Абай Құнанбаев «Қалың елім қазағым, қайран жұртым». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

«Келісілді»

Әдістемелік бірлестік жетекшісі:

Мектеп:

Күні:

Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Бөлім: Өлең – сөздің патшасы

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев «Қалың елім қазағым, қайран жұртым»

Оқу мақсаттары

10.2.2.1 Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау

 Сабақтың мақсаты

«Қалың елім қазағым, қайран жұртым» өлеңін талдай отырып, авторлық идея мен өмір шындығын айқындайды.

 Бағалау критерийлері

  • Шығармадағы авторлық идеяны айқындайды;
  • Авторлық идея мен өмір шындығын байланыстыра отырып, талдайды;

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

сюжеттік талдау, авторлық идея,өмір шындығы, қалың елім, қайран жұртым

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің ойымша.....

Ережеге сай...

Тарихи деректерге сүйенсек...

 Пәнаралық байланыс

Әдебиет теориясы, қазақ тілі

 Алдыңғы білім

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы, Абай өлеңдерін қайталау

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

(Әр кезеңнің уақытын көрсету)

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

5 мин

Ой шақыру. Жаңа сабаққа жетелеу сұрақтары:− Абайдың шығармашылығы туралы не білесіздер?− Абай өмір сүрген кезеңге сипаттама беріңіз?

Тақтада Абай Құнанбаевтың «Қалың елім, қазағым қайран жұртым» өлеңін бейнежазба арқылы тыңдатылады.

-Өлең не туралы?

-Өлеңнің идеясы неде? сынып оқушыларынан жалпы сұралынады

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

Мақсат қою

5 мин

Оқушыларға сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, күтілетін нәтижені түсіндіріледі

Жаңа материалды игеру

5 мин

5 мин

7 мин

8 мин

1-қадам. Мұғалім өлеңнің қысқаша мазмұнына тоқталып кетеді.

«ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ, ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ...» - Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Көлемі 30 жол. Бұл шығармада тұтас халыққа арнап айтылған терең де күрделі ойлар шерлі жүректен шамырқанып, толқып шыққан. Үлкен адамгершілік, қайраткерлік, оқымыстылық биікке көтерілген ақын үні бірде айбарлы, бірде кекті, бірде мұңлы. Қазақ халқын бөлмей-жармай, түгел қамтып, тұтас шолып, баршасына бағыштап айтылған өлеңнің әлеуметтік салмағы орасан зор. Ақын алдымен көз алдыңызға мұрты аузына түскен, бір ұрты май, бір ұрты қан, алғашқыда шырайы сартша жылтырап тұрған қазақтың кескінін алып келеді. Осыдан кейін барып оның ішкі әлемін, мінез ерекшеліктерін айқындап аша бастайды.

Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасы үлгісінде жазылған. Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, татар, түрікмен, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.

Жеке жұмыс. Сынып оқушыларына өлең таратылады. Өлеңді оқи отырып, Абай тілінің сөздігін жасайды:

Тыртың-қолдан келмейтін тыраштанған іс-әрекет

Қиқым- Бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы

Ырық-өз қалауы, еркі

Сиық-түр-тұрпат, көрік, түр-сұрық

Қырт, қыртың-көп сөйлеу, мылжың

Шырық- берекені алу, мазалау

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Бет бергенде шырайың сондай жақсы,

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың.

Көрсе қызар келеді байлауы жоқ,

Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.

Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,

Оның да алған жоқ па құдай құлқын?

Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,

Сапырылды байлығың, баққан жылқың.

Баста ми, қолда малға талас қылған,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.

Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,

Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?

Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,

Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?

Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,

Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.

Ұғындырар кісіге кез келгенде,

Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?

1 тапсырма. Жеке жұмыс.

Өлеңнің тақырыбына, идеясына және құрылысына талдау жасайды:

Өлеңнің тақырыбы:

Өлеңнің идеясы:

Өлеңнің қысқаша мазмұны:

1. Әр тармақтағы буын саны - 11-12

2. Әр тармақтағы бунақ саны - 3

3. Шумақтағы тармақ саны - өлең тармаққа бөлінбеген, жыр үлгісінде

жазылған

4. Өлеңдегі тармақ саны - 30

5. Ұйқасы – аралас ұйқас ААВА

6. Анықтамасы - Тармақтары 11-12 буыннан, 3бунақтан, 30 тармақтан тұратын аралас ұйқаспен жазылған өлең.

Дескриптор:

  • Өлеңнің идеясына және құрылысына талдау жасай алады.

2 тапсырма. Жұптық жұмыс.

Әр жұпқа төмендегі кесте таратылады.(үзінділерден мысал келтіре отырып, талдау)

Авторлық идея

Өмір шындығы

Менің пікірім

Дескриптор:

  • Авторлық идея мен өмір шындығын байланыстыра отырып, талдай алады.

Таратпа материалдары

Рефлексия

5 мин

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Үй тапсырмасы

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін жаттау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  • Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?
  • Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?
  • Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?
  • Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?
  • Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу