Абай Құнанбаев он жетінші қарасөз. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.
САБАҚ: қазақ әдебиеті | Мектеп: НЗМ | ||||||||||||||
Мерзімі: | Оқытушы аты-жөні: | ||||||||||||||
СЫНЫП: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: 0 | |||||||||||||
Сабақтың оқу мақсаттары | 10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру; | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Абайдың 17 қарасөзінде көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға бере алады. | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану | ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексикология мен терминология: Хұзир хасил, бахас көңіл, хисрлану, хақ, хұсідшілік, ижтиһат, зинһар Диалог пен айтылымға арналған тіркестер: • Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... » • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » • Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім | ||||||||||||||
Алдыңғы білім | Бұл бөлімде оқушылар 9-сыныпта меңгерген тілдік дағдыларын одан әрі дамытады. | ||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||
Жоспар ланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дерек көздері | |||||||||||||
Сабақтың басы 7 минут | «Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы жүректің, ақылдың, қайраттың суреттері ілінеді. Оқушылар суреттерді көргендегі алғашқы ойларымен бөліседі. СЖ Топқа бөліну жүргізіледі: Қайрат, ақыл, жүрек топтары Тапсырма №1. «Ойлан-жұптас-талқыла» әдісі арқылы төмендегі сауалдарды талқылайды:ЖЖ
жылы жүрек бір кісіден табылса, онда ол «қасиетті адам» болмақ» деп автор қандай мәселені көтеріп отыр? «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, – деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам – сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым» деген автордың идеясының жаңашылдығы неде деп білесіздер? | ||||||||||||||
20 минут 10 минут | Тапсырма №2. Оқушыларға А.К. Рахимжанованың Абайдың қарасөздері туралы зерттеу мақаласынан 17 қарасөзге қатысты үзінді таратылады. ТЖ
Мақаланы және қарасөзді пайдалана отырып, оқушылар төмендегідей талдау жұмысын орындайды:
Топтар жұмыстарын қорғайды. Бағалау критерийлеріне сай бағалау жүргізіледі.
Тапсырма №3. «Сұрақты ұстап ал» әдісі бойынша оқушыларға төмендегідей сауал қойылады: Н. Назарбаевтың «Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де халқымыздың Абайға деген көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі – бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді»,- деп бағалауының сыры неде? 17 қарасөзден мысал келтіру арқылы жауап беріңіз.
| ||||||||||||||
3 минут | Кері байланыс алынады. 3-2-1 әдісі арқылы кері байланыс алынады. 3 маңызды ақпарат 2 күдік тудырған мәселе 1 туындаған сұрақ | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||
Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? | Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі. АКТ байланыстары. Құндылықтар байланыстары. | |||||||||||||
Қорытындылау Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қалай болды? Менің жұмысым жоспарлы болды ма? Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба? Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге? |
| ||||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)? 1: 2: Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?