Абай шығармашылығы. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Пән

Әдебиет

Сабақ

Күні

Сынып: 10Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

«Өлең – сөздің сарасы»

Сабақтың тақырыбы

Абай шығармашылығы.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері

Сабақ түрі

жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау;

Сабақ мақсаты

Оқушылардың бәрі

  • көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын біледі.

Оқушылардың көбі

  • өлеңдерден мысалдар келтіре алады

Оқушылардың кейбірі

  • көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының автор шығармаларындағы қызметін түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

  • өлеңдердегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын табады;
  • көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Көркемдегіш құралдар: ажарлау, құбылту(троп), айшықтау(фигура)

Айшықтау амалдары:

Арнау Антитеза

Қайталау, жай қайталау Градация

Еспе қайталау Параллелизм

Анафора Инверсия

Эпифора Эллепсис

Риторикалық сұрақ

Мектеп құндылықтары

Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Шығармадағы авторлық идеяны өмір шындығымен байланыстырады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

5 -7 минут

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлері талқыланады.

Сыныпқа тақтадан оқу мақсаттары көрсетіледі:

  • Не түсіндіңіздер, қалай түсінесіздер немесе оқу мақсатын қалай түсіндіре аласыз ?
  • Бізден қандай міндеттер күтіледі?
  • Қандай жұмыстың түрлері ұсынылуы мүмкін деп ойлайсыз?
  • Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдары дегеніміз не? Кім түсіндіре алады?
  • Әдеби шығармалардағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметі қандай?

Оқу мақсаты мен тақырыпқа қатысты Сізде қандай сұрақ пайда болды? Қандай сұрақтың жауабын іздейсіз? т.б.

мұғалім таныстырылымы

Сабақтың

ортасы

7 минут

Ж

Сыныпқа Абайдың «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы», «Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері ұсынылады. Оқушылар шығармалардағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарымен жұмыс жасайды.

1-тапсырма

Ұсынылған Абай өлеңдерінен көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарына қатысты 2 сұрақ/тапсырма құрастырыңыз. Мүмкіндігіңізше сұрақтарды күрделендіруге тырысыңыз. Сұрақ мәтінін сыныптастарыңызға жариялауға асықпай, өз бетіңізбен жұмыс жасаңыз.

20 минут

Ж

«Ішкі және сыртқы шеңбер» бағалау әдісі

Сынып «1», «2» сандарымен 2-ге бөлінеді.

1-нөмірлілер сыртқы шеңбер, 2-нөмірлілер ішкі шеңберді құрайды.

Сыртқы шеңбер сұрақ/тапсырмаларды ұсынушы, бағалаушы топ болса, Ішкі шеңбер сұрақ/тапсырмаларды орындаушы, бағаланушы топ болады.

2-тапсырма

Ішкі шеңбер оқушылары мұғалімнің басқаруымен (сағат тілімен) ауыса отырып, сыртқы шеңбер оқушыларының сұрақ/тапсырмаларын орындаңыз. Сұраққа жауап беруге бір ғана мүмкіндігіңіз бар екенін ескеріңіз. Әр дұрыс жауап үшін бір жұлдызша аласыз.

Бағалау дескрипторы:

  • ___ жұлдызша алады;
  • ___ жұлдызша алады;
  • ___ жұлдызша алады;

(жауап беруі тиіс сұрақтар саны сынып оқушыларының санымен байланысты болады, жауап бере алмаған сұрақтар бойынша кері байланыс беріледі.

  • Кімде ең көп жұлдызша бар? Қанша?
  • Сіз қандай сұраққа жауап бере алмадыңыз? Не себептен қателестіңіз?
  • Бұл сұраққа қалай жауап берер едіңіз?
  • ____________ дегеніміз не?
  • Ең қиын сұрақ деп кімнің сұрағын айтар едіңіз? Ол қандай сұрақ? т.б.

сұрақтар мен тапсырмалар

Сабақтың

соңы

5 минут

Ж

ПОПС формуласы

Сынып «Абай өлеңдеріндегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметі қандай? деген сұрақ төңірегінде жеке жұмыс жасайды.

3-тапсырма

«Абай өлеңдеріндегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметі қандай? Сұраққа төмендегі ретте жауап беруге тырысыңыз (әр жолға 1-2 сөйлеммен)

«Менің ойымша» ...

«Себебі» ....

«Мысалы» .....

«Қорытындылай келе/Сондықтан да» ....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу