Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 7 сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі
Сабақтың мақсаты:
А/И Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау
Бағалау критерийлері:
Қызығушылықты ояту:
Берілген авторлардың тақырыпқа қатысты көзқарастарына болжау жасайды.
Тапсырма.
Шығармадан берілген үзіндіні мұқият оқып, әміршінің ішкі жан дүниесін берудегі автордың идеясын өмір шындығымен байланыстыра отырып айқындаңыз.
ТЖ. Әмірші арқасынан ауыр жүк түскендей, орнынан атып тұрды. Шуылдақ тобырдың айтып жүргені, шынында да, миға қонады. Біресе күлімдеп жайнап шығатын, артынша-ақ өкпелеген жас баладай жәудірей қалып, қырық құбылып тұратын мынау сиқыр мұнараны тек аспан астындағы ең ауыр тәж бен ең биік тақты иемденген бұның ғана астанасында тұруға лайық екені де рас. Ондай әсем мұнараны басқа қалаларға да салып, бағасын түсірмеу керек дегендерінің де әбден жаны бар. Ендеше мынау жарық жалғанда енді мұндай мұнара салынбауға тиісті. Ондай аса сирек өнер қонған бір туар шеберлердің қашанғы киетін кебін әлгі жас жігіт те кисін. Қай-қай Әмірші де ондай шеберді өзінен басқа ешкімнің қолына түсіргісі келмейді. Ендеше сол көп шуылдақтың дегендері-ақ болсын! Дәл мынадай көрікті мұнара бәрібір аңыз таратпай тұра алмайды. Ендеше оған лайық аңыз табылды. Естіген құлақтың қай-қайсысына да бірден қона кететін әбден қисыны бар.
Кері байланыс
Үйге тапсырма:
«Аңыздың ақыры» повесін қайталап оқып келуге
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?