Абай шығармашылығы. «Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Пән

әдебиет

Сабақ

Күні:

Сынып: 10Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

«Өлең - сөздің сарасы»

Сабақтың тақырыбы

Абай шығармашылығы. «Ескендір» поэмасы

Сабақ түрі

жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту

Сабақ мақсаты

Оқушылардың бәрі

  • шығарма мазмұнын түсінеді

Оқушылардың көбі

  • шығармада көтерілетін құндылықты анықтайды;

Оқушылардың кейбірі

  • тақырыпқа қатысты өзіндік ой, пікір білдіреді.

Бағалау критерийлері

  • Шығарма мазмұнын түсінеді;
  • Шығармада көтерілген құндылықтарды анықтайды;
  • Тақырыпқа қатысты пікір білдіреді.

Тілдік мақсаттар

Құндылық-Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. 

Мектеп құндылықтары

Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді.

Осыған дейін меңгерілген білім

көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

5+10 минут

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады

Кластер әдісі

Сынып шағын топтарда жұмыс істейді. «Бүгінгі жастардың/адамзаттың бойында қандай құндылықтар болуы керек?» сұрағын талқылайды және тақырыптық таныстырылым дайындайды.

  • Құндылық дегеніміз не? Қалай түсінесіз?
  • Жастардың бойында қандай құндылықтар болуы керек деп ойлайсыздар?
  • Адамзаттан қандай құндылықтарды көргіңіз келеді?
  • Әлемдік, жаһандық азаматтықты қалыптастырудағы адами құндылықтардың маңызы қаншалықты?
  • Сіздердің ойларыңызша, ең негізгі құндылық? т.б.

Сабақтың

ортасы

20 минут

«Болжау» әдісі

Үзіндіні мұқият оқыңыз.

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?Македония шаһары - оған мекен.Филипп патша баласы, ер көңілді,Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.Филипп өлді, Ескендір патша болды,Жасы әрең жиырма бірге толды.Өз жұрты аз көрініп, көршілергеКөз алартып қарады оңды-солды.

Атағы талай жерге оның жетті,Жердің жүзін алуға талап етті.Есепсіз әскер ертіп, жарақтанып,Есіткен елдеріне жүріп кетті.Алдынан шыға алмады ешкім мұның,Бәрін де алды, қорқытты жолдағының.Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ,Жер жүзін жеке билеп алмақшының.Жүре-жүре бір елсіз шөлге түсті,Алып жүрген суының бәрін ішті.Адам, хайуан бәрі де бірдей шөлдеп,Басына құдай салды қиын істі.Сандалды сар далада су таба алмай,Шөлдеген жұрт қайтеді бос қамалмай?Қызметкердің бәрін де өлтірмекшіБолыпты, шөлдегенге шыдай алмай.Мысалы, астындыға ат о дағы ұшты,Ескендір де атының жалын құшты.Жалтырап сәуле берген бір нәрсегеПатшаның ат үстінде көзі түсті.

  • Шығарма кім туралы?
  • Ескендір туралы қандай ақпараттарыңызбен бөлісе аласыздар?
  • Кейіпкерге қандай алғашқы баға берер едіңіздер?
  • Оқиғада әрі қарай не болады деп ойлайсыз?
  • Патшаның көзі неге түсуі мүмкін? т.б.

Екінші үзінді:

Барса, бір сылдыр қаққан мөлдір бұлақ,Таспадай бейне арықтан шыққан құлап.Түсе сала Ескендір басты қойды,Ішсе, суы өзгеше, тәтті тым-ақ.

Исі, дәмі өзгеше болып кетті,Таң қалды мұның бәрін суға жорып.Ескендір қолына айтты: «Бұл неткен су?Бәрің де ішіп, бұл суға бетіңді жу!Бір бай елден осы су шыққан шығар,Өрлеп барып, үстіне тігелік ту.Бұл салқын, тәтті суға қаныңыздар,Шақ келер маған жан жоқ наныңыздар.Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп,Талқан қылып шаһарын алыңыздар!».

Сол әскер суды өрлеп талай жүрді,Судың басы бір құзар шатқа кірді.Шаттың аузын бекіткен алтын қорған,Қақпасы бекітулі, көзі көрді.Қақпаны ашайын деп хан ұмтылды,Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды.Аша алмады қақпаны, үміт үзді,Ақылдасып тәуір-ақ амал қылды.Ескендір тоқтау көрмей өскен жан ғой,Келмей ме тоқтаусыздың бәрі даңғой?Дел-сал болып бәрі де қайта шықты,Алысып әл келмесін байқаған ғой.Долдықпен хан Ескендір ашуланды,Ашуланып қақпаға жетіп барды.Қақпаны дүбірлетіп қағып-қағып:- Қақпаны аш! - деп барынша айғай салды.Қақпаның ар жағынан біреу келді,Күзетшісі сол екен, дыбыс берді.- Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ,Бұл - құдайға бастайтын қақпа, - деді.- Білмесең, мен Ескендір патша деген,Жер жүзінің соғыста бәрін жеңген.Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған,Қорлығым өзім тауып, көз көрмеген.- Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең!Іші тар, көре алмастың біреуі - сен,Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.- Талпынған талаппенен мен де бір ер,Көп жүрдім, кездей келді көрмеген жер.Ең болмаса, халқыма көрсетейін,Сый қылып, белгі болар бір нәрсе бер.Қақпадан лақтырды бір орамал,Сыйым - осы, падиша, мынаны ал!Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер,Апар дағы ойланып, көзіңді сал!

  • Ары қарай не болуы мүмкін? Неге олай ойладыңыз?
  • Қақпадан Ескендірге қандай зат берді деп ойлайсыз? Неге олай ойлайсыз? т.б.

Үшінші үзінді:

Орамалды қуанып қолына алды,Сый алдым деп халқына қайта салды.Қараса, ішінде бір қу сүйек,Бұл не еткен мазағы деп аң-таң қалды.Ашуланып, сыйына болды кекті,- Ең болмаса білмеді сый бермекті.- Осы менің теңім бе? - деп ақырып,Лақтырып жіберді сол сүйекті.Жолдасы Аристотель ақылы мол,Лақтырған сүйекті алады сол.Ханға айтты: «Қасиет бар бұл сүйекте,Көзіңе көрсетейін, хабардар бол».Сол күнде Аристотель жеке дара,Ақыл сөзін тыңдамай бар ма шара:- Таразыны әпкел де, сүйекті сал,Бір жағына алтын сап, өлшеп қара!Бұл сөзге Ескендір де қарай қалды,Таразыны құрдыртып, ортаға алды.Қанша алтынды күміс пен салса дағы,Бір кішкентай сүйекті аудармады.Мұны көріп Ескендір аң-таң қалды,Бар қаруын алтынға қоса салды.Енді қайтер екен деп қарап еді,Бұрынғыдан қу сүйек ауырланды.Аристотель хәкімге патша келді:- Мына сүйек қазынаның бәрін жеңді.Бұл сүйекті басарлық, нәрсе бар ма?Ақылыңмен ойланып тапшы! - деді.

  • Ғалым қандай шешім айтуы мүмкін деп ойлайсыз?
  • Сіздің ойыңызша, бұл жұмбақтың шешімі қандай болуы мүмкін? т.б.

Төртінші үзінді:

Хәкім жерден топырақ алып барды,Бір уыстап сүйекке шаша салды.Ана басы сылқ етіп жерге түсіп,Сүйек басы жоғары шығып қалды.Ескендір мұны көріп аз тұрады,Хәкімді аулақ жерге шақырады.- Таң қаларлық іс болды мұның өзі,Мәнісін айтып берші, - деп сұрады.- Бұл - адам көз сүйегі, - деді ханға.Тоя ма адам көзі мың мен санға?Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда.Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,Алған сайын дүниеге тоя ма екен?Қанша тірі жүрсе де, өлген күніӨзге көзбен бірдей-ақ болады екен.Ашуланба, ей, патшам, айтайын дат:Алтын қақпа бермеді сізге рұқсат.Сый сұрадың, бергені - бір қу сүйек,Мұны көріп,алыңыз сіз де ғибрат!Ойлап-ойлап патшаның мойны түсті,Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.Бекерлік екен менің бұл ісім деп,Қолын алып жұртына қайта көшті.Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,Мұны бір өзге сөздің бірі деме.Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,Тоймас кезің толар деп қайғы жеме.Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер,Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!Ұятың мен арыңды малға сатып,Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.Мақтанасың біреуге мақтасын деп,Шаужайымнан еш адам қақпасын деп,Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,Антұрғаннан құдайым сақтасын деп.Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,Бойыңа өлшеп сөйлесең,нең құрайды?Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!

  • Жұмбақтың шешімімен қаншалықты келісесіз? Себебі?
  • Шығарма туралы қандай пікір айтар едіңіз?
  • Қандай қорытынды ой түйдіңіз т.б.

Сабақтың

соңы

10 минут

Кластер әдісі

Сынып сабақтың басындағы кластер жұмысына қайта оралады, кластерді толықтырумен айналысады.

Тапсырма:

«Бүгінгі жастардың/адамзаттың бойында қандай құндылықтар болуы керек?» сұрағына берген жауаптарыңызды одан әрі толықтырыңыз.

  • Шығарманы оқығаннан кейін бүгінгі жастардың бойында тағы қандай құндылықтар болуы керек деп ойлайсыз?
  • Жалпы адамзаттың бойынан қандай құндылық/қасиеттерді көргіңіз келеді?
  • Құндылықтарды қалыптастырудың жолдары қандай? т.б.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу