Абай шығармашылығы. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Пән

әдебиет

Сабақ

Күні:

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

Абай шығармашылығы.

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері

Сабақ түрі

бекіту сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Бағалау критерийлері

- шығармалардың идеясына қатысты пікір білдіреді;

- эссе жазу құрылымын сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Эссе сипатындағы туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән

Әдеби эссе-көркем шығармаға қатысты, соған тән жазылым түрі. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды.

Жалпыадамзаттық құндылық-Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. 

Мектеп құндылықтары

Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді.

Осыған дейін меңгерілген білім

көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

7-10 минут

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады

Жазылымға дайындау

Сыныпқа жазылым тапсырмасы ұсынылады, тапсырма бойынша ой бөліседі. Бағалау критерийлері/дескрипторлары талқыланады.

  • Тапсырманы қаншалықты түсіндіңіз?
  • Не туралы жазу керек?
  • Жазылым форматы қандай?
  • Жалпыадамзаттық құндылықтар дегенді қалай түсінесіз?
  • Абай шығармалары қандай жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттайды деп ойлайсыз?
  • Адами құндылықтарды суреттеуде ақын қандай кейіпкерді мысал етеді?
  • «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде тілге тиек болатын жалпыадамзаттық құндылықтар қандай?
  • Абай шығармаларының бүгінгі біздің заманымыздағы маңызы қаншалықты?
  • Абай шығармаларын оқығаннан кейінгі сіздің ой -көзқарасыңыз? т.б.

Мұғалім түсіндірмесі «Эссе жазу»

  • Эссе түрлері: сипаттау эссесі, келісу-келіспеу эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе.
  • Эссе құрылымы: кіріспе бөлім, негізгі бөлім және қорытынды бөлім.
  • Кіріспе бөлім: оқырман назарын аудару сөйлемдері және тақырыптық, тезистік сөйлемдерден тұрады.
  • Негізгі бөлім: Абзацтардан құралады. Әр абзац аңдату, мазмұндау және қорыту сөйлемдерінен тұрады.
  • Қорытынды бөлім: негізгі бөлімде айтылған ой қорытылып жазылады.

таныстырылым

Сабақтың

ортасы

20 минут

Жазылым тапсырмасы

Ж

«Жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттаудағы Абай шығармаларының рөлі қаншалықты?»

Ұсынылған тақырыпта ???????? сөз көлемінде әдеби эссе жазыңыз.

Дескриптор:

1. Тақырыпты/тапсырма мазмұнын түсінетіндігі көрінеді;2. Эссе құрылымы сақталады (абзац);3. Грамматикалық бірліктер мен құрылымдардың дұрыс қолданады.

Сабақтың

соңы

10 минут

Жазылымнан кейінгі тапсырма

Ж

Оқушылар өзара жұмыспен алмасады. Алмаса отырып, ұсынылған критерийдің әр тармағы бойынша сыныптасының жұмысын «жұлдызшамен» (өте жақсы) немесе «леп белгісімен» (болашақта ескеру) бағалайды, кері байланыс береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу