«Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


Дидактика №1

Топқа бөлу

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

Дидактика №2

Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторы бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ.

Романтикалық образ – әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі романтикалық образдың негізінде қиял жатады. Романтикалық образ өмірдегі болған немесе бар деректерден гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді. Сонау Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ пен Таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асан қайғыға дейін, романтикалық образдың небір ғажайып үлгілерін көруге болады..

Реалистік образ – әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шыншылдығында; бұл – кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип.

Эпикалық образ – кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілі әсіресе эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр-түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге, терең әрі жан-жақты танытуға мүмкіндік бар, кәдімгі тірі кісідей өзін көзбен көруге, қимылын бақылауға болатын, өскен ортасын күллі ой-қырымен байыптауға болатын күрделі, кесек қаһарман. Эпикалық образ – бедерлі бейне, әрі нақты, әрі қатты тұлға. Эпикалық образдың үлгісі ретінде Абайдай дананы дүниеге әкеліп, тәлім берген Құнанбайды атауға болады.

Лирикалық образ – сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі, ақынның мың иірім көңіл-күйінен – нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда, эпикалық образдағыдай, ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан-жақты ашылған адамның сыртқы кескін-кейпі де, қымқуыт шиеленісіп жатқан тағдыры немесе іс-әрекеті мен қимыл-харакеті де тұтасып көріне бермеуі мүмкін. Оның есесіне адамның аса терең әрі нәзік ашылатын ішкі сыры, мінез-құлқы, жан-тынысы айрықша әсем айшық табады. Эпикалық образ – нақты болса, лирикалық образ шартты.

Драмалық образ – эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында – сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне. Мұны кейде «сахналық бейне» деп те атай береді.. Жалғыз-ақ, драмалық образдың бір кемшін жері эпикалық не лирикалық образдар секілді кітап бетінде бар қасиетін сақтап қалып, мәңгі өмір сүре алмайды.

Дидактика №3

«Х/О» ойыны

Кейіпкер бойындағы ең маңызды мінез-құлықтың көрініс табу себептеріне талдау

Кейіпкер шешіміне қатысты пікір

Кейіпкерге қатысты автор пікірімен келісу немесе қарсы шығу

Кейіпкер төңірегіндегі мәселелердің туындау себептері мен шешіміне қатысты пікір

Кейіпкерге қатысты ең маңызды сюжет

Кейіпкер образының түрлері

Кейіпкерге қатысты көркемдегіш құралдарды қолданудағы автор мақсаты

Кейіпкерге қатысты сюжетке өзгеріс енгізу және оның себептері мен салдары

Заман , қоғам көрінісінің кейіпкерге кері әсеріне талдау

Кейіпкердің басқа кейіпкерге әсер еткен маңызды әрекетінің себеп -салдарын талдап, өзіндік пікір білдіру

Дидактика №4

Тапсырма 4

«ПОПС» формуласы

«Сол замандағы тарихи кезең біздің кейіпкердің қалыптасуына қалай әсер етті?»

Топ пікірлерін ПОПС формуласына салады.

Бірінші сөйлем «Біздің ойымызша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, біз оны былай түсіндіреміз … »

Үшінші сөйлем «Оны біз мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты біз мынадай қорытынды шешімге келдік .... ».

Дидактика №5

Дескриптор

Рубрикатор

Ж

Кейіпкер бойындағы ең маңызды мінез-құлықтың көрініс табу себептерін талдайды;

Кейіпкер шешімі мен автор пікіріне қатысты пікір білдіреді;

Кейіпкер төңірегіндегі мәселелерді талдап, маңызды сюжеттерін ұсынады;

Кейіпкер образына талдап, көркемдегіш құралдарды қолданудағы автор мақсатына талдау жасайды;

Кейіпкерге қатысты сюжетке өзгеріс енгізеді;

Заман , қоғам көрінісінің кейіпкерге кері әсерін талдайды;

Кейіпкердің басқа кейіпкерге әсер еткен маңызды әрекетінің себеп -салдарын талдап, өзіндік пікір білдіреді;

Дескриптор

Рубрикатор

Жоғары

Шығарма мазмұнына болжам жасайды

Кем дегенде 7 сөзді мағынасымен дұрыс сәйкестендіреді

Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды

Шығарма композициясы арқылы шығарма идеясын анықтап, 4 символ арқылы ұсынады

Дескриптор

Рубрикатор

Жоғары

Шығарма мазмұнына болжам жасайды

Кем дегенде 7 сөзді мағынасымен дұрыс сәйкестендіреді

Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды

Шығарма композициясы арқылы шығарма идеясын анықтап, 4 символ арқылы ұсынады

Дескриптор

Рубрикатор

Жоғары

Шығарма мазмұнына болжам жасайды

Кем дегенде 7 сөзді мағынасымен дұрыс сәйкестендіреді

Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды

Шығарма композициясы арқылы шығарма идеясын анықтап, 4 символ арқылы ұсынады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу