Абай шығармашылығы. «Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлім тақырыбы

Абай шығармашылығы. «Ескендір» поэмасы

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы

Шығармадағы құндылықтарды ажыратады

Оқушылардың көпшілігі

Әлемдік тақырыптармен байланыстырады

Оқушылардың кейбірі

Шығармадағы құндылықты әлемдік тақырыппен үндестіреді

Бағалау критерийлері

 

Шығармадағы құндылықты әлемдік тақырыппен үндестіреді

Тілдік мақсаттар

Құндылық, рухани құндылық, материалдық құндылық

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, тарих

Мектеп құндылығы

Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Абайдың қара сөздері

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

3 минут

Ұйымдастыру

5 минут

2 минут

10 минут

10 минут

5 минут

  • Оқушылармен амандасу;
  • Сабаққа дайындықтарын тексеру;
  • Оқу мақсатын таныстыру

С

Миға шабуыл.

  • Құндылық сөзін қалай түсінесіздер?
  • Құндылықтың қандай түрлерін білесіздер?
  • Адам бойында қандай құндылықтар болу керек?

Оқушылар жауабы тыңдалады.

Т

Оқушылар Ескендір, Аристотель, қоғам, әлем сөздерін суыру арқылы топтасады.

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасының мазмұнына сүйеніп, Ескендір мен Аристотель бойындағы құндылықтарды ажыратады, қазіргі өмірмен, әлемдік тақырыптармен байланыстырып, төмендегі кестеге жазады.

Кейіпкер

Бойындағы құндылық

Қазіргі қоғаммен байланыс

Әлемдік тақырыптармен байланыс

Ескендір

Аристотель

Топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

  • Кейіпкер бойындағы құндылықтарды ажыратады;
  • Қазіргі өмірмен байланыстырады;
  • Әлемдік тақырыптармен үндестіреді.

Т

«Карусель» әдісі

Сынып қабырғаларына түрлі пікірлер жазылған парақтар ілінеді, әр топ бір-бір пікірдің жанына топтасады. Мұғалім белгі берген кезде топпен берілген пікірді шығармамен байланыстыра отырып ойларын жазады, мұғалім уақыт белгілеп тұрады (2-3 минут). Уақыт аяқталғанда мұғалім хабарлайды, топтар сағат тілінің бағытымен ауысады. Келесі пікірге алдыңғы топ жазып кеткен пікірді жалғастырып жазады. Осылайша айналып әр топ барлық пікірге ойын жазып шығады. Соңғы жазған жұмысты топпен қорғап шығады.

Топтар бір-бірінің жұмысына ауызша кері байланыс береді.

Кері байланыс беру кезінде басшылыққа алу үшін:

  • Берілген пікірдің мазмұнын шығармамен байланыстыра алу;
  • Шығармадан нақты мысал келтіре алу;

Берілетін пікірлер:

Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос

Қанағат – қарын тойғызады,

Қанағатсыздық – жалғыз атын сойғызады.

Өзі тойғанымен, көзі тоймас.

Жаман басшыдан жақсының сілтеуі артық

Ж

Оқушылар шығармадан түйгені бойынша автордың сұрағына жауап бере отырып, өзінің бойында қандай құндылықтарды қалыптастыратындығын жазады.

Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!

Слайд

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B

http://abai.kz/post/12967

Кесте

А3 форматты қағаз

Сабақтың соңы

Рефлексия

2 мин

Ең, ең, ең....

Ең маңызды 3 факторды жазыңыз.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу