Лай суға май бітпес қой өткенге. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.№2


Тапсырма №2

«Лай суға май бітпес қой өткенге» деген өлеңімен танысып, шығармамен толық танысып шыққаннан кейін «5 рөл» әдісі арқылы шығарманы талдаңыздар:

Талқылаушы-шығармадағы көтерілген мәселені анықтайды.

Белгілеуші-шығарма желісіндегі ұлттық мүдде көрінісін белгілейді.

Байланыстырушы- көтерілген мәселені ұлттық мүдде тұрғысымен байланыстырады.

Топ шешені-шығармада көтерілген мәселеге байланысты мақал-мәтел айтады.

Қорытындылаушы- автордың негізгі идеясын қорытындылайды.

Бағалау критерийлері:

  • шығармадағы көтерілген мәселені анықтайды.
  • шығарма желісіндегі ұлттық мүдде көрінісін белгілейді.
  • көтерілген мәселені ұлттық мүдде тұрғысымен байланыстырады.
  • шығармада көтерілген мәселеге байланысты мақал-мәтел айтады.

Лай суға май бітпес қой өткенге,

Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге

Сол қасқырша алақтап түк таппадым,

Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?

Берген бе тәңірім саған өзге туыс?

Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс

Шарықтап шартараптан көңіл сорлы

Таппаған бір тиянақ не еткен қуыс?

Күні-түні бойымда бір-ақ тәңрі

Өзіңе құмар қылған оның өмірі.

Халлаққам[1] мақлұқ ақылы жете алмайды,

Оймен білген нәрсенің бәрі – дәһрі[2]

Өзгені ақыл ойға қондырады.

Біле алмай бір тәңріні болдырады

Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен,

Талпынып тағы да ойлап зор қылады.

Көңілге шек шүбәлі ой алмаймын.

Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.

Ақылдың жетпегені арман емес

Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын

Мекен берген, халық қылған ол лә мәкан[3]

Түп иесін кексемей бола ма екен?

Және оған қайпақсың, оны ойламай,

Өзге мақсат ақылға қона ма екен?

Өмір жолы – тар соқпақ, бір иген жақ,

Иіліп, екі басын ұстаған хақ.

Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ.

Құлап кетпе тура шық, көзіне бақ.

Мағынасы:

1жаратушы

2 дінсіз

3 мекенсіз орынсыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу