Абай шығармашылығы. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Пән

әдебиет

Сабақ

Күні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

«Өлең-сөздің патшасы»

Сабақтың тақырыбы

Абай шығармашылығы.

«Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері

Сабақ түрі

жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

Сабақ мақсаты

Оқушылардың бәрі

  • өлеңдерді мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсінеді

Оқушылардың көбі

  • шығармалардағы кейіпкердерді таниды және кейіпкерді суреттеудегі автор көзқарасын түсінеді, түсіндіреді

Оқушылардың кейбірі

  • шығармаларға, шығармада көтерілген мәселеге бүгінгі күн тұрғысынан баға береді, авторлық көзқарас пен автор суреттеуіне қатысты өзіндік пікір айта алады.

Бағалау критерийлері

  • шығармадағы кейіпкерлерді анықтайды;
  • кейіпкерлерге мінездеме береді
  • кейіпкерлерге мінездеме беру арқылы автор шығармашылығын бағалайды

Тілдік мақсаттар

Болыс

Болыс (әкімшілік бөлініс) — қазақ жерінің патшалық Ресейдің қоластында болған кезіндегі аумақтық әкімшілік бөлінісі.

Болыс (лауазым) — қызметтік лауазым, болыстықтың басшысы, басқарушысы.

Қом

түйе өркешінің түп жағын ала тұтаса біткен майАрық түйеге қом бітпей, өркеші жығылып жатады;түйеге жүк артқанда, оның өркешіне жотасын орай салынатын қабат-қабат киіз.

Сияз съезд, жиналыс. Сиязға үйлер тігілді

Мектеп құндылықтары

Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Әдеби шығармада көтерілген мәселені ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. Көтерілген мәселелерді бүгінгі ұлттық мүддемен байланыстыру.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз дер

Сабақтың

басы

5 минут

10+5 мнут

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлері талқыланады.

Сыныпқа тақтадан оқу мақсаттары көрсетіледі:

  • Не түсіндіңіздер, қалай түсінесіздер немесе оқу мақсатын қалай түсіндіре аласыз ?
  • Бізден қандай міндеттер күтіледі?
  • Қандай жұмыстың түрлері ұсынылуы мүмкін деп ойлайсыз?
  • Ол жұмыстар қандай нәтиже береді? т.б.

Т

Сынып шағын топтарға бөлінеді, оларға Абайдың «Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері ұсынылады.

1-тапсырма:

Өлеңдерді оқыңыз. Шығармалар бойынша мүмкіндігіңізге қарай төмендегі тапсырмалардың бірін орындаңыз.

  • Өлеңді мәнерлеп оқуға дайындалыңыз.
  • Өлеңдердің тақырыбына арқау болған негізгі мәселелерді анықтаңыз. Өлең жолдарынан мысал клтіріңіз.
  • Шығармада көтерілген мәселелерді бүгінгі немесе болашақ өмірмен байланыстырыңыз.

Сабақтың

ортасы

15 минут

Т

«Кейіпкерді зерттеу»

Оқушылар шағын топтарда шығарма кейіпкерлерін тану, зерттеу тапсырмаларымен жұмыс жасайды. Тапсырмалардың мазмұны мен жасалатын жұмыс түрлері топ мүшелерімен талқыланады.

1-топ: Ақынның кейіпкерді суреттеуі, олардың портреттері;

Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;

  • Тапсырма сіздерден нені сұрайды?
  • Шығармадағы негізгі кейіпкер кім?
  • Ол қандай адам? Автор қалай суреттейді?
  • Кейіпкер нені қалайды?
  • Кейіпкердің мінезі мен әрекеті қай жолдарда суреттеледі? т.б.

2-топ: Кейіпкердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі,

Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы;

  • Тапсырма сіздерден нені сұрайды?
  • Ол қандай кейіпкер? Кейіпкерге қандай баға берер едіңіз? Неге?
  • Өз ойыңызды дәлелдеуге қай жолдарды мысал ретінде көрсетер едіңіз? т.б.

3-топ: Кейіпкер бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттер тізбесін жасау.

  • Тапсырма мазмұны Сіздерге қаншалықты түсінікті?
  • Кейіпкерлер бойынан қандай ұнамды немесе ұнамсыз қасиеттер байқайсыз?
  • Оған қандай мысалдар келтірер едіңіз? т.б.

Бағалау дескрипторы:

  • Тапсырма мазмұнын түсінеді және түсіндіре алады.
  • Тапсырма мазмұнына сәйкес мәтіннен өзінді таңдай алады.

Сабақтың

соңы

5 минут

2-тапсырма:

Бүгінгі талқыланған Абай өлеңдері негізінде қорытынды жасаңыз.

  • Зат есім. Кім? Не? «Абай шығармашылығы», «Абай өлеңдері»
  • Сын есім. Қандай?
  • Етістік. Не істейді?
  • Сөйлем.
  • Синоним.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу