Өлең - сөздің патшасы. Абай шығармашылығы. «Сегіз аяқ», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Сегіз аяқ
Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған; Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған, Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең, өзің біл. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан, Надандар бәћра ала алмас. Қиналма бекер, тіл мен жақ, Көңілсіз құлақ — ойға олақ. Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ Күлкішіл кердең наданның. Көп айтса көнді, Жұрт айтса болды — Әдеті надан адамның. Бойда қайрат, ойда көз Болмаған соң, айтпа сөз. Қайнайды қаның, Ашиды жаның, Мінездерін көргенде; Жігерлен, сілкін, Қайраттан, беркін Деп насиқат бергенде, Ұятсыз, арсыз салтынан Қалғып кетер артынан. Аулаққа шықпай, Сыбырлап бұқпай, Мейірленбес еш сөзге. Пайдасыз ақыл — Байлаусыз тақыл, Атадан бала ойы өзге. Санасыз, ойсыз жарым ес, Өз ойында ар емес. Тасыса өсек, Ысқыртса кесек, Құмардан әбден шыққаны. Күпілдек мақтан, Табытын қаққан Аңдығаны, баққаны. Ынсап, ұят, терең ой Ойлаған жан жоқ, жауып қой. Болмасын кекшіл, Болсайшы көпшіл, Жан аямай кәсіп қыл. Орынсыз ыржаң, Болымсыз қылжаң Бола ма дәулет, нәсіп, бұл? Еңбек қылсаң ерінбей — Тояды қарның тіленбей. Егіннің ебін, Сауданың тегін Үйреніп, ойлап, мал ізде. Адал бол — бай тап, Адам бол — мал тап, Қуансаң қуан сол кезде. Біріңді, қазақ, бірің дос Көрмесең, істің бәрі бос. Малыңды жауға, Басыңды дауға Қор қылма, қорға, татулас. Өтірік, ұрлық, Үкімет зорлық Құрысын, көзің ашылмас. Ұятың, арың оянсын, Бұл сөзімді ойлансын. Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын. Таласып босқа, Жау болып досқа, Қор болып, құрып барасың. Өтірік шағым толды ғой, Өкінер уақтың болды ғой. Жұмыссыз сандал, Еріксіз малды ал Деген кім бар сендерге, Қулықты көргіш, Сұмдықты білгіш Табылар кісі жөндерге. Үш-төрт жылғы әдетің Өзіңе болар жендетің. Ауырмай тәнім, Ауырды жаным, Қаңғыртты, қысты басымды, Тарылды көкірек, Қысылды жүрек, Ағызды сығып жасымды. Сүйеніп күлкі, тоқтыққа, Тартыпты өнер жоқтыққа. Қайратым мәлім, — Келмейді әлім, Мақсат — алыс, өмір — шақ. Өткен соң, базар, Қайтқан соң ажар, Не болады құр қожақ?! Кеш деп қайтар жол емес, Жол азығым мал емес. Бір кісі мыңға, Жүз кісі сұмға Әлі жетер заман жоқ. Қадірлі басым, Қайратты жасым Айғаймен өтті, амал жоқ. Болмасқа болып қара тер, Қорлықпен өткен қу өмір. Сөзуар білгің Законшік, көргіш Атанбақ мақсат,мақтанбақ. Жасқанып, қорқып, Жорғалап, жортып Именсе елің, баптанбақ. Қарғағанын жер қылмақ. Алқағанын зор қылмақ. Хош, қорықты елің, Қорқытқан сенің Өнерің қайсы, айтып бер. Ел аңдып сені, Сен аңдып оны, Қылт еткізбей бағып көр. Ойнасшы қатын болса қар, Аңдыған ерде қала ма ар? Көмексіз көзің, Бір жалғыз өзің Баға алмай басың сандалар. Баурыңа тартқан, Сырыңды айтқан Сырласың сырт айналар. Ол қаны бұзық, ұры-қар Қапысын тауып сені алар. Басы-көзі қан боп. Арқа-басы шаң боп, Және тұрып жылпылдап; Жығылып тұрып, Буыны құрып, Тағы қуып салпылдап. Абұйыр қайда, ар қайда? Әз басыңа не пайда? Ит үрсе, бала Таяғын ала, Қуады итпен кектесіп. Ұрысқансып “ой” деп, “Ұят” деп, “қой” деп, Үлкендер тияр “тек” десіп. Оны білсең, мұның не? Мен де ұят іс қылдым де. Білгенге жол бос, Болсайшы қол бос Талаптың дәмін татуға. Білмеген соқыр Қайғысыз отыр, Тамағы тойса жатуға. Не ол емес, бұл емес, Менің де күнім — күн емес. Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім. Құлағын салмас, Тіліңді алмас Көп наданнан түңілдім. Екі кеме құйрығын Ұста, жетсін бұйрығың. Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Онан да шықты жаңғырық. Есітіп үнін, Білсем деп жөнін, Көп іздедім қаңғырып.. Баяғы жартас — бір жартас, Қаңқ етер, түкті байқамас. Жаяуы қапты, Аттысы шапты, Қайрылып сөзді кім ұқсын. Іште дерт қалың, Ауыздан жалын Бұрқ етіп, көзден жас шықсын. Күйдірген соң шыдатпай, Қоя ма екен жылатпай? Мамықтан төсек, Тастай боп кесек, Жанбасқа батар, ұйқы жоқ. Сыбыр боп сөзі, Мәз болып өзі, Ойланар елдің, сиқы жоқ. Баяғы қулық, бір алдау, Қысылған жерде жанжал-дау. Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ. Моласындай бақсының Жалғыз қалдым — тап шыным! |
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Алдамаған кім қалды тірі жанда. Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім, Жалғыз-жарым болмаса анда-санда. Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда, Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда. Мұнан менің, қай жерім аяулы деп, Бірге тұрып қалады кім майданда? Ендігі жұрттың сөзі — ұрлық-қарлық, Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық. Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ Мейір қанып, мәз болып қуанарлық. Байлар да мал қызығын біле алмай жүр, Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр. Сабылтып күнде ұрлатып, із жоғалтып, Ызаменен ыржиып күле алмай жүр. Саудагер тыныштық сауда қыла алмай жүр, Қолдан беріп, қор болып, ала алмай жүр. Ел аулақта күш айтқан, топта танған, Арсыз жұрттан көңілі тына алмай жүр. Естілер де ісіне қуанбай жүр, Ел азды деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр. Бектікте біреу бектеп тұра алмай жүр, О дағы ұры-қарды қыра алмай жүр. Қарсылық күнде қылған телі-тентек, Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр. Қарындас қара жерге тыға алмай жүр, Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр. Құда-тамыр, дос-жарың, қатын-балаң — Олар да бір қалыпты бола алмай жүр. Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр, Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр, Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі, Не пайда, не залалды біле алмай жүр. Жетілтіп жаз жайлауға қона алмай жүр, Күз күзеуде жанжалсыз бола алмай жүр. Қыс қыстауың — қып-қызыл ол бір пәле, Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр. Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр, Сұрамсақтар нәпсісін тия алмай жүр. Сәлем борыш, сөз қулық болғаннан соң, Қандай жан сырттан сөз боп,сыналмай жүр? |
Адам немене?
Бiлiмдiлер сөз жазып, зарлағанда,Ой кезiп, жердiң жүзiн шарлағанда,Алдаусыз адам өмiрiн түзетерлiкӘдiлет, ынсап, мейiрiм бар ма адамда?Әйтпесе мәз боп жүр ме қиянатқа,Зорлықпен бiрiн-бiрi жалмағанға.Мен адамнан таза ақыл таба алмадым,Ойланып, өзеленiп, қармағанда.Көрсеқызар, жалмауыз, бәрi алдағыш,Көп адамның қылығын барлағанда.Өнерпаз, бiлiмдi елдiң мiнезi осы –Аяу, жәрдем, махаббат қалмаған ба?Немесе бұлар бұрын жоқ болса да,Әншейiн бар деп бiздi алдаған ба?Көрiнер ғылымды елдiң сырты таза,Тексерiп терең ойға салмағанда.Ақымақ пен айуанның иiсi аңқиды,Iстерiн әбден сынап талдағанда.Кей-кейде: «Түзелейiк, кел»,– деседi,Кешiкпей соғыс ашып, белдеседi.Айласы артық, қаруы сайы жеңiп,Мақтанып: «Бар ма бiздей ел?» – деседi.Тамам жан өзiн-өзi «мен» деседi,Өзгелердi жатырқап «сен» деседi.«Бiз» дейтұғын бiр елдi таба алмайсың,Бұл қайтiп әдiлетпен теңдеседi?Ойласаң, барша адамзат – туған бауыр,Бiрiн-бiрi шұқылап қылды жауыр.Балалық, айуандықтан шыққан ел жоқ,Бұл сөзiм талай жанға тисе де ауыр,Европа бiлiмдi жұрт осы күнде,Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде.Терең ойлап сөзiмнiң түбiн бiл де,Iштен жыла, шырағым, сыртпен күл де.Сол естi елде киiм бар мода деген‚Керегiне лайықтап киiнбеген.Жас балаша қызығып сәкәкүлгеМасқара боп жүргенiн бiр бiлмеген.Шебелет қалпақ, тар шалбар, қысқа сертек,Киiп алып, қылтиып қағар селтек.Ұнай ма ыстық, суық қозғалысқа‚Ойланбай, болғаны несi мұнша тентек?Әйелдерi – қуыршақ үлбiреген,Жалбыр шашақ, сәкәкүл талай неген.Кеңiрдегiн сорайтып, кеудесi ашық,Осы емес пе орынсыз сәнқой деген.Ойлашы, осы ақылға жараса ма,Емес пе ержетпеген бала-шаға?Не денеге, не жанға жайлы емес қой,Осыған да дау айтып таласа ма?Лайықты киiм жоқ па бұдан басқа,Керексiз кербезденiп бос шатаспа.Ақылды киiм бермес, ғылым берер,Ғылымын ал, өнерiн ал, мұны таста!Бақ-дәулеттi мол бердi жаратылыс,Пайдаланып, қылсаңшы жақсы жұмыс.Табиғаттың таусылмас қасиетiнЖұрттың жұмсап жүргенi – ақылсыз iс.Қайда кеттi жаралыс берген байлық,Ұстанғалы әскер мен қару сайлық?Жаны ашымай әлсiздi аңша қырып,Мейiрiмсiз, озбырлығы осындайлық.Мұнысы айуаннан қалай дейсiң,Бiр жаңа өнер шықса «пәлi-ай» дейсiң.Ол өнермен өзгенi құлданып ап,Аямай өз бауырыңды қалай жейсiң?Күн көре алмай жақының жатыр өлiп,Шiмiркенбей жемтiгiн жейсiң бөлiп.«Ғылым деген бұл болса, адыра қалсын» –Демеске бара жатыр iшiм толып.Қанеки, ақ жүрекке қайсың жеттiң?Жеттiм деп тамам жанды тентiреттiң.Жиырмасыншы ғасырдың адамынанАнық таза бiр елдi көрмей өттiм.«Мен – ақ жүрек» деген сөз босқа шығын,Қару, күшпен көрсетiп қасқырлығын.Мылтық билеп тұрғанда әдiлет жоқ,Алдамай-ақ аулақ өл, жарықтығым.Қару, әскер тастаудың жөнi келмес,Неге десең, бiрiне-бiрi сенбес.Тамам адам перiште болмай тұрып,«Ал, түзелшi» дегенге ешкiм көнбес.Айла, күш – айуандықтың ең жаманы,Боқты боқпен жуғанмен ел түзелмес.Ар түзейтiн бiр ғылым табылмаса,Зұлымдықты жалғанда әдiл жеңбес.Құр айтқанмен қолынан түк келмейдi,Ақ жүректi таза адам болса кем-кес.Қас түзеймiн деп жүрiп көз шығарып,«Қалмақ ойын» ойнаумен ештеме өнбес.Жас баланы ұрғанмен шырылдатып,Ойы толмай тұрғанда ақылы енбес.Араны ашық жалмауыз, арсыз төбет,Аулақта жемтiк жеуден жиiркенбес.Адамның сыртқы дене жаралысы,Нәпсiсi айуанмен анық теңдес,Бөлектiгi – жалғыз-ақ таза ақылда,Әлiң келсе, жол тап та осыны емдес!
Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған...
Бас көзiмен қарасаң, нәпсi – жалған,Бiр сұлу қыз сықылды жұрт таңданған.Анық ақыл көзiмен қарағанда,Өзiн берер қалыңға ол қызды алған.Қылықты қыз сияқты көрiнсе де,Өлшеусiз сансыз байдан жесiр қалған.Күнiнде қызыл гүлдей жүз күлсе де,Сырт айланса, жүрекке жалын салған.Бас алуға жаралған бiр жәдiгөйӨткiр қылыш сықылды уға малған.Өлмей адам осыдан құтылар ма,Неге қылып жүргемiз өлiмдi арман?Нәпсi үйiнде байлаулы ынсап жатыр,Мұның емi – тегiнде, сол босанған.Сопысынып‚ ақсынып әуре болмай,Ер болсаң, босатып ал сол зынданнан.Ақыл, ғылым әр түрлi айтса-дағыЖиыны осы сөзбен аяқталған.
Жан жүрегім, жаным жеп...
Жан жүрегім, жаным жеп,Жанған отқа саласың.«Анау сүйтті, бүйтті» деп,Күнде мазамды аласың.«Берекеге жи» дейсің,Тамам қазақ баласын.«Кек, ашудан тый» дейсің,Айыртып ақ пен қарасын.Мен құдай ма, патса ма,Ынсапсызға бастама.Ауыртып ашып жаныштама,Жанымның ескі жарасын.Газет, журнал басылды,«Міне, оқы» деп қуанттың.Қазаққа ғылым шашылды«Ал, қуан» деп жұбаттың.Бірін-бірі сөкті деп,Табылған бақты тепті деп«Өлді, жітті, кетті» деп,Тағы мені суалттың.Бір өлтіріп, тірілтіп,Әр бұтаққа ілінтіп,Жел, сағымдай құбылтып,Қай жаққа алып барасың?Қой, жүрегім, қайғырма,Қайғыны мүлде жай қылма.Айрылғандар қосылар,Бұл мінезден шошынар.Тағдырдың құлы осылар,Сен таппайсың шарасын.Торайғыров естісе,Мұны «қатын ойбай» дер.Мұнымен елді жетілтсе,«Ойбайды жүр қоймай» дер.Аша алмассың жылауменАрсылдақтың арасын.
Ерекшеліктер | Абай өлеңі | Ұқсастығы | Шәкәрім өлеңі |
Мазмұны | |||
Құрылымы | |||
Тілі |
Тарихи құндылығы көркемдік құндылығы
Біздің баға
Дескриптор | 1-топ | 2-топ | 3-топ |
Шығармаларды салыстырады | |||
Тарихи және көркемдік құндылықтарды анықтайды | |||
Баға береді |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?