Абай Құнанбаев он жетінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 3-сабақ.


Тапсырма №2. А.К. Рахимжанованың Абайдың қарасөздері туралы зерттеу мақаласымен танысыңыздар.

Абайдың «Қара сөздері» - терең пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, философиялық және психологиялық ойларға толы, тіршілік түйткілдерін дәл болжай білген құнды мұра. Онда айтылған даналық ойларды жыл сайын оқысақ та, қайта-қайта оқысақ та зерікпейміз. Әр оқыған сайын көңілдегі көп сұраққа жауап алып, жаңа ой түйіндеп, басқаша тұжырым жасаймыз. Оның қара сөздерінің басты тақырыбы – адам, жеке тұлға, ал басты мақсаты - адам тәрбиесі. Адам болғанда да, адамдар үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген адам. Абайша айтқанда, «толық адам». Ол «нағыз адам», «толық адам» қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі өзінің қара сөздерінде соған жауап береді. Ол адамды жан-жақты қарастырып, мінезін, өзін-өзі тануын, адамды жат қылықтардан аулақ болуға шақырып, керісінше, психология пәнінің зерттеу нысаны болып табылатын жоғары сезімдерге: махаббат пен парыз, борыш сезімдеріне тәрбиелейді. Ақын: «үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» [17-ші сөзі] деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. Сондықтан Абайды таныту ісінде психологияның сезінер жауапкершілігі де, қосар үлесі де ерекше. Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да, оның қара сөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты көңіл аударарлық түрлі ой-пікірлерді табуға болады. Ойшыл-ақынның ғақлия сөздерінде жалпы психологияның – жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, еңбек психологиясы, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де (адамның жеке басына және жасына байланысты ерекшеліктері, өзін-өзі тану мен таным процестері жайлы, ұлттық мінез-құлық т.б.) көрініс тапқан. Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. «Мен адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ...» [17-ші сөзі]. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс - әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс - әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты, яғни «Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады...» [17-ші сөзі] деп адамдарды ішкі жан дүниесі мен жүрегін таза ұстауға үйретеді Абай. [3]. Сонымен, жетілудің негізі – жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз. Абай өз қара сөздерінде жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді. Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай.

Мақаланы және қарасөзді пайдалана отырып, төмендегідей талдау жұмысын орындаңыз:

көтерілген мәселе

жаңашылдығы

Сыни баға



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу