Абай Құнанбаев «Қалың елім қазағым, қайран жұртым». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 1-сабақ.
БӨЛІМ: Өлең – сөздің патшасы
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «Қалың елім қазағым, қайран жұртым»
ОҚУ МАҚСАТЫ: 10.2.2.1 Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:
Шығармадағы авторлық идеяны айқындайды;
Авторлық идея мен өмір шындығын байланыстыра отырып, талдайды;
«ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ, ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ...» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 30 жол. Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де күрделі ойлар шерлі жүректен шамырқанып, толқып шыққан. Үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақын үні бірде айбарлы, бірде кекті, бірде мұңлы. Қазақ халқын бөлмей-жармай, түгел қамтып, тұтас шолып, баршасына бағыштап айтылған өлеңнің әлеуметтік салмағы орасан зор. Ақын алдымен көз алдыңызға мұрты аузына түскен, бір ұрты май, бір ұрты қан, алғашқыда шырайы сартша жылтырап тұрған қазақтың кескінін алып келеді. Осыдан кейін барып оның ішкі әлемін, мінез ерекшеліктерін айқындап аша бастайды.
Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісінде жазылған. Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.
Өлеңді оқи отырып, Абай тілінің сөздігін жасайды:
Тыртың- қолдан келмейтін тыраштанған іс-әрекет
Қиқым- Бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы
Ырық- өз қалауы, еркі
Сиық- түр-тұрпат, көрік, түр-сұрық
Қырт, қыртың- көп сөйлеу, мылжың
Шырық- берекені алу, мазалау
1 тапсырма. Жеке жұмыс.
Өлеңнің тақырыбына, идеясына және құрылысына талдау жасайды:
Өлеңнің тақырыбы:
Өлеңнің идеясы:
Өлеңнің қысқаша мазмұны:
Әр тармақтағы буын саны –
2. Әр тармақтағы бунақ саны -
3. Шумақтағы тармақ саны –
4. Өлеңдегі тармақ саны -
5. Ұйқасы –
6. Анықтамасы -
2 – тапсырма. Жұптық жұмыс.
Әр жұпқа төмендегі кесте таратылады.(үзінділерден мысал келтіре отырып, талдау)
Дескриптор:
Авторлық идея мен өмір шындығын байланыстыра отырып, талдай алады.
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?