Абай шығармашылығы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз, отыз үшінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
САБАҚ: | Мектеп: | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | Өлең – сөздің патшасы. Абай шығармашылығы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз, отыз үшінші қарасөз, | ||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | |||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Абай шығармашылығы. Он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз, отыз үшінші қарасөз, | ||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.2.4.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу ; | ||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар
Көптеген оқушылар
Кейбір оқушылар
| ||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Қара сөздерді түсініп оқиды Шығармадағы өзекті мәселелерді анықтайды Ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: қайрат, кәмелетке жету, ғибадат қылу, күнәкарлық, көрсеқызар, дененің патшасы, мал жұтайды, өнер жұтамайды, Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих | ||||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Академиялық адалдық: өзге адамдардың пікірі мен идеяларына деген құрмет, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау | ||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Алдыңғы біліммен байланыстыру: ЖЖ.«Түрлі –түсті хатқалта» арқылы мұғалім алдыңғы біліммен байланыс жасай алады. | ||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру: -оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; -сабақ мақсатымен таныстыру;
| Келесі қысқартуларды қолданыңыз: МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық МЖ = Мұғалім жасаған ӨД = өзге дерек көздері | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| «Сағат дос» әдісі Оқушыларға сағаттың суреті салынған парақша таратылады. Негізгі қажетті уақыт:12:00, 15:00, 18:00, 21:00. Кездесетін оқушыларын таңдап, бір-бірімен қажетті уақыттың бірінде кездесуге келіседі, кездесетін адамын сол уақыт тұсына жазып қояды. Бір уақытта бір оқушымен ғана кездесе алады, келесі уақытта ол оқушымен қайтадан кездесуге болмайды. ЖЖ. Мұғалім белгіленген уақытты айтқан кезде, оқушылар бір-бірімен жұптасады. Мұғалімнің қойған сұрақтарын жұпта талқылайды. Мұғалім әр уақытта жұпта талқыланатын сұрақтарды ауызша қоюына немесе тақтадан көрсетуіне болады. Қажет болса, қағаз қиындыларын пайдаланады. 1-сұрақ: Абай Құнанбайұлының он жетінші қарасөзінде қайрат, ақыл, жүректің дауын кім шешеді? Неліктен? 2-сұрақ: Ғылым неліктен жүректі таңдады? 3-сұрақ: Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу (ойлану, талдау), екіншісі - берік мұхафаза қылу (сақтау, қорғау). Абайдың осы пікірімен келісесіз бе? 4-сұрақ: «Мал жұтайды, өнер жұтамайды» - Абайдың осы пікірін шынайы өмірмен байланыстырып көр. 5- сұрақ: Отыз үшінші қарасөзінде Абай: «Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады»,-деген. Абай қандай кеселдер туралы айтып отыр? Кері байланыс: Тапсырманың бұл түрі сіздерге ұнады ма? Бұл тапсырманы орындауда біз неге қол жеткіздік? Неден ұтылдық? С Абайдың жүрек туралы пікірін оқып, жұбымен талқылайды. Пікірмен келісу-келіспеу себебін түсіндіреді. Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек - бұлар жүрек ісі. Асықтық та - жүрек ісі. Абай Құнанбаев Тапсырма: Абайдың жүрек туралы пікірін негізге алып, өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазу ұсынылады (жүрегімен сырласу). Оқушылар сағат тілімен жұмыстарын алмастырады. Жұмысына критерий бойынша баға береді.
| С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс Ж = жеке жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі К = мұғалімнің көрсетуі Ф = формативті бағалау Суреттер ғаламтор желісінен алынды. | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2-3 минут | Рефлексия: оқушы өзінің жасаған жұмысы бойынша рефлексия жасайды. Тақтаға қызыл, жасыл, сары түсті үлкен жүрек ілінеді. Оқушылар сабақтан түйгенін, түсінбеген тұсып, туындаған сұрағын стикерге жазып, түсіне сәйкес жапсырады. | ||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?