М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 8 сабақ.


М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе

Сабақтың мақсаты: Көркем шығарманың тілі. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау

Қызығушылықты ояту

Бүйі

Суретке назар салыңыз. Сіз жазушы болсаңыз бүйіні қалай сипаттар едіңіз? Қандай көркемдегіш құралдарды қолданар едіңіз?

Шығармадағы бүйі

Ақ жеңешенiң ауылдастарына өз жанынан шығарып айтқан көп жұмбағының біреуі мынау: «Алыстан қара көрінді, қарайғанмен қара емес, қампайғанмен бөрi емес; арқасында азық көп, ірiмшiк емес, құрт емес, сары май емес, жент емес; жерге түстi, iн қазды, қарны өстi, сыздады, тиген жерi қызарды; бұл не?..» Қапелімде ешкім шеше алмайды, әлде өтірік білмегенсиді. Имекеңнің кіші қосағы кенет жайраңдай күліп, іргені нұсқап: «Әне, бүйі кетіп барады, біреуің өлтіре салыңдаршы!» – деп жұмбағын өзі шешіп, жұртты күлдіреді екен

Талдаңыз

Бүйі жәндігін берудегі, кейіпкер бейнесін ашудағы автордың суреткерлік шеберлігі:

Қандай көркемдегіш құралдар қолданды және не үшін?

Оның оқырман үшін артықшылығы неде?

Қаныш образына талдау жүргізіңіз.

Бағалау критерийлері

Кері байланыс

1- қадам: Суреткердің тілі дегеніміз не?

2- қадам: «Жомарт табиғаттың сезімтал балаға әсері өзгеше. Шыр етіп жерге түскеннен бері ол соның аясында. Даланың шыжыған ыстығын да, қарлы боран, қақаған суығын да қаршадай кезінен көріп пісіп-қатқан, бәрі-бәріне көндігіп, күн санап, жыл санап қанаты қатайған қыран бүркіттің болат тұяқ балапанына ұқсап жетіліп те келеді...» автордың суреткерлік шеберлігіне баға бере отырып, осы үзіндіні өзіңіз қайтадан өңдеп жазып шығыңыз.

3- -қадам: Қаныш образын жасаудағы автор тіліне роман-эсседен 5 мысал келтіріңіз.

4- қадам: Сіздерді тамсандырған үзінді жолдары болды ма?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу