Абай шығармашылығы. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.


 Лай суға май бітпес қой өткенге,

 Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.

 Сол қасқырша алақтап түк таппадым,

 Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?

 Берген бе тәңрім саған өзге туыс?

 Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс.

 Шарықтап шар тараптан көңіл сорлы

 Таппаған бір тиянақ неткен қуыс?

 Өзгені ақыл ойға қондырады,

 Біле алмай бір тәңріні болдырады.

 талып ұйықтап, көзіңді ашысымен,

 Талпынып тағы да ойлап зор қылады.

 Көңілге шек шүбәлі ой алмаймын,

 Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.

 Ақылдың жетпегені арман емес,

 Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын.

 Өмір жолы-тар соқпақ, бір иген жақ,

 Иілтіп екі басын ұстаған жақ.

 Имек жолда тиянақ тегістік жоқ,

 Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.

 

 

 

 

 Болыс болдым мінеки,

 бар малымды шығындап.

 Түйеде қом, атта жал,

 Қалмады елге тығындап.

 Сөйтсе-дағы елімді,

 Ұстай алмадым мығымдап.

 Күштілерім сөз айтса,

 бас изеймін шыбындап.

 Әлсіздің сөзін салғыртсып,

 Шала ұғамын қырындап.

 Сияз бар десе жүрегім

 Орнықпайды суылдап.

 Сыртқыларға сыр бермей,

 Құр күлемін жымыңдап.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу