Өлең - сөздің патшасы. Абай шығармашылығы. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Сегіз аяқ», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Сегіз аяқ
Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған; Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған, Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең, өзің біл. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан, Надандар бәћра ала алмас. Қиналма бекер, тіл мен жақ, Көңілсіз құлақ — ойға олақ. Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ Күлкішіл кердең наданның. Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды — Әдеті надан адамның. Бойда қайрат, ойда көз Болмаған соң, айтпа сөз. Қайнайды қаның, Ашиды жаның, Мінездерін көргенде; Жігерлен, сілкін, Қайраттан, беркін Деп насиқат бергенде, Ұятсыз, арсыз салтынан Қалғып кетер артынан. Аулаққа шықпай, Сыбырлап бұқпай, Мейірленбес еш сөзге. Пайдасыз ақыл — Байлаусыз тақыл, Атадан бала ойы өзге. Санасыз, ойсыз жарым ес, Өз ойында ар емес. Тасыса өсек, Ысқыртса кесек, Құмардан әбден шыққаны. Күпілдек мақтан, Табытын қаққан Аңдығаны, баққаны. Ынсап, ұят, терең ой Ойлаған жан жоқ, жауып қой. Болмасын кекшіл, Болсайшы көпшіл, Жан аямай кәсіп қыл. Орынсыз ыржаң, Болымсыз қылжаң Бола ма дәулет, нәсіп, бұл? Еңбек қылсаң ерінбей — Тояды қарның тіленбей. Егіннің ебін, Сауданың тегін Үйреніп, ойлап, мал ізде. Адал бол — бай тап, Адам бол — мал тап, Қуансаң қуан сол кезде. Біріңді, қазақ, бірің дос Көрмесең, істің бәрі бос. Малыңды жауға, Басыңды дауға Қор қылма, қорға, татулас. Өтірік, ұрлық, Үкімет зорлық Құрысын, көзің ашылмас. Ұятың, арың оянсын, Бұл сөзімді ойлансын. Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын. Таласып босқа, Жау болып досқа, Қор болып, құрып барасың. Өтірік шағым толды ғой, Өкінер уақтың болды ғой. Жұмыссыз сандал, Еріксіз малды ал Деген кім бар сендерге, Қулықты көргіш, Сұмдықты білгіш Табылар кісі жөндерге. Үш-төрт жылғы әдетің Өзіңе болар жендетің. Ауырмай тәнім, Ауырды жаным, Қаңғыртты, қысты басымды, Тарылды көкірек, Қысылды жүрек, Ағызды сығып жасымды. Сүйеніп күлкі, тоқтыққа, Тартыпты өнер жоқтыққа. Қайратым мәлім, — Келмейді әлім, Мақсат — алыс, өмір — шақ. Өткен соң, базар, Қайтқан соң ажар, Не болады құр қожақ?! Кеш деп қайтар жол емес, Жол азығым мал емес. Бір кісі мыңға, Жүз кісі сұмға Әлі жетер заман жоқ. Қадірлі басым, Қайратты жасым Айғаймен өтті, амал жоқ. Болмасқа болып қара тер, Қорлықпен өткен қу өмір. Сөзуар білгің Законшік, көргіш Атанбақ мақсат,мақтанбақ. Жасқанып, қорқып, Жорғалап, жортып Именсе елің, баптанбақ. Қарғағанын жер қылмақ. Алқағанын зор қылмақ. Хош, қорықты елің, Қорқытқан сенің Өнерің қайсы, айтып бер. Ел аңдып сені, Сен аңдып оны, Қылт еткізбей бағып көр. Ойнасшы қатын болса қар, Аңдыған ерде қала ма ар? Көмексіз көзің, Бір жалғыз өзің Баға алмай басың сандалар. Баурыңа тартқан, Сырыңды айтқан Сырласың сырт айналар. Ол қаны бұзық, ұры-қар Қапысын тауып сені алар. Басы-көзі қан боп. Арқа-басы шаң боп, Және тұрып жылпылдап; Жығылып тұрып, Буыны құрып, Тағы қуып салпылдап. Абұйыр қайда, ар қайда? Әз басыңа не пайда? Ит үрсе, бала Таяғын ала, Қуады итпен кектесіп. Ұрысқансып “ой” деп, “Ұят” деп, “қой” деп, Үлкендер тияр “тек” десіп. Оны білсең, мұның не? Мен де ұят іс қылдым де. Білгенге жол бос, Болсайшы қол бос Талаптың дәмін татуға. Білмеген соқыр Қайғысыз отыр, Тамағы тойса жатуға. Не ол емес, бұл емес, Менің де күнім — күн емес. Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім. Құлағын салмас, Тіліңді алмас Көп наданнан түңілдім. Екі кеме құйрығын Ұста, жетсін бұйрығың. Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Онан да шықты жаңғырық. Есітіп үнін, Білсем деп жөнін, Көп іздедім қаңғырып.. Баяғы жартас — бір жартас, Қаңқ етер, түкті байқамас. Жаяуы қапты, Аттысы шапты, Қайрылып сөзді кім ұқсын. Іште дерт қалың, Ауыздан жалын Бұрқ етіп, көзден жас шықсын. Күйдірген соң шыдатпай, Қоя ма екен жылатпай? Мамықтан төсек, Тастай боп кесек, Жанбасқа батар, ұйқы жоқ. Сыбыр боп сөзі, Мәз болып өзі, Ойланар елдің, сиқы жоқ. Баяғы қулық, бір алдау, Қысылған жерде жанжал-дау. Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ. Моласындай бақсының Жалғыз қалдым — тап шыным! |
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Алдамаған кім қалды тірі жанда. Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім, Жалғыз-жарым болмаса анда-санда. Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда, Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда. Мұнан менің, қай жерім аяулы деп, Бірге тұрып қалады кім майданда? Ендігі жұрттың сөзі — ұрлық-қарлық, Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық. Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ Мейір қанып, мәз болып қуанарлық. Байлар да мал қызығын біле алмай жүр, Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр. Сабылтып күнде ұрлатып, із жоғалтып, Ызаменен ыржиып күле алмай жүр. Саудагер тыныштық сауда қыла алмай жүр, Қолдан беріп, қор болып, ала алмай жүр. Ел аулақта күш айтқан, топта танған, Арсыз жұрттан көңілі тына алмай жүр. Естілер де ісіне қуанбай жүр, Ел азды деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр. Бектікте біреу бектеп тұра алмай жүр, О дағы ұры-қарды қыра алмай жүр. Қарсылық күнде қылған телі-тентек, Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр. Қарындас қара жерге тыға алмай жүр, Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр. Құда-тамыр, дос-жарың, қатын-балаң — Олар да бір қалыпты бола алмай жүр. Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр, Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр, Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі, Не пайда, не залалды біле алмай жүр. Жетілтіп жаз жайлауға қона алмай жүр, Күз күзеуде жанжалсыз бола алмай жүр. Қыс қыстауың — қып-қызыл ол бір пәле, Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр. Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр, Сұрамсақтар нәпсісін тия алмай жүр. Сәлем борыш, сөз қулық болғаннан соң, Қандай жан сырттан сөз боп,сыналмай жүр? |
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,Қиыннан қиыстырар ер данасы.Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,Ол - ақынның білімсіз бишарасы.Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,Қосарлы бәйітмысал келді арасы.Қисынымен қызықты болмаса сөз,Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,Мүнәжәт уәлилердің зар наласы.Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,Әрбірі келгенінше өз шамасы.Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,Сонда да солардың бар таңдамасы.Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысынҚазақтың келістірер қай баласы?Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.Ақындары ақылсыз, надан келіп,Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.Мал үшін тілін безеп, жанып жалдап,Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.Жат елде қайыршылық қылып жүріп,Өз елін бай деп мақтар құдай қарғап.Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,Жиса да, бай болмапты, қанша малды ап.Казаққа өлең деген бір қадірсіз,Былжырақ көрінеді солар даңдақ.Ескі бише отырман бос мақалдап,Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,Сендерге де келейін енді аяңдап.Батырды айтсам ел шауып алған талап,Қызды айтсам, кызықты айтсам қыздырмалап,Әншейін күн өткізбек әңгімегеТыңдар едің әр сөзін мыңға балап.Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап,Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап.Кісімсінген жеп кетер білімсіз көп,Жіберсем, өкпелеме, көп жамандап.Амалдап қарағайды талға жалғап,Әркім жүр алар жердің ебін қамдап.Мақтан қуған, малқұмар нені ұға алсын,Шықпаса мыңнан біреу талғап-талғап.Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап,Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап.Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп,Елдің байын еліртіп «жау мұндалап».Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап –Бұларды керек қылмас ешкім қалап.Терең ой, терең ғылым іздемейді,Өтірік пен өсекті жүндей сабап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?