«Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.
Дидактика №1
Метафора – ауыстыру. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
- “Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер күн келеді жалаулатып”
- “Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?” (М.Мақатаев).
Метафоралау түрлері
Сөздерді метафоралау процесінде үш түрлі жағдайды байқауға болады.
- Бірінші жағдайда сөздің сыртқы белгісі алынады. Мысалы, кілт— есіктің кілті, мәселенің кілті; бастау — бұлақтың бастауы, шығармашылық бастау т. б.
- Екінші жағдайда метафора жасайтын сөздердің семантикасына, ішкі мазмұнына үңілуге тура келеді (түлкі — аң, айлакерлік белгісі; балшық — зат атауы, адам мінезіндегі ынжықтық т. б.).
- Метафоралаудың үшінші түрінде белгілі бір белгілер мен қасиеттердің басқа топтағы заттар мен құбылыстарға тән екендігі белгілі бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетеді. Мысалы, ұлиды деп қасқырды айтады, бірақ ақындардың шығармаларында жел ұлиды. Сол сияқты өткір сөзі қатты заттарға қатысты болатын (өткір ұстара), кейінгі кезде өткір мәселе тіркесі қолдынылып жүр.[4]
Метонимия ауыстыру, қайтадан атау. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету.
Метонимия қызметіндегі атаулар мынадай реттерде ауысып отырады:
- 1) бір табақ ет жеді (тамақ), сұйықтың орнына ыдыс атауының: табақ (бір табақ жеді);
- 2) заттың жасалатын материалының атауы: шыны (шыныға құйды - стаканға құйды, шөлмекке құйды);
- 3) тұрғындардың орнына қоныс атауы: ауыл (бүкіл ауыл жиналды - бүкіл ауыл тұрғындары жиналды);
- 4) қимылдың орнына қимыл нәтижесінің атауы: аялдама (автобус аялдамаға келді - автобус аялдайтын жерге келді);
Синекдоха метонимияға жақын, өйткені синекдоха да екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Мұның метонимиядан айырмасы мынада: метонимияда сандық айырмашылық болмайды; ал синекдохада сандық айырмашылық болады. Егер сан жағынан айырма болмаса, синекдоха болмайды. Синекдохада бір ұғымды екінші ұғымға ауыстырғанда: бірі — үлкен, екіншісі — кіші; бірі — жалпы, екіншісі — жалқы; бірі — бүтін, екіншісі — бөлшек болуы қажет. Әрине, үлкені — кішінің орнына қолданылғанда, мағынасы тараяды да, кішісі — үлкенінің, орнына қолданылса, мағынасы зораяды, кеңиді. Мысалы, Жүз бас қой, Жиырма тұяқ мал, Көп қол жұмысты өндіріп жібереді т. б
Әсірелеу , гипербола (грек, hyperbole - күшейту) - әдебиеттегі көркемдеу тәсілдерінің бірі, әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі. Әсірелеу - әдеби тілдің көркемдігін ғана емес, бейнелілігін, әсерлілігін арттырын, құбылтудың бір түрі. Көне эпостык жырларда, фольклорлық туындыларда жиі кездеседі. Мысалы:
"Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар" |
(мақал),
"Астындағы бурылдың, Жоғарғы ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп..." |
("Қобыланды батыр"). Әсірелеу ақын-жыршылар шығармаларында да жиі қолданылған.
Теңеу (орысша сравнение) – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Оның жасалу жолдары: -дай, -дей жұрнақтары арқылы, «секілді, сияқты» деген шылаулармен, «ұқсап, құсап» деген сөздер арқылы жасалады. Ақберен Елгезектің «Кешкі ода» атты өлеңінің мына шумағы тұтастай теңеуге құралған.
Қыр мұрының – таулардың сілеміндей,
Нұр-ғұмырың – баулардың тілегіндей.
Қарашы әне, майысқан аппақ гүлді,
Дәл өзіңнің нәп-нәзік білегіндей!Литота (немесе кішірейту — заттың не құбылыстың қасиетін кішірейте суреттейтін көркемдік құрал. Батырлар жырларында, өтірік өлеңдерде литота жиі қолданылған. Мысалы, "От орнындай тұяқтан, оймақтайы қалыпты" ("Ер Тарғын"). Литотаның мақсаты - тосын әсер туғызу. Мысалы, "Қайныма қарға мініп ұрын бардым" (өтірік өлең). Қазіргі қазақ әдебиетінде литота өтірік өлең айтысында қолданылып жүр.[1]
Мысалы:Етектейін ерінненЕкі елісі қалыпты.Қиған қамыс құлақтанБір тұтамы қалыпты.Жалбыраған жалынанЖалғыз қарыс қалыпты.Күлтеленген құйрықтанБір тұтамы қалыпты.
Эпитет немесе айқындау (грекше epitheton – қосымша) – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитет прозада да, поэзияда да кездеседі. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына бір мысалмен бергенді жөн көрдік. С. Мәуленовтің «Таңғы тыныштық» атты өлеңінің мына бір шумағынан эпитеттерді тауып көрейік.
Мөлдіреп тұнып ауа таңғы уақыт,
Дүние демін алып қалды жатып.
Жұлдыздар түнде тұрған қарауылға
Көз ілді ұйқы жеңіп балбыратып.
Келеді алтын сағат көтеріліп,
Бастауға кең әлемнің жұмыс күнін.
Ерекшеленіп берілген мына эпитетті тіркестер өлеңге өң береді.
Теңеу – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Оның жасалу жолдары: -дай, -дей жұрнақтары арқылы, «секілді, сияқты» деген шылаулармен, «ұқсап, құсап» деген сөздер арқылы жасалады. Ақберен Елгезектің «Кешкі ода» атты өлеңінің мына шумағы тұтастай теңеуге құралған.
Қыр мұрының – таулардың сілеміндей,
Нұр-ғұмырың – баулардың тілегіндей.
Қарашы әне, майысқан аппақ гүлді,
Дәл өзіңнің нәп-нәзік білегіндей!Фигура
1)арнау, 2) қайталау, 3) шендестіру (антитеза) 4)дамыту, 5) инверсия 6) элепсис.
Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айтуды қайталау деп атайды.Мысалы, «тап» деген сөзді өлеңнің әр жолдарында қайта-қайта айтады. Қайталағанда назарды сол сөзге тоқтатып, оқушының көңілін сол сөзге аудару үшін қолданады. Мұны жай қайталау дейді.
(грекше - anaphora - биіктеу, жоғары шығу). Қайталаудың екінші бір түрі анафора делінеді. Анафора деп өлеңніңәр жолы ылғи бір сөзден басталып отыруын айтады. Мысалы:
Бізде қару, бізде танк,
Бізде ұшқыш, самолет.
Біз - болатпыз, біз - күшпіз.
Бізде қайрат, бізде от,
Бізде план, программ,
Бізде құрал, бізде ұран,
Біздің елге бір елі,
Тұмсығын жау сұға алмас.
Өйткені біз беттесек,
Бұзбайтұғын қамал жоқ!
(Жақан)
сөз, сөз тіркесі жол (тармақ) аяғында қайталанады. Қайталаудың бұл түрін эпифора дейді.
Мысалы:
Мұнар да, мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн.
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн.
Бұлықсып жүрген ерлерден
Бұрынғы бақыт тайған күн т.б.
сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып қолдануды инверсия дейді.
Сен оларға айт: ақынтасыды де!
Тасытқан социализмғасыры де!
Ақындықтың бұлағыалып шықты
Жүректің түбіндегіасылын де!
Сөйлегендеалдыңғы ойдан соңғы ойды, соңғы оқиғаны күшейтіп айтуды дамыту - градация дейді. Мысалы:
Қиқу салып құзға ұшқан,
Құздан суық мұзға ұшқан,
Мұздан суық бұлтқа ұшқан,
Бұлттан биік көкке ұшқан
Қарулы қыран кім еді?
(Тайыр)
Сөйлем құрастыруда айтылуға тиісті кейбір сөздерді тастап жазуды эллипсис дейді. Бірақ тастап кеткен сөздің мағынасы оқушыға ап-анық тұрады. Эллипсис болу үшін сөйлемде не бір сөз, не бірнеше сөз жоқ болуы керек. Әйтсе де жоқ сөзді білуге болады.
Мысалы:
Кеп қалды... ойбай,кеп қалды,.. -
Дидактика №2
Дескриптор |
| ||||
Шығармадан метафора, эпитет, теңеу, гипербола, антитеза түрлерін анықтайды; | |||||
Көркемдегіш құралдардың қолданылу мақсатын талдап жазады; | |||||
Жұптық талдаудан соң, 4 толықтыру енгізеді; | |||||
Топтық талдаудан соң 4 толықтыру енгізеді; | |||||
Жетілдірілген жұмысын 9 жұпқа түсіндіреді. |
Дескриптор |
| ||||
Шығармадан метафора, эпитет, теңеу, гипербола, антитеза түрлерін анықтайды; | |||||
Көркемдегіш құралдардың қолданылу мақсатын талдап жазады; | |||||
Жұптық талдаудан соң, 4 толықтыру енгізеді; | |||||
Топтық талдаудан соң 4 толықтыру енгізеді; | |||||
Жетілдірілген жұмысын 9 жұпқа түсіндіреді. |
Дескриптор |
| ||||
Шығармадан метафора, эпитет, теңеу, гипербола, антитеза түрлерін анықтайды; | |||||
Көркемдегіш құралдардың қолданылу мақсатын талдап жазады; | |||||
Жұптық талдаудан соң, 4 толықтыру енгізеді; | |||||
Топтық талдаудан соң 4 толықтыру енгізеді; | |||||
Жетілдірілген жұмысын 9 жұпқа түсіндіреді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?