Өлең - сөздің патшасы / Абай шығармашылығы. «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


Бөлім: Өлең - сөздің патшасы / Абай шығармашылығы. «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым».

10 сынып Т1

Сабақтың тақырыбы: «Абай шығармашылығы/ «Сабырсыз, арсыз еріншек», «Қалың елім қазағым, қайран жұртым»»

Оқыту мақсаты:

шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау

Бағалау критерийлері:

Өлеңдердегі авторлық идеяны анықтайды;;

өлеңдердегі автор идеясының өмір шындығымен байланысын айқындайды;

автор өмір сүрген заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырады

Абай Құнанбаев

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, 

Абай Құнанбаев

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, 

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Бет бергенде шырайың сондай жақсы,

 Кұдайдан ғана бұзылды сартша сыртың? 

Ұқпайсың өз сөзіңнен баска сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

 Өзімдікі дей алмай өз малынды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде — ұйқың. 

Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,

Бір күн тыртың етеді, бір күн — бұртың. 

Бас-басына би болған өңкей қиқым, 

Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын? 

Өздерінді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.

Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,

Оның да алған жоқ па құдай құлқын? 

Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,

 Сапырылды байлығың, баққан жылқың. 

Баста ми, қолда малға талас қылған,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.

Сабырсыз, арсыз, еріншек

Абай Құнанбаев

Сабырсыз, арсыз, еріншек,

Көрсеқызар жалмауыз,

Сорлы қазақ сол үшін

Алты бақан, алауыз.

Өзін - өзі күндейді,

Жақынын жалған міндейді,

Ол – арсыздық белгісі.

Ұятсынбай, ойланбай,

Қой дегенге тіл алмай,

Іс қылмай ма ол кісі?

Бір - ақ секіріп шығам деп,

Бір - ақ қарғып түсем деп,

Мертігеді, жатады.

Ұрлықпен мал табам деп,

Егессе ауыл шабам деп,

Сүйтіп құдай атады.

Тізбектелген әңгіме

Сөздер тізбегі:

1) сабыр, ар, қазақ, алты бақан, жақын, ұят, ұрлық

2) жақсы, жаман, тіл алмау, егесу, мертігу, ұқпау, аузымен орақт ору.

3) мал, би, бұзылу, құдай, ағайын, бірлік, шын пейіл.

Шың мен шыңырау

1-топ: көркемдік ерекшелік;

2-топ: замана бейнесі;

3-топ: ұлттық құндылықтар.

.

Тапсырма

Төмендегі сөздерді пайдаланып, кесте бойынша өз ойыңды білдір.

Тапсырма

Шығармада көтерілген мәселе, астарлы ойды ескере отырып, автор заманы мен өз заманыңызды салыстырып, өз көзқарасыңызбен көлемді зерттеу жұмысын жазыңыз. .

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

.

Рефлексия:

1. Қ (қиын) -

2. Қ (қызық) -

3. Қ (қажет) -



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу