Өлең - сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 1-сабақ.
Тыңдалым алды тапсырма:
• Ескендір деген кім?
• Поэма деген не?
• Македония, Филипп патша деген сөздер сендерге қандай ой тастайды, қайдан естідіңдер?
• Нәзирагөйлік дәстүрі деген не?
Поэма – эпостықЭпос жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.
Поэма көбіне сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді
Ескендір Зұлқарнайын немесе ІІІ Ұлы Александр (б.з.б. 356 ж.шБ.з.б. 356 ж. (мұндай бет жоқ).-10 маусым б.з.б. 323 ж.шБ.з.б. 323 ж. (мұндай бет жоқ).) — Аргеадтар (Теменидтер) әулетінен шыққан б.з.б. 336 жылданБ.з.б. 336 жыл (мұндай бет жоқ) бастап Ежелгі МакедонияныңЕжелгі Македония патшасы, әлемдік державаның басшысы, адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі.
Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македониялық» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты.
Осы Зұлқарнайын, яғни Македониялық патша да қазақ даласын жаулап алуға құмар болған көрінеді. Ол қол астындағы жауынгерлерге қарағанда әлденеше есе көп әскері бар Дарий патшаны күйрете жеңген соң өзі жаулап алған жерлердің көбінде қала тұрғызып, грек-эллин мәдениетін енгізе бастайды.
Македония Республикасы – Еуропаның оңтүстігінде, Балқан түбегіндеБалқан түбегі орналасқан мемлекет. Жер аумағы 25,7 мың км². Халқының саны 2 млн-нан асады (2001). Астанасы – СкопьеСкопье қаласы. Ресми тілі – македон тіліМакедон тілі (мұндай бет жоқ). Халықтың 65%-ын македондықтар, қалған бөлігін албандарАлбандар, түріктерТүріктер, цығандарЦығандар (мұндай бет жоқ), сербтерСербтер мен босниялықтарБосниялықтар құрайды. Діни сенімі бойынша халықтың басым бөлігі —христиан-православтарХристиан-православтар (мұндай бет жоқ), қалғандары – мұсылмандаpМұсылмандаp (мұндай бет жоқ). Әкімшілік жағынан 30 ауданға бөлінеді. Конституциясы бойынша елді президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Македония 1993 жылдан БҰҰБҰҰ-ға, 1995 жылдан НАТОNATO мен ЕуроЕуро одақ Еуро одақодаққаЕуро одақ мүше. Ақша бірлігі – денарДенар (мұндай бет жоқ).
Филипп II (382Б. з. д. 382 жыл—336 б. з. б. жжБ. з. д. 336 жыл) – Б. з. д. 359 жылБ. з. д. 359 жыл басқарған ежелгі Македония патшасы, ЕуропаЕуропа жұрты Александр МакедонскийАлександр Македонский деп атап кеткен Ескендірдің әкесі. Ф. ірі мемл. қайраткері, қолбасшы әрі дипломат болған. МакедонияныМакедония біртұтас мемлекетке біріктірген. Парсыларға қарсы соғыста өлген. Одан соң патшалық таққа 20 жасар баласы Ескендір ЗұлқарнайынЕскендір Зұлқарнайын отырған. Өткен тарихты жетік білген Абай өзінің «Ескендір»Ескендір (мұндай бет жоқ) дастанында бұл туралы «Филипп елді, Ескендір патша болды» деген дерек келтіреді.
Нәзира нәзирагөйлік (араб тілінен – жауап, ұқсату мағынасында) – Шығыс поэзиясында орта ғасырларда қалыптасқан әдеби үрдіс. Бір ақын жырлаған тақырыпты кейін басқа ақынның қайта жырлауы немесе алғашқы шығармаға екіншінің «жауап» қатуы. Бұл орайда бастапқы туындының сюжеті, кейіпкерлері, өлең ырғағы, ұйқасы, көркемдеу құралдары пайдаланылады.
Сабақтың тақырыбы
Өлең - сөздің патшасы
Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасының сюжеттік-композициялық құрылысын талдау жасай отырып, тақырыбы мен идеясын ашады.
Бағалау критерийі:
берілген тақырып шеңберінде жеке көзқарастарын білдіре алады;
креативті ойларымен талқылауға белсенді қатысады;
ақпарат алмасу кезінде еркін сөйлейді.
Әдеби-теориялық ұғым
Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалар тізбесі, оқиғаның тұтас желісі.
Композиция (лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма) – көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция – құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым.
«Ескендір» поэмасының қысқаша мазмұнымен танысады.
ЖЖ. « Ескендір» поэмасын композициялық құрылымына талдау
1.Оқиғаның басталуы.
2.Оқиғаның байланысы
3.Оқиғаның шиеленісуі
4.Оқиғаның шарықтау шегі
5.Оқиғаның шешімі
Шығарманың композициялық құрылысы
1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.
2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім - талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
3. Шиеленісуі. Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый.
4. Шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.
5. Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы:
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
«Ыстық орындық»
«Ыстық орындыққа» оқушылар белгілі бір рөлді таңдап отырады, мысалы, Ескендір патша. Оқушылар мәтін мазмұнына сай, Ескендір патшаға сұрақтар қояды.
1. Неліктен сіз көрші жатқан бейбіт елді шапқанды ұнатасыз?
Бағалау
Дескриптор:
суреттерге қарап шығарманың мазмұнын болжайды;
сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды;
берілген тақырып шеңберінде жеке көзқарастарын білдіре алады;
креативті ойларымен талқылауға белсенді қатысады;
ақпарат алмасу кезінде еркін сөйлейді.
«Төрт сөйлем» тәсілі
1. Пікір. Поэмада көтерілген негізгі мәселе/ сабақта жасалған әрекеттер бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып/мәселе бойынша қорытынды шығарады.
Рефлексия
«Тазалық» ойыны
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?