М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
САБАҚ: 6 Қазақ әдебиеті | Мектеп: | |||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||
Сынып: 10Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||
Бөлім: | Қазақтың Қанышы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе | |||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | А/И Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау | |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - шығармадағы көркемдегіш құралдарды таба алады; - көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдайды | |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер: Менің білетінім... Менің ойымша... Екінші жағынан... Мен ол мәселені мына жағынан қарастырғанды дұрыс көремін... Менің пайымдауым бойынша... | |||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Өз сөздік қорларын дамытады және грамматика мен пунктуация аспектілерін жақсартады. | |||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Сәлемдесу. Оқушылар 1-2-3 сандарын санау арқылы үш топқа бөлінеді. Қызығушылықты ояту: Ой сергек
Берілген екі суреттің сабақпен байланысын анықтаңдар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Тапсырма. Шығармадан берілген үзіңдіні түсініп оқып, автордың қолданған көркемдегіш құралдарының орны мен қызметіне талдау жасайды ЖЖ Қаныш шәкірт нендей өнерді мұрат еткен? Төр жайлауға ауылдың қонған кезі. Қыс бойы шаруа қамымен бір-біріне қатыса алмаған ағайын-жұрағат амандаса келіп, жа-патармағай қауышып жатқан мәре-сәре мезгіл. Күн қызылиек-теніп батып барады, төңірек түгел жайқалған көк, ауыл ірге сінде жалтыраған айдын көл. Кенет отау үйлер- дің бірінің алдынан жайлаудың саф ауасын діріл қақтырып желпігендей, маужыра-ған табиғатты, шаруа күйлеген ауыл адамдарының назарын өзіне еріксіз қаратқандай сазды үн құйқылжи шығып, жан-жүйеңді еліте жөнеледі. Желсіз тымық кеште азан-қазан болып шулап жататын қотан да бүгін әсерлі саз әуеніне елтіп жым-жырт тынған, қыбыр еткен жан-жануар болсайшы. Кенет тыңдаушылардың бірі қатты да уыстап: «О, бәрекелді! Тусаң ту, Сәтекеңнің төрт арысы! Өнер деп осыны айтыңдар, оқы-саңдар, осылай оқыңдар!» – деп қошемет біл ді реді. Төрт арыс дейтіні – өнер көрсетіп тұрған ағайындыларға білдірген қоше-мет: Әбі кей – гармоньда ойнаса, Әбдікәрім (Кәрім) – скрипканың дүлдүлі, Бөкеш – домбыраға жүй рік, ал Қаныш – мандолина мен ги тарды бірдей тартады... Ағайындылардың сауық-сайраны, әдетте, жұлдызды түннің бір уағына дейін созылады: ән-әуенге қоса қаладан көрген-білген жаңалықтарын майын тамызып әң-гіме айтады; дауыстап Абай және ескі ақындар өлеңдерін оқиды; ауыл өмі рінің көлеңкелі жақтарын әжуалайтын сықақтарды ой-нап, жиналған жұртты күлкіге қарық қылады...
Кері байланыс.
Үйге тапсырма: М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесін оқып келуге | |||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Оқушылардың өздігінен өзденіп жұмыс жүргізуіне ықпал етемін. | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Сырттан бақылау арқылы, өз-өздерінің бірін-біріне бағалату арқылы тексеремін. | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс Өз бетімен топта тиімді жұмыс жасауға, өзін-өзі жетілдіру және дамыту қажеттілігін сезінуге ықпал етемін. | ||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?