М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, нұсқаулық. 6 сабақ.
Қызығушылықты ояту:
Ой сергек
Cуреттер сөйлейді. Сабақпен байланысын анықтаңдар.
Тапсырма.
Шығармадан берілген үзіңдіні түсініп оқып, автордың қолданған көркемдегіш құралдарының орны мен қызметіне талдау жасап, төмендегі кестеге түсіріңіздер.
ЖЖ
Қаныш шәкірт нендей өнерді мұрат еткен?
Төр жайлауға ауылдың қонған кезі. Қыс бойы шаруа қамымен
бір-біріне қатыса алмаған ағайын-жұрағат амандаса келіп, жа-патармағай қауышып жатқан мәре-сәре мезгіл. Күн қызылиек-теніп батып барады, төңірек түгел жайқалған көк, ауыл ірге сінде жалтыраған айдын көл. Кенет отау үйлер- дің бірінің алдынан жайлаудың саф ауасын діріл қақтырып желпігендей, маужыра-ған табиғатты, шаруа күйлеген ауыл адамдарының назарын өзіне еріксіз қаратқандай сазды үн құйқылжи шығып, жан-жүйеңді еліте жөнеледі. Желсіз тымық кеште азан-қазан болып шулап жататын қотан да бүгін әсерлі саз әуеніне елтіп жым-жырт тынған, қыбыр еткен жан-жануар болсайшы.
Кенет тыңдаушылардың бірі қатты да уыстап: «О, бәрекелді! Тусаң ту, Сәтекеңнің төрт арысы! Өнер деп осыны айтыңдар, оқы-саңдар, осылай оқыңдар!» – деп қошемет біл
ді реді. Төрт арыс дейтіні – өнер көрсетіп тұрған ағайындыларға білдірген қоше-мет: Әбі кей – гармоньда ойнаса, Әбдікәрім (Кәрім) – скрипканың дүлдүлі, Бөкеш – домбыраға жүй рік, ал Қаныш – мандолина мен ги тарды бірдей тартады... Ағайындылардың сауық-сайраны,
әдетте, жұлдызды түннің бір уағына дейін созылады: ән-әуенге қоса қаладан көрген-білген жаңалықтарын майын тамызып әң-гіме айтады; дауыстап Абай және ескі ақындар өлеңдерін оқиды; ауыл өмі рінің көлеңкелі жақтарын әжуалайтын сықақтарды ой-нап, жиналған жұртты күлкіге қарық қылады...
көркемдегіш құралдар | орны мен қызметі |
Үзіндіні басқа үзіндімен алмастыруға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?