тау боп үйіліп жа-тыр, бір-бірінен өткен әдемі. Дүкеннің ішіне ертеңгілікте бас сұға алмайсың. Үлкендерге ілесіп келген кезде Қаныш та барған, базар күні еді, сөреге тек жете алмады, топырлаған көп қаршадай ба-ланы іп-лезде қақпа сыртына ығыстырып тастады. Осынша көп адам бір жерге қа лай сыяды, немен күнелтеді, қайда жатады?.. Бір ғажабы, бәрі әлдеқайда асығып, сің біруге мұршалары кел-мей жүгіріп жүреді. Бір-біріне тіл қатса, айқайлап, даурығып сөйлейді. Мұндағы қазақтардың мінез-құлқы да бө лек сияқты: қыр адамының байсалды, сөйлесе қалса кеңінен толғайтын ұзақ-сонар қалыбы жоқ; амандасулары да тым келте, көбіне бас изеп өте шығады.Қанышқа осының бәрі қызық, бәрі таң: алыстан ілезде хабар алып, қасында отырғандай тілдестіретін телеграф үйі де; соның күні-түні ызыңдап ән салып тұратын, ұшар басына сым ілінген ба ған дары да; қара қошқыл түтіні шүйкедей шұ батылып, Ертiс айдынында қаздай қалқып кетiп бара жатқан иә Төмен, Омбы жақтан келе жатқан ақ шағала тәрiздi кемелер де; тiптi анау соқа, шөп шабатын машинаны жөн дей тiн ұста дүкендерi мен бумен жүретiн тас диiр мендер де... Оқу басталуға екі-үш күн қалғанда Әбікей ағасы немере інісін училищеге апарды. Меңгерушісі Овсянников шашы едірейген, ұзын бойлы кісі екен. Қаныштың Ақкелін мектебін екі жылда же-дел бітіргендігі туралы куәлігін қолына алып:– Үздік бітіргенің бек қуантады, шәкірт Сәтбаев! – деп қарсы алдында монтиып тұр ған жасөспірімге барлай қарайды. – Ал, қане, қымбаттым, бір өлең оқып жібер. Қаныш қызараңдап ағасына қарайды. Әбікей Зейінұлында үн жоқ, жайбарақат отыр. – Мұныңыз қалай, қымбаттым? Ұмытып қал дың ба? Түсінемін, жаз қызығы, жайлауға шыққан ауыл, кең дала...– Қандай өлең тыңдауға ықылас етесіз, мәртебелі мырза? – дейді Қаныш кенет Овсянниковке жасқана қарап.– Мені Яков Игнатьевич деп атауыңызды өтінемін. Кімнің шығармасын жатқа білесіз, рақым етіңіз, соны оқыңыз.Ұстазы Григорий Васильевич үйреткендей, Қаныш қақшиып тұра қалып, самбырлаған ашық дауыспен:– Русский стихотворец Федор Иванович Тютчев, «Весенняя гроза», – деді де, рұқсат күткендей ересектерге қарады. – Неге бөгелдіңіз? Люблю грозу в начале мая,Когда весенний, первый гром,Как бы резвяся и играя,Грохочет в небе голубом...Балақан мүдірген жоқ, заулата жөнелді, әр ырғаққа, тыныс белгісіне мән бере, мәнерлі үнмен оқыды. Әр сөзін тақ-тұқ, мәнін жет кізе айтады. Әлгінде қаһарлы сияқтанған меңгерушінің жүзі де жыли бастады.– Алғашқы таныстық үшін жарап тұр! Ри замын, қымбаттым, бек ризамын!..– Тағы кімді оқиын? Пушкинді білемін, Тур геневті жатқа оқимын. Әлбетте, түгел емес...– Бүгінге жетер деймін. Сіз маған енді қа зіргі билеуші патша әкеміздің аты-жөнін айтып беріңіз.– Жоғары мәртебелі ұлы патшамыз Николай Александрович Романов, бүкілресейлік өктем құқықты билеуші.– Дұрыс, мұны да білдіңіз, – дейді Овсянников шынымен риза болып. – Жоғары мәртебелі ұлы патшамыздың есімін жадыңызда ұстауға кеңес беремін. Екінші, біздің училищеде дін сабағын Павлодар шіркеуінің уағызшысы Василий әкей оқытады. Әрине, сізге оның қатысы жоқ. Де ген мен, ескертемін: балалық жасап, шіркеу адамының уағызын қорлайтын әлдеқандай оғаш мінез көрсетпеуіңізді өтінемін. Үшін ші тілесеңіз де, тілемесеңіз де – сіз-ге осындағы мұсылман мешітінің бас имамы Каримов мырзаныңдіни дәрісін тыңдау парыз. Жұма күні мешітке барып тұрасыз. – Түсінікті. Құран аяттарын да жатқа білемін.– Олай болса, барыңыз. Училищенің дайындық курсына қа-былдандым деп біліңіз. Үлгілі шәкірт болады деп сенемін...

5-үзінді

Әбiкей Зейiнұлы осы оқу ұясына орыс тiлiнен сабақ беруге шақырылған-ды. Семей дегi мұғалiмдер семинариясын тәмам-дағаннан бергi екi-үш жылда ұстаздық өнер дiң бүге-шiгесiн мең-герген жiгiт ағасы жасындағы мұғалiм, әрине, ояз орталығына тап болған соң өзi құралыптас әрiптес терiнен олқы түспеудi ойлап, өз пәнiне ықы ласты бұ рынғыдан да күшейткен. Әмбе ол жаратылысында қатаң тәр тiпке үйренген адам, мiндеттi iсiн тиянақты атқаруға дағдыланған. Ал бала тәрбиесi болса, қашаннан ыждаһат қана емес, босаңсуды, жүрдім-бардым қарауды көтер мейтiн жұ-мыс. Сірә, содан да шығар, не мере iнiсiнiң келешек тағдырын өз мiн де тi не алған Әбекең Қанышқа да қатаң талап қойып, ал-дындағы жеткiншектерден оқшауланбай, ынта-жiгерiн бiлiм дең-гейiн көтеруге жұмсауды қадалаған. Інісі де өз қолына келген күннен орыс тiлiн тыңғылықты үйренуге ерекше құмартып жа-нын сала кiрiседi. Көркем әдебиет кітаптарын оқуға ынтасын аңғарған Әбекең інісін бірде Халық үйі не ертіп барады. Бұл үй өздері тұратын кө -шеде. Бұрын онда төменгі сатылы ауыл шаруашылық училищесі болған, кейіннен бұқара халық бас қосатын мәдени орынға айна-лыпты. Жексенбі күндері мұнда көркемөнерпаздар үйірмесінің хоры концерт береді, кейде «Жанды ойын» қояды. Соның бәрінен де балаға халық үйінің кітапхана мү йісі ұнаған. Қашан барсаң да неше түрлі газет-журнал тігінділері үстел үстінде тізіліп тұрады. Тек үйге бермейді, сол жерде оқисың. Мүйістің кітап қоры көп емес, бірақ Қаныш үшін жарап жатыр. Ағасының есеп карточка-сымен алатын ұзын тізбеге көп ұзамай жаңа авторлар қосылды: Толстой, Максимов, Сервантес, Жюль Верн... Ауылда жүргенде қолына түс кен кітапқа мәз еді, қазір таңдап, талғап, авторларына қарап алады.Сірә, әдеби шығармаларды көп оқудың әсері шығар, екінші жылдан бастап Қаныштың мазмұндамалары училищенің үлгі тақтасынан түспейтін болды: жазу үлгісі аса көркем емес, ал тақырыпты сипаттап, орыс тілінде қатесіз, еркін жазуы жөнінен училищеде онымен теңесер шәкірт некен-саяқ...Есеп пәнін Ахметолла Ақтайұлы Барлы баев оқытады. – Есепсіз өмір жоқ, есепсіз адамзатқа өсу де жоқ, балалар, – деп бастайды ол сабағын. – Өздерің ойлаңдаршы, жеке дара алғанда бес иә он деген не сөз? Ешқандай мән-мағынасы, салмақ, құны жоқ, әншейін бір атаулар тізбегі. Мысалы, Бір, екі, үш, тіпті жүз дейік. Осыдан не ұқтыңдар?.. Ал енді осылардың қасына әл де-қандай зат тіркеп айталықшы. Мысалы, үш өгіз, бес тауық, жүз сом делік. Немесе біз дің сыныпта он бес оқушы бар, оларға бір мұ-ғалім сабақ беріп тұр десек? Бірден түсінікті: сан сапаға айналып, санамызда сыныптың көле мі, онда неше кісі отырғаны жайында нақтылы ұғым пайда болады... Сол жылдарда Ахметолла Ақтайұлынан дәріс алған баян-ауылдық Пәуен Жүсіпбаевтың айтуынша, есеп пәнін ол өзінше даралап, оқушыларды екі топқа бөліп оқытқан: бірінші топ – «әлсіз дер», яғни ұғымы керенау, есепке қыры жоқтар; бұлардан зиялы білгірлер шыға қой мас, бірақ есептің төрт амалын білуге міндетті; оқытушының жігер-күші негізінен соларға жұмсала-ды; ал екінші топ – «күш ті лер», есепке ынта, ұғымы зерек бала-лар... Бұлар «әлсіз дермен» қосылып, жеңіл-желпі есеп шығарып, қымбат уақыттарын зая өткізбей, күр делі бағдарлама бойынша оқуға тиіс. Әмбе бұл топтағы шәкірттер үздік қабілет танытқан сайын есеп те күрделене береді. Мұны ол «Шәкірт тердің миын шынықтыру» деп атай ды... Ал Николай Ермилович Алексеев – бір жосын балажан адам. Қашан көрмесін, кім ге болмасын, «әкебас, көкебас» деп құрақ ұшып елпілдеп тұрады. Қыр дәстүрін жақсы біледі, қазақшаға да судай. Сол себептен де қиыр шеттен келген, бұған дейін кең дала-да еркін өскен ауыл, село балалары Николай Ермиловичке көбірек үйір. Үйір болатын тағы бір себебі: Алексеевтің гармонь, сырнай, балалайкада бірдей ойнап, орыстың, қазақтың, татардың неше алуан халық ән дер ін музыка бөлмесінде сыңсытып отыратын өнерпаз қабілеті; қалайда онымен бірге жүрсең – зерікпейсің; ең құрығанда ертегі айтқызып, болмаса жұмбақ айтысып отырады; ал оның «Кодак» фотоаппаратын сатып алғаны тіпті тамаша бол-ды. Шәкірт атаулы түгелдей фотоәуесқой болып кетті... Өзі оқытатын жаратылыстану пәнін Алек сеев шәкірттеріне ұғынықты, мейлінше ұтымды жолмен жеткізуге тырысады: Ертіс-тің шалқар жағасын кезеді; жағалауда шоқтанып өскен тоғай ішінен гербарий жинатады; Павлодар мещандары әжуа етіп күле қарайтын әуесқой астроном Гришка-кезбенің шатырына ертіп апарып, жұлдыздар жымыңдаған аспан әлеміне телескоптан сы-ғалатады; жүрген жерінен түрлі түсті тас жинату да – Николай Ермиловичтің ойлап тапқан ермегі; солардың әншейін тас емес, ғылымға пайдасы зор қымбат зат екенін, минерал аталатынын да шәкірттер тұң ғыш рет сол кісіден естіген; соның бәрінен де, сірә, ең әсерлісі – қала іргесіндегі Коряков тұз кәсіпшілігіне саяхат болса керек...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу