Лай суға май бітпес қой өткенге. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: қазақ әдебиеті | Мектеп: НЗМ | ||||||||||||
Мерзімі: | Оқытушы аты-жөні: | ||||||||||||
СЫНЫП: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: 0 | |||||||||||
Сабақтың оқу мақсаттары | 10.1.2.1 - әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңіндегі көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Өлеңдегі көтерілген мәселені түсінеді; Мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексикология мен терминология: Шартарап, тәңрі, халлаққам, дәһрі, мәкән, тар соқпақ, иген жақ Диалог пен айтылымға арналған тіркестер: • Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... » • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » • Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану | ||||||||||||
Алдыңғы білім | Бұл бөлімде оқушылар 9-сыныпта меңгерген тілдік дағдыларын одан әрі дамытады. | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспар ланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дерек көздері | |||||||||||
Сабақтың басы 7 минут | Тапсырма №1. «Ой қозғау» әдісі арқылы Абай Құнанбаев сөзінен үзінді беріледі. Төмендегі сауалдар қойылып, жұбымен бірге талқылау сұралады:ЖЖ
болса қазақтың қай қылығын қостап, оны жақсы көрмекпін немесе нендей қылықтарынан жиреніп, оны жек керуім керек» деген тіркестің астарында автор қандай мүдде көрініс тауып отыр?
Қандай өзекті мәселелерді шығармасына арқау етті? Автор осы арқылы нені көздеді? Сауалдар талқыланғаннан кейін сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері белгіленеді. | ||||||||||||
20 минут 10 минут | Тапсырма №2. Оқушыларға «Лай суға май бітпес қой өткенге» деген өлеңінің мәтіні таратылады. Шығармамен толық танысып шыққаннан кейін «5 рөл» әдісі арқылы шығарманы талдайды:ТЖ Талқылаушы-шығармадағы көтерілген мәселені анықтайды. Белгілеуші-шығарма желісіндегі ұлттық мүдде көрінісін белгілейді. Байланыстырушы- көтерілген мәселені ұлттық мүдде тұрғысымен байланыстырады. Топ шешені-шығармада көтерілген мәселеге байланысты мақал-мәтел айтады. Қорытындылаушы- автордың негізгі идеясын қорытындылайды. Бағалау критерийлеріне сай бағалау жүргізіледі:
Тапсырма №3. «Пікірлер салоны» әдісі арқылы М.Әуезовтың пікіріне шығармадан дәлел келтіре отырып көзқарас танытады.Ж Тапсырма: «Қараңғылық шырмауына шатылған елдің надандығына ыза болған ақын жан наласына сырын қапысыз қабылдар, айтса түсінер, ақылдасса ой бөлісер сүйікті ұлынан айрылу қайғысы қосылып, «берген бе тәңірім саған өзге туыс» деп мұңданады, ақын көңіл жайлауынан ел көшкендей болып құлазиды. Мағынасыз «бос қуыстай» дүниеден уақап таппай, «бір-ақ уыс» болып отырған ақын дінге иек артады. Қошы жоқ құлазыған көңіл күйін ғажап шыншылдық суретпен бейнелеп, шарасыз халін «халық», «махлүқ», «дәһрі», «ләмәкан» сияқты діни лексикамен бедерлейді. «Содан ары созерцание ретіндегі ойларын тере келіп, ақын өзінің наным женін толғайды. Болып еткен ауыр қазаларға жоғарыда танылмаған кейбір түңілу сарындары қосылып келіп, ыза мен қазадантуған бір алуан діншілдік ойлар, күйлер шығады» деген М.Әуезовтің пікіріне өз пікіріңізді шығармадан дәлелдер келтіре отырып білдіріңіз. Бағалау критерийлеріне сай бағалау жүргізіледі:
| ||||||||||||
3 минут | «Сэндвич» әдісі бойынша кері байланыс алынады:
| ||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? | Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі. АКТ байланыстары. Құндылықтар байланыстары. | |||||||||||
Қорытындылау Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қалай болды? Менің жұмысым жоспарлы болды ма? Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба? Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге? |
| ||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)? 1: 2: Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?