«Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.Мұнан менің қай жерім аяулы деп,Бірге тұрып қалады кім майданда?Ендігі жұрттың сөзі – ұрлық-қарлық,Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.Осы күнде, осы елде дәнеме жоқМейір қанып, мәз болып қуанарлық.Байлар да мал қызығын біле алмай жүр,Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр.Сабылтып, күнде ұрлатып, із жоғалтып,Ызаменен ыржиып күле алмай жүр.Саудагер тыныштық сауда қыла алмай жүр,Қолдан беріп, қор болып, ала алмай жүр.Ел аулақта күш айтқан, топта танған,Арсыз жұрттан көңілі тына алмай жүр.Естілер де ісіне қуанбай жүр,"Ел азды" деп надандар мұңаймай жүр.Ала жылан, аш бақа күпілдектер,Кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр. Бектікте біреу бекіп тұра алмай жүр, О дағы ұры-қарды тыя алмай жүр.Қарсылық күнде қылған телі-тентек,Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр.Қарындас қара жерге тыға алмай жүр,Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр.Құда-тамыр, дос-жаран, қатын-балаң – Олар да бір қалыпты бола алмай жүр.Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр,Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр.Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі,Не пайда, не залалды біле алмай жүр.Жетілтіп жаз жайлауға қона алмай жүр,Күз күзеу де жанжалсыз бола алмай жүр. Қыс қыстауың – қып-қызыл ол бір пәле,Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр. Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,Сұрамсақтар нәпсісін тыя алмай жүр.Сәлем – борыш, сөз – қулық болғаннан соң,Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?
1886-шы жылhttps://www.zharar.com/kz/olen/1177-dostyk.html
«Көңлім қайтты достан да, дұшпаннан да...» - Абайдың 1886 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 11 шумақтан тұрады. Қазақ сахарасында екіжақты езгінің мүлде шегіне жетіп, капиталистік сауда қатынастарының ене бастауына байланысты ескі мен жаңа арасындағы күрестің күшейіп, ру тартысының белең алған кезінде туған. Сол тұстағы сайлаулар барысында патша әкімдері мен іштен шыкқан атқамінерлердің әділетсіздігі, көрсеткен зорлық-зомбылығы қазақ елін қатты күйзелтті. Халқына төнген осы ауыр нәубет азамат Абайдың ыза-кегін күшейтіп, ақындық шабытына қамшы басқан. 40-тан асқан ақын бұл өлеңінде өз тағдырына сүйеніп бірсыпыра ойлар түйеді. Дос та, дұшпанда, алыс та, жақын да алдап кетті. Қолыңнан бірдеңе келетін кезде жеміңді көрген тауықтай айналшақтап жаныңнан шықпайтындар ақсаңқырап, қалпағың қисайған кезде бұлтты күнгі жоқ боп кететін көлеңкедей таптырмай зытты. Мұндайда қасыңда табан тіреп тұрып қалатындар аз болады екен. Саналы жан жоқ, жұрттың есіл-дерті ұрлық- қарлық. Елде сөзді ұғар, мейір түсер, көңіл қуанар ештеңе де, ешкім де қалмағанын айтады. Туындыда Абай сол тұстағы әр қилы ортаның, алуан түрлі адамдардың жай-күйін бақылап, олардың ішкі арман-аңсарына үңіліп, психологиялық сарындар танытады. Бәрінің де мүшкіл тіршілігін: малының қызығын көре алмай, оны ұрлап, із жоғалтып, әуре болып жүр десе, бірде саудагерлер де тыныштықпен саудасын жасай алмай, қолдан бергенін қайтаруға зар болып жүргенін көрсетеді. Енді бірде ел сырттан айтып, топта танған арсыздардан жай мезі болып жүр десе, тағы бірде надандар жұрттың азғанына мұңаймай жүр, күпілдектер ала жылан, аш бақа боп үлкендерден ұялмай жүр деп налиды. М. Әуезовтың айтуынша, Абай осы тұстан «халқының қалың көпшілігі - орташа шаруаның жоқшысы, жаршысы бола бастайды». Сондай-ақ біреулердің билікте табан тіреп тұра алмауы, ұры-қарының көбеюі, телі-тентектердің заң алдында сұралмауы, туған-туысқандардың бір-бірінің сөзін құп алмауы, құда, жекжат, дос-жаран, қатын-баланың бірқалыпта бола алмауы, жұрттың көбінің не пайдалы, не залал екенін біле алмауы, шаруаның не жаз жайлауда, не күз күзеуде, не қыстауда оңалмауы, жасы кішілердің үлкеннен ұялмауы, тіленшектердің нәпсісін тыя алмауы ақын назарын аударған. Сондықтан бұл өленді саяси лирикадағыдидактикалық сатира деуге болады. Бұл сорақы сұмдықтарды айтқанда Абай қайраткерлік қажыр танытып, азаматтық үнін естіртеді. Сол моральдық сорақылықтарға ем іздеуші ретінде көрінеді. Осыдан ақын «қалың елі - қазағының» қайраткері болып таныла бастайды. Өлеңнің бастапқы 3 шумағы-а, -а, -б, -а түрінде өзінше ұйқасқан да, қалған шумақтар жыр, толғау үлгісінде келетін шұбыртпалы бірақ ұйқаспен жазылған. Алғаш рет 1909ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең 1909 жылғы жинақ пен Мүрсейіт қолжазбаларын салыстыру негізінде 5-шумақтың 3-жолындағы «айтып» - «айтқан», 6-шумақтың 4-жолындағы «ұлықтан» - «үлкеннен», 7-шумақтың 2- жолындағы «тыя алмай» - «қыра алмай» деп алынып, ақынның кейінгі жинақтарына енгізіліп жүр. Туынды орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ, ұйғыр, татар тілдеріне аударылған. Ақынның бұл өлеңіне композитор С. Мұхамеджанов, Е. Рахмадиев, А. Ахметжанов ән-романстар жазған
«Қазақ қалпы»
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,Сахара көлге қонып салқындаған.Бір өртке қаудан шыққан душар болып,Не қалды тәнімізде шарпылмаған?!Алаштың адамының бәрі мәлім:Кім қалды таразыға тартылмаған?Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,Жақсылық өз басынан артылмаған.Тақылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.Бос белбеу, босаң туған бозбала кепКиіздей шала басып, қарпылмаған.Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп,Телміріп, бір тойғанын ар қылмаған.Ақ көңіл, алаң-бұлаң адамдар барЕсептеп азын көпке, аңқылдаған.Қайырсыз, неше сараң байлар да барҚайықтай толқындағы қалтылдаған.Бәрінен тыныш ұйықтап жатқандар көп,Ұмтылып талап ойлап талпынбаған.Солардың қатарында біз де жүрмізМәз болып құр түймеге жарқылдаған.Не пайда өнерің мен біліміңнен,Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған?Бұл бір сөз қасірет етіп, хатқа жазған,Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.Байға мал, оқығанға шен мақсұт боп,Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан.
А.Байтұрсынов
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды